Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізіліміне енгізілген Қр бғм бғсбк 30. 05. 2013 ж



Pdf көрінісі
бет26/28
Дата31.03.2017
өлшемі4,18 Mb.
#10930
түріДиссертация
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

197
Трибуна молодого ученого
Қорыта келгенде, осы саладағы мамандардың 
ұстанымдарын 
ғылыми-теориялық 
және 
тәжірибелік  талдау  нәтижесінде  казақстандық 
заңамашының  күш  жүгерінің  сапалығын 
жоғарыда  аталып  кеткен  жасырын  тергеу 
әрекеттері  мен  дәлелдеу  процесінің  ішкі  істер 
органдарының тәжірибелік бөліністерінде заңды 
да толық жүзеге асырылуы көрсетеді. 
Сонымен  қоса,  зерттелетін  танымдық 
құралдарын  анализдеу  кезінде  қылмыстық 
процестік  доктринасының  басқа  да  өкілдері 
айтылған  жаңашылық  жүйесі  туралы  әр  түрлі 
сапалы  пікірлер  мен  тұжырымдамаларға  келуі 
ықтимал, тіптен осы жедел-іздестірудің сипаты 
мен  процессуалдық  танымдық  күштердің 
әдістемелік үйлеспейтінділігі туралы зілді және 
бұлтартпайтын дәлел табуы мүмкін.  
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі 
Заңы.
2.  Филимонов  Б.А.  Основы  теории  доказательств  в  германском  уголовном  процессе.  -  М.: 
«Спарк», 1994. - 157с. - С.155-156.
3.  С.  Абиш  «Негласные  следственные  действия  и  их  соотношение  с  оперативно-розыскной 
деятельностью» // Предупреждение преступности.-2012. - №2. - С. 55.
4. Ожегов С.И., Шведова Н.Ю. Толковый словарь русского языка [Текст]. 2-е изд., испр. и доп. 
М., – 1995. – 621 с.], – Режим доступу: http://poiskslov.com/word]. 
5. Ефремова Т.Ф. Новый словарь русского языка. Толково-словообразовательный. – М.: Русский 
язык, – 2000 [Электронный ресурс] — Режим доступу: http://www.efremova.info/word/neglasnost.html
6. См.: Гинзбург А.Я. Читая Проект Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан. 
О так называемых «негласных следственных действиях». Глава 31 Проекта УПК РК (от 28 февраля 
2013 г.) (в порядке обсуждения) // http://www.zakon.kz/ Право. Аналитика. 26 марта 2013 года
7.  А.Н.  Ахпанов,  «Конструктивно-критический  под  ход  к  проекту  новой  редакции  УПК 
Республики Казахстан» // Право и государство, № 3 (60), 2013.
8.  Нургалиев  Б.М.,  Лакбаев  К.С.,  Кусаинова  А.К.  Казахстанский  уголовный  процесс:  вчера, 
сегодня, завтра // Концепт. – 2014. – №04 (апрель).
9.  Толеубекова  Б.Х.  Система  следственных  действий  по  проекту  новой  редакции  уголовно-
процессуального кодекса Республики Казахстан» // сборник Международная научно-практическая 
конференция «Современные взгляды на систему права» (20 апреля 2013 г.) г. Москва – 2013. - с.13.
10.  Банчук А. «Начало досудебного расследования и негласные следственные действия в новом 
УПК Республики Казахстан: международные стандарты и практика их применения» // Настоящее 
заключение подготовлено Центром исследования правовой политикой при технической поддержке 
Open Society Foundation. Мнения и взгляды, содержащиеся в заключении, не отражают точку зрения 
Open Society Foundation.
11.  Уваров  В.,  Система  негласных  следственных  (розыскных)  действий  по  УПК  Украины 
(«Законность», 2013, N 11).
12. Михайлов М.А. Негласная деятельность следователя: размышления о новациях УПК Украины 
2012 г. // Воронежские криминалистические чтения: сб. науч. трудов. Вып. 15 / Под ред. О.Я. Баева. 
Воронеж: Изд-во Воронеж. гос.ун-та, 2013.-364 с. - С. 220-226.
13. Грушевый Ю.М. Шляхи вдосконалення судоустрою та судочинства Украини / Ю.М. Грошевый 
// науковий висник Днипропетровського державного университету внутриншних справ.- 2009.-№4.-
С.193-203
14. Погорецький М.А. Негласні слідчі (розшукові) дії: проблеми провадження та використання 
результатів у доказуванні // Юрид. часопис Нац. акад. внутр. справ. – К., 2013. – № 1. – С. 270-277.

№4 (40) 2015 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
198
Осы мақалада жасырын тергеу әрекеттерінің құқықтық реттелу мәселелері қарастырылған.
Түйін  сөздер:  жасырын,  жасырын  тергеу  әрекеттері,  жедел-іздестіру  қызметі,  институт, 
анализ, құқықтық реттеу.
В данной статье рассматриваются вопросы правового регулирования негласных следственных 
действий. 
Ключевые  слова:  негласный,  негласное  следственное  действие,  оперативно-розыскная 
деятельность, институт, анализ, правовое регулирование.
This article deals with the legal regulation of covert investigative actions.
Keywords: covert, cover investigative actions, operative-investigation activity, institute, analysis, legal 
regulation.
Айгерім Мардатайқызы Матышова,
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы-
ның докторанты
Жасырын тергеу әрекеттерінің құқықтық реттелу мәселелері
Матышова Айгерим Мардатаевна, 
докторант Карагандинской академии МВД РК им. Б. Бейсенова
Вопросы правового регулирования негласных следственных действий
Matyshova Aigerim Mardataevna,
PhD student Karagandy Academy of MIA of the Republic of Kazakhstan named after B. Beysenov 
Karaganda, Kazakhstan
Questions of legal regulation of covert investigative actions
● ● ● ● ●

199
Трибуна молодого ученого
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ 
ОБЪЕКТИВТІК БЕЛГІЛЕРІ
Тәжібаев Бауржан Нартбайұлы,
Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы 
PhD докторантурасының докторанты, 
құқық магистры, полиция капитаны 
Қазіргі  кезде  халыққа  медициналық  қызмет 
көрсету саласында қылмыстық жауапкершілікке 
тартылу мәселесі мен медицина қызметкерлерінің 
жауапкершілігін  қарастыратын  Қылмыстық 
кодекстің  нормаларын  игеруге  көп  көңіл 
бөлінуде. Бұл Қазақстан Республикасының 2014 
жылғы жаңа Қылмыстық кодексінде өз көрінісін 
тапты,  алғаш  рет  ТМД-да  «Медициналық 
қылмыстық құқық бұзушылық» туралы 317-323-
ші баптардан тұратын арнайы 12-тарау бөлінді. 
Қылмыстарды өзара топтарға біріктіру үшін 
қылмыстың  құрамындағы  барлық  элементтер-
ден  біртұтастылықты  табу  қажет.  Бұл  қарас-
тырылып  отырған  қоғамға  қауіпті  іс-әрекет 
пен  оның  құқыққа  қайшы  қызметінің  өзіндік 
субъектісі болып табылады. 
Қылмыстың  құрамындағы  аталған  элемент-
тердің  біртұтастығы  халыққа  медициналық 
қызмет  көрсету  саласындағы  қылмысты 
топтастыруға мүмкіндік береді. 
Қылмыстық 
кодекстің 
12-тарауындағы 
баптардың 
диспозицияларында 
медицина 
немесе  фармацевтика  қызметкерлері:  медицина 
немесе  фармацевтика  қызметкерлерінің  кәсіби 
міндеттерін  тиісінше  орындамауы  (317-
бап),  клиникалық  зерттеулер  жүргiзудiң  және 
профилактиканың,  диагностиканың,  емдеудiң 
және  медициналық  оңалтудың  жаңа  әдiстерi 
мен құралдарын қолданудың тәртiбiн бұзу (318-
бап);  заңсыз  аборт  жасау  (319-бап),  науқасқа 
көмек  көрсетпеу  (320-бап);  дәрігерлік  құпияны 
жария ету (321-бап), заңсыз медициналық және 
фармацевтикалық  қызмет  және  есірткі  немесе 
психотроптық  заттарды  алуға  құқық  беретін 
рецептерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру 
не қолдан жасау (322-бап), бұрмаланған дәрілік 
заттардың,  медициналық  мақсаттағы  бұйымдар 
және  медициналық  техниканың  айналымы 
(323-бап) осы құқық бұзушылықтардың арнайы 
субъектісі ретінде қарастырылады [1]. 
Алайда  медицина  қызметкерлері  басқа 
тұлғалармен бірдей жауапкершілікке тартылатын 
да  құқық  бұзушылықтар  бар.  Мұндай  іс-
әрекеттерге  төмендегілерді  жатқызуға  болады: 
денсаулыққа  абайсызда  зиян  келтіру  (114-
бап),  медицина  қызметкерін  лауазымды  тұлға 
ретінде жұмысына немқұрайлылық танытты деп 
тапқан  жағдайда  (371-бап),  пара  алу  (366-бап), 
есірткілік,  психотропты  немесе  улы  заттарды 
қолдану ережелерін бұзу (303-бап), гигиеналық 
нормативтерді  немесе  санитарлық  тәртіп  бұзу 
(304-бап),  микробиологиялық  немесе  басқа 
да  биологиялық  агенттермен  немесе  уытты 
заттармен  жұмыс  істеу  кезінде  экологиялық 
талаптарды  бұзу  (326-бап),  сот  –тергеу 
тәжірибесінде  қызметтік  жалғандық  жасау 
ретінде  сараланатын  медициналық  құжаттарды 
қолдан жасау (369-бап) және т.б. 
Біз  медицина  қызметкерінің  кәсіптік  немесе 
қызметтік міндеттерін бұзуын, қасақана немесе 
абайсызда  жасалған  құқыққа  қайшы  қоғамдық 
қауіпті іс-әрекетін немесе халықтың денсаулығын 
сақтау саласына және қарапайым халыққа, жеке 
тұлғаға  айтарлықтай  зиян  келтіретін  немесе 
зиян келтірген басқа тұлғамен сыбайлас болуын 
медициналық қылмыстық құқық бұзушылық деп 
түсінеміз. 
Мәселен,  ТМД  елдеріндегі  қылмыстық 
заңнамаға 
жүргізілген 
шолу 
мынадай 
көрсеткіштер көрсетті: 
Ресей  ҚК-де  ҚР  ҚК-де  кездеспейтін  басқа 
құрамдар бар: 
233-бап (жалған рецептілер немесе есірткілік 
және  психотроптық  заттарды  алуға  құқық 
беретін құжаттарды қолдан жасау немесе заңсыз 
беру);  247-бап  (экологиялық  қауіпті  заттар  мен 
қалдықтарды пайдалану тәртібін бұзу);
Қырғызстан  ҚК-де:  115-бап  (трансплан-

№4 (40) 2015 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
200
тациялау  оталарын  жүргізу  тәртібін  бұзу) 
(Белоруссия  ҚК-де  261-1  бап,  Тәжікстан  ҚК-
де  121-бап);  120-бап  (ауруды  емдеуді  заңсыз 
тоқтату);  122-бап  (заңсыз  емшілік);  253-бап 
(Ресей ҚК 233-бабына ұқсас); 
Өзбекстан Республикасының ҚК-де: 133-бап 
(адам тінін немесе мүшесін алу); 
Литва  Республикасы  ҚК-де:  129-бап 
(науқастың  дене  мүшесін  трансплантациялау 
мақсатында  қасақана  өлтіру);  134-бап  (өзін-өзі 
өлтіруге жәрдемдесу);
Эстония  Республикасы  ҚК-де:  9-тарауда  – 
(адам эмбрионымен заңсыз айналысу; жүктілікті 
заңсыз тоқтату);
Грузия  ҚК-де  –  адамды  өтініші  бойынша 
өлтіру; 
Молдавия  ҚК  жобасында  –  139-бап 
(заңсыз  клондау);  144-бап  (эвтаназия),  155  бап 
(трансплантациялауға  мәжбүрлеу),  157-бап 
(хирургиялық стерилизацияны заңсыз жүргізу); 
158-бап  (эбрионды  имплантациялауды  немесе 
жасанды ұрықтандыруды заңсыз жүргізу); 
Әзірбайжан 
Республикасының 
ҚК-де 
–  135-бап  (эвтаназия);  136-бап  (эбрионды 
имплантациялау  және  жасанды  ұрықтандыру, 
медициналық 
стериализациялау); 
137-бап 
(трансплантациялау үшін алуға мәжбүрлеу және 
сату-сатып  алу);  138-бап  (биомедициналық 
зерттеулерді  заңсыз  жүргізу  немесе  тыйым 
салынған  емдеу  мен  диагностикалаудың 
әдістерін және дәрі-дәрмектерді пайдалану) [2]. 
Украинаның ҚК-де ТМД елдерінің ешбірінің 
Қылмыстық Кодексінде кездеспейтін нормалары 
бар:  131-бап  –  кәсіби  міндеттерінін  атқармауы 
нәтежесінде  тұлғаны  ЖҚТБ  немесе  басқа  да 
жазылмайтын  инфекциялы  ауруға  шалдықтыру 
туралы;  132-бап  –  медициналық  тексеру 
кезінде  анықталған  ЖҚТБ  немесе  басқа  да 
жазылмайтын  аурулар  туралы  мәліметті  жария 
ету; 138-бап – емделушіге ауыр зардап келтіретін 
заңсыз медициналық қызмет туралы; 141-бап – 
емделуші құқығының бұзылуы туралы; 142-бап 
– адамға заңсыз сынақ жүргізу туралы; 143-бап – 
адам тінін немесе мүшесін трансплантациялауда 
бекітілген  тіртіпті  бұзу  туралы,  оның  ішінде 
адам  тінін  немесе  мүшесін  заңсыз  саудалау. 
Бұл  нормалардың  барлығы  өмірде  болуы 
мүмкін, (осылардың кей біреулері медициналық 
ғылым  мен  тәжірибе  жетістігін  құқыққа 
қайшы  қолдануда  пайда  болады,  қалғандары 
-  медициналық  қызметкерлердің  дәрігерлік 
ережелер мен медициналық этиканы бұзу себебі 
бойынша) олардың ең қауіпті айқындалғандары 
қылмыстық заңмен әділ реттелетін жағдайларға 
байланысты алынған [3]. 
Қазіргі  кезде  дәрігерлік  қызмет,  бір  жағы, 
негізгі  әкімшілік  нормативтік  актілермен 
(дәрігерлік  нұсқаулық  пен  бұйрықтар),  екінші 
жағы,  кәсіптік  ережелермен  қатаң  реттеледі. 
Бұл  нұсқаулықтар  мен  бұйрықтарда  емдеу 
қызметіне  не  жататындығы  нақты  бекітілген, 
ауруды  қандай  әдіспен  емдеу  керектігі,  қандай 
жағдайда  ота  (операция)  жасау  керектігі, 
қандай  жағдайларда  емделушінің  келісімін  алу 
керектігі, т.б. анық айқындалған. Аса қажеттілік, 
орынды  тәуекел  мен  жәбірленушінің  келісімі 
жөнінде қылмыстық құқық өндеген принциптер, 
осы  уақытта  дәрігерлік  біліктілікке  сәйкес 
дәрігерлердің кәсіби нұсқаулығында көрсетілген. 
Объект 
қылмыс 
құрамының 
негізгі 
элементтерінің  бірі,  сондықтан  объект  жоқ 
болса,  қылмыстық  құқық  бұзушылық  та  жоқ. 
Қылмыстық  заңда  құқық  бұзушылық  деп 
қарастырылған  кез-келген  қоғамдық  қауіпті  іс-
әрекет белгілі бір объектіге тиесілі. 
Қылмыстық  құқық  бұзушылық  объектісінің 
белгілері бойынша заң шығарушы қылмыстық-
құқықтық  нормаларды  кодификациялау  және 
жүйелендіру сияқты күрделі жұмысты жүргізеді. 
Адамдардың  мүддесі,  нақты  игілігі  содай-
ақ  қоғам  мен  мемлекеттің  мүддесі  көрсетілген 
кез-келген  қоғамдық  қарым-қатынас  барлық 
қылмыстық  құқық  бұзушылық  объектісі  болып 
табылады.  Бұл  қарым-қатынастың  субъектісі 
(қатысушысы)  әрқашан  да  адам,  сондықтан 
сөздің кең мағынасында, кез-келген қылмыстық 
әрекет  сол  немесе  басқа  да  нақты  адамдардың 
мүддесін  бұзып,  оларға  елеулі  зиян  немесе 
сондай зиян тигізу қаупін келтіруі мүмкін. 
Мүдде  дегеніміз  –  бұл  қоғамдық  қарым-
қатынас.  Қарым-қатынассыз  субъектілер  мен 
олардың мүдделері арасында қоғамдық байланыс 
болмайды,  болуы  мүмкін  де  емес.  Қоғамдық 
қарым-қатынас қоғамдағы адамдар арасында әр 
түрлі байланыстардың жиынтығын көрсетеді. 
Қылмыстық  құқық-бұзушылықтың  арнайы 
және  тектік  объектісі  болып  бұл  жағдайда 
мүдделердің  нақты  бір  тобы  болуы  мүмкін. 
Бұл  жағдайлар  Қылмыстық  Кодекстің  Ерекше 
бөлімінің  нақты  баптарымен  бекітілуі  тиіс. 
ҚР  2014  жылғы  жаңа  ҚК-де  олар  18  тарауды 
құрайды. 
Олардың  ерекшеліктері  сонымен  қатар 
біртектес 
мүдделерді 
қанағаттандыруға 
бағытталған.  Әлеуметтік  маңызды,  біркелкі 
ерекшелік  яғни  қылмыстық  заңмен  қорғалатын 
мүдделер, жайғана емес, шын мәнінде бар және 
қоғаммен ұғынылған мүдделер мен айқындалған 

201
Трибуна молодого ученого
объективті өлшем негізде анықталуы тиіс. 
Қылмыстық  кодексті  одан  әрі  нақтылауда 
құқық  бұзушылықтар  туралы  «топ  бөліктерін» 
көреміз. Бұл үдерісті екі бағыт бойынша жүзеге 
асыруға  болады:  мүдде  субъектісі  бойынша, 
қорғалып  отырған  мүдденің  мазмұны  мен 
сипаты бойынша. 
Тектік объект Қылмыстық Кодекстің Ерекше 
бөлімінің нормаларын жүйелеу үшін негіз болып 
табылады,  ол  құқық  бұзушылықтың  қоғамдық 
қауіптілігі  мен  Қылмыстық  Кодекстің  Ерекше 
бөлім жүйесіндегі орнын анықтайды. 
  Халыққа  медициналық  қызмет  көрсету 
саласындағы  қатынастың  мәні  қоғамдық 
қатнас,  мүдде,  немесе  игілік  ұғымының  жалпы 
теоретикалық  зерттеулерді  қолдану  негізінде 
ашылады. 
Мұндай зерттемелерді Е.И. Қайыржанов [4], 
Н.И.  Коржанский  [5],  В.Н.  Кудрявцев  [6],  А.В. 
Наумов [7], Б.Г. Никифоров [8], Е.А.Фролов [9] 
және т.б. белгілі заңгерлер мен В.Н. Винокуров 
[10], Н.В. Генрих [11], Г.П.Новоселов [12] сынды 
жас  зерттеушілердің  жұмыстарынан  көруге 
болады. 
Тектік  объект  пен  қатар  шағын  топтық 
(түрлік)  объект  бөлінеді,  яғни,  тектік  қатынас 
топтарының ішінен біртұтас кешенді қылмыстық 
–  құқықтық  қорғауға  тұрарлық,  аса  шағын 
қатынас топтарын ажыратуға болады. Халықтың 
денсаулығы мен қоғамдық құлықтылық, алдағы 
уақытта  дербес  әлеуметтік  құндылық  болып 
саяси,  экономикалық,  құқықтық,  медициналық 
және өзге сипатта қорғалады. 
Халық  денсаулығы  қарастырып  отырған 
топтағы  қылмыстардың  түрлік  объектісі 
ретінде  –  бұл  мемлекет  аумағында  орналасқан 
барлық  адамдардың  өміріне  қауіпсіз  жағдайды 
қамтамасыз ететін қоғамдық қарым-қатынастың 
жиынтығы. 
Мұнда «Адам тіні мен психикасы қатынасқа 
жатпайды және қылмыстың зат болып табылады» 
дегенді ескеру қажет [13]. 
«Тікелей» объектіге келер болсақ, ол нақты іс-
әрекет (әрекетсіздік) әсерінен кімнің және қандай 
мүдденің бұзылғандығы арқылы бекітіледі. 
Тікелей 
объект 
Қылмыстық 
Кодекс 
нормасында  анықталған  құқық  бұзушылық 
объектісі  үшін  емес,  құқық  бұзушылықтың 
әр  бір  жеке  құрамын  анықтау  үшін  алдын-ала 
тергеу  және  сот  тергеуі  барысында  бекітіледі. 
Қылмыстық  құқық  теориясында  негізгі, 
қосымша  және  «факультативті»  объектілері 
қарастырылатыны  белгілі.  Алайда  басқа  да 
пікірлер  бар.  Біз  оларға  тоқталмаймыз,  себебі 
бізге көпшілікке танылған пікірлер қолайлырақ. 
Мұндай  қылмыстардың  тектік  объектісі  – 
қоғамдық  қатынаста  бар,  қатысушы  (субъект), 
биологиялық  индивид  (homo  sapiens)  ретінде 
ғана  емес,  әлеуметтік  жеке  тұлға  ретінде 
қарастырылатын жеке адам болып табылады. 
Денсаулық сақтау қызметкерлерінің қызметін 
талдау олардың кәсіби құқықық бұзушылықтары 
медициналық  қызмет  көрсету  кезінде  ғана 
болуы  мүмкін  екендігін  көрсетті.  Сондықтан, 
халықтың  денсаулығын  сақтауды  қамтамасыз 
ететін  денсаулық  сақтау  мекемелерінің  тиісті 
қызметіндегі  нақты  қатынас  қана  объект  бола 
алады. Демек, біліктілік қағидалары сақталғанда 
ғана  медициналық  көмек  көрсету  бойынша, 
денсаулық  сақтау  мекемелерінде  тиімді  қызмет 
атқаруы мен азаматтардың денсаулық сақтаудағы 
құқығының бұзылмауы қамтамасыз етіледі. 
Шет  елдердің  медицина  саласына  қатысты 
қолсұғушылық  әрекеті  үшін  жауаптылықты 
қарастыратын қылмыстық заңнама нормаларын 
талдауда, ТМД елдерінің бұл мәселеге жеткілікті 
назар 
аударып 
отырғандығын 
көрсетті. 
Осыған  орай,  С.  Гринчак,  Г.  Чеботарева 
[14]  сияқты  украиналық,  М.И.  Галюкова,                                                             
Н.Е.  Крылов,  С.Растопоров  және  т.б.  ресейлік 
[15], молдавиялық ғалым В.Флоря [16] және т.б. 
авторлардың еңбектерін айта өткен жөн. 
Жеке  тұлғаны  қорғау  кешенді  сипатқа  ие 
болуы  қажет.  Бұл  заңнамада  жеке  тұлғаның 
биологиялық  және  әлеуметтік  элементтерін 
қорғау  бірқатар  ретке  келтірілген.  Ең  төмен 
дәрежеде психика қорғалған. Психикалық көмек 
көрсетуге мемлекет кепіл береді, ол азамат пен 
адам құқықтарын сақтау және ізгілік, заңдылық 
қағидалары  негізінде  жүзеге  асырылады. 
Заң  шығарушы  Қазақстан  Республикасы  ҚК 
127-бабын «Психиатриялық стационарға заңсыз 
орналастыру» ерекше бөлімнің бірінші тарауына 
енгізе  отырып,  психиатриялық  ауруханаға 
заңсыз жатқызуды бас бостандығынан айырудың 
ерекше  жағдайы  ретінде  қарастырады.  Қазіргі 
талаптарда өзге жағдайлар туындауда, бұл жерде 
қылмыстық–құқықтық  қатнастың  субъектісі 
болып  психиатриялық  көмек  көрсетудің 
белгіленген  ережесін  бұзған  медициналық 
қызметкер танылуда.
Біз 
талдаған 
қылмыс 
құрылымында 
медициналық  құжаттарды  қолдан  жасау 
белгіленген  орынды  иеленуде.  Бұл  қоғамдық 
қауіпті  іс-әрекеттің  тектік  объектісі  оны 
лауазымды  немесе  лауазымды  емес  тұлға, 
жасағанына  байланысты  ажыратылады.  Егер 
ол  лауазымдық  қылмыс  деп  танылса,  онда 

№4 (40) 2015 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
202
медициналық  құжаттарды  қолдан  жасаудың 
тектік  объектісі  лауазымдық  қылмыс  объектісі 
болып  табылады  (369-бап).  Медициналық 
қызметкер лауазымды тұлға емес деп танылған 
жағдайда,  бұл  қоғамдық  қауіпті  іс-әрекеттің 
тектік  объектісі  басқару  тәртібіне  қарсы 
қылмыстың  объектісі  болады  (385-бап). 
Медициналық  көмек  көрсету  кезінде  кәсіби 
міндетін  атқарып  жатқан  дәрігер  лауазымды 
тұлға  болып  есептелмейді,  сондықтан  да 
құжатты  жалған  жасағанда  лауазымдық 
қылмыс  объектісіне  қолсұға  алмайды.  Сырқат 
тарихы,  донорды  есепке  алу  картасы,  аурухана 
тіркелімі  сияқты  және  т.б.  құжаттарды  қолдан 
жасау  халыққа  қызмет  көрсетуде  медициналық 
мекеменің  қызметіне  айтарлықтай  залал 
келтірмейді,  алайда,  қылмыс  жасаушының  іс-
әрекетінде қылмыс құрамының барлық белгілері 
көрінеді.  Медициналық  құжаттарды  қолдан 
жасау  объектісі  осындай  құжаттарды  рәсімдеу 
және  беру  кезінде  медицина  қызметкерін 
лауазымды тұлға немесе лауазымды тұлға емес 
екенін дәлелденуіне байланысты анықталады. 
Жалған құжаттарды қолдан жасаудың тікелей 
объектісіне  халыққа  медициналық  қызмет 
көрсетудегі  медицина  қызметкерлерінің  кәсіби 
және қызметтік міндеттерін орындауы бойынша 
денсаулық сақтау мекемелері мен ұйымдарында 
осындай  құжаттарды  жүргізудің  белгіленген 
тәртібі жатады. 
Медицина  қызметкері  жасаған  қылмыстық 
құқық  бұзушылықтың  объективтік  жағы,  — 
бұл,  қылмыстық  заңмен  қорғалатын  объектіге 
қауіпті қол сұғушылық мінез-құлқының сыртқы 
көрінісі болып табылады. Теріс ой мен ниет үшін 
жауапкершілік  қарастырылмайды,  қылмыстық 
жауапкершілікке  тартылу  үшін  медициналық 
қызметкер  қылмыстық  құқық  бұзушылық 
жасауы қажет.
Осы  қылмыстық  құқық  бұзушылықтың 
объективтік жағының үш негізгі белгілері бар, iс-
әрекет (немесе әрекетсiздiк), қылмыстық зардап 
және  олардың  арасындағы  себепті  байланыс. 
Медицина  қызметкері  жасаған  қылмыстық 
құқық бұзушылықтың объективтік жағы тек іс-
әрекет түрінде (заңсыз түсік жасау, құжаттарды 
қолдан істеу ж.т.б.) немесе әрекетсіздік түрінде 
(науқасқа  көмек  көрсетпеу  ж.т.б.)  жасалуы 
мүмкін.
Зардаптың  саралануынан  тәуелсіз,  қылмыс-
тық  зардаптың  орын  алуын  міндет  етпейтін 
құрамдар  бар.  Бұл  жерде  қылмыстық  іс-
әрекеттің  болуы  маңызды.  Себепті  байланыс 
-  бұл  субъектінің  еркі  мен  санасына  тәуелді 
емес,  объективтік  санат  болып  табылады. 
Себепті  байланыс  пен  кінә  -  қылмыстық 
жауапкершіліктің  қажетті  алғышарттары.  Бір 
құбылыстың екі жақты бірлігі болып табылатын 
бұл екі ұғым оларды бірдей етпейді, алайда, олар 
бір-бірімен ішкі тығыз байланыста болады [17]. 
Себебті  байланыс  пен  кінә  арасындағы 
қатынас,  адамның  психикалық  жай-күйiнен 
туындайтын  қоғамға  қауіпты  әрекет  негізінде 
орнатылады.  Я.М.  Брайнин  өз  пікірінде  былай 
деп  көрсетеді,  «себебті  байланыстың  барлық 
үш 
элементінен 
қылмыстық 
-құқықтық 
маңыздылықты,  зиянды  зардап  тудырған  адам 
әрекеті  иемденуі  мүмкін.  Адам  әрекетінде  кінә 
болмасада  келтірілген  зардап  онымен  себепті 
байланыста  болуы  мүмкін,  мәселен  қажетті 
қорғануда» [18]. 
Мысал ретінде мынадай жағдайды көрсетсек, 
операциядан  киін  перитонит  болған  науқасқа 
сәйкес  келмейтін  100,0  мл.  қан  тобы  құйылған 
болатын, нәтижесінде емделуші қазаға ұшырап, 
марқұм  болған  науқастың  туыстары  сәйкес 
келмейтін қан тобын құйған дәрігерді қылмыстық 
жауаптылыққа тартуды талап етті. Қылмыстық - 
құқықтық  норма  диспозициясы  қоғамға  қауіпті 
зардаптың  болуын  қарастыру  кезінде,  себеп-
салдары  байланысын  анықтау  қажет.  Алайда, 
өлім перитонит негізінде болды, сондықтан қан 
құю мен науқастың қазаға ұшырауы арасындағы 
тікелей  себепті  байланысты  сот  және  тергеу 
органдары анықтай алмады, осыған байланысты 
сәйкес келмейтін қан құйған дәрігерге қатысты 
қылмстық іс тоқтатылған [19].
Мәселен,  ҚР  жаңа  Қылмыстық  Кодексінің 
12-тарауында  орын  алған  медициналық 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың  ішінде 
жие кездесетін «Медицина немесе фармацевтика 
қызметкерлерінің 
кәсіби 
міндеттерін 
орындамауы»  317-бап  құрамының  объективті 
белгілерін жеке қарастыра кетсек. 
Бұл  іс-әрекеттің  қоғамдық  қауіптілігі 
денсаулық  пен  өмірге  содай-ақ  өлімге  дейін 
қауп  тудыратын  сырқаттануына  байланысты 
денсаулық  халі  нашарлаған  жағдайда  тиісті  ем 
алу  үшін  медициналық  кәсіби  көмек  алудағы 
азаматтың 
конституциялық 
құқығының 
бұзылуы. 
Азаматтардың денсаулығын сақтау, сонымен 
қатар  адам  өміріне  байланысты  туындаған 
қоғамдық  қатынас  осы  қылмыстың  объектісі 
болып табылады. 
«Денсаулық»  ұғымына  заңнамада  мынадай 
анықтама  беріледі:  «Денсаулық  -  аурулар  мен 
дене кемістіктерінің болмауы ғана емес, тұтастай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет