Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізіліміне енгізілген Қр бғм бғсбк 30. 05. 2013 ж



Pdf көрінісі
бет25/28
Дата31.03.2017
өлшемі4,18 Mb.
#10930
түріДиссертация
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Глава  государства  подчеркнул,  что  программа 
принята,  огромные  средства  выделены,  и 
теперь  от  исполнительных  органов  требуется 
только  выполнение  этой  программы.  «Будет 
персональная ответственность акимов областей, 
создается  комиссия  из  правоохранительных 
органов.  Задача  маслихатов  не  мешать,  а 
помогать выполнению этой программы», - сказал 
Глава государства [5]. 
Водная  рамочная  директива  (ВРД)  ЕС 
устанавливает  рамки  действий  сообщества 
в  области  водной  политики  в  целях  защиты 
внутритерриториальных  поверхностных  вод, 
трансграничных  вод,  прибрежных  и  грунтовых 
вод.  Директива  обязует  государств-членов 
оценивать  экологическое  давление  со  стороны 

191
Трибуна молодого ученого
человеческой активности и ее влияние на водные 
ресурсы;  ставит  задачи  по  повышению  статуса 
водных  объектов,  проведению  необходимых 
мер и, в конечном итоге, достижения должного 
статуса  для  поверхностных  и  грунтовых  вод  к 
2015  году.  Государства-члены  будут  собирать  и 
поддерживать  информацию  о  типе  и  масштабе 
существенного 
антропогенного 
давления, 
которому  подвержены  водные  объекты  в 
каждом  речном  бассейне.  Конкретные  меры, 
содержащиеся  в  плане  по  управлению  речным 
бассейном  (ПУРБ),  которые  должны  быть 
достигнуты  и  регулярно  принимаются  с 
участием  общественности  (раз  в  шесть  лет), 
пересматриваются  для  принятия  во  внимание 
последних данных. В пределах трансграничных 
речных  бассейнов  требования  к  экологическим 
задачам, также как и к программам мер, должны 
координироваться  для  всего  бассейна  в  целом. 
Руководство  по  вопросам  учета  климатических 
изменений  в  ПУРБ  находится  еще  в  стадии 
разработки  в  рамках  подготовки  Общей 
стратегии  осуществления  (ОСО)  для  Водной 
директивы. Ожидается, что оно будет завершено 
в конце 2009 года [6, с 38 ].
Нет сомнений в том, что проблема дефицита 
пресной воды становится весьма существенным 
фактором  мировой  политики.  Обеспечение 
международной безопасности потребует самого 
серьезного отношения к ней, а открывающиеся 
для 
носителей 
передовых 
технологий 
экономические  перспективы,  подогреваемые 
сопутствующими 
политическими 
возмож-
ностями,  обусловят  интерес  к  ней  структур 
бизнеса.  Проблемы  пресной  воды  станут 
сюжетом 
глобальных 
политических 
и 
экономических  игр.  Непродуманные  решения 
в  такой  ситуации  —  верный  путь  в  ловушку. 
Но  уже  сейчас  существуют  политические 
проблемы,  связанные  с  использованием  воды, 
обусловленные 
принадлежностью 
многих 
водных объектов одновременно разным странам 
[7, с 53].
Подводя  итоги  данной  работы,  хотелось 
бы  отметить,  что  решение  правовых  проблем 
водной  безопасности  Республики  Казахстана  и 
международные организации идут в правильном 
направлении.  Принимается  множество  законов, 
конвенций, различные госпрограммы. И это все 
во благо людей, которые живут в этом мире. 
Список литературы
1. zakon.kz,  от 15 апреля 2014
2. Первый заместитель Премьер-Министра РК Бакытжан Сагинтаев в Душанбе принял участие в 
конференции высокого уровня по итогам реализации Международного десятилетия действий "Вода 
для жизни", – передает Kazpravda.kz со ссылкой на пресс-службу главы Правительства РК от 9 июня 
2015 года http://www.kazpravda.kz
3. Водная безопасность 5 млрд. человек под угрозой по материалам сайта http://inopressa.ru
4. Национальная безопасность «Общественная позиция» (проект «DAT» №14 (285) от 09 апреля 
2015 г.
5. Водное законодательство и экологические вызовы: сборник материалов научно-практической 
конференции. Текст доклада Меркушевой Ж.П. кандидат юридических наук, Республика Казахстан, 
г. Алматы, директор Адвокатской конторы на тему - «Вопросы правового реформирования водного 
законодательства».
6. Европейская экономическая комиссия. Конвенция по охране и использованию трансграничных 
водотоков  и  международных  озер.  Руководство  по  водным  ресурсам  и  адаптации  к  изменению 
климата. Нью-Йорк и Женева, 2009 год. - 60 с.
7. В.И. Данилов-Данильян. Водные ресурсы мира и перспективы водохозяйственного комплекса 
России. — М.: ООО «Типография ЛЕВКО», Институт устойчивого развития / Центр экологической 
политики России, 2009. - 88 с.

№4 (40) 2015 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
192
Бұл  мақалада  су  қауіпсіздігіне  байланысты  халықаралық  ұйымдардың  кейбір  мәселелері 
көтеріледі.  Халықаралық  саясатқа  қарайтын  болсақ,  су  тапшылығы  әлде  қайда  көбеюде.  Су 
мәселесі тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар  бүкіл дүниежүзінде де өзекті мәселе болып 
табылады.
Түйін сөздер: су қауіпсіздігі, ауыз су, халықаралық мекемелер, су ресурстары.
В данной статье рассмотрены некоторые особенности международных организаций в области 
водной безопасности. Нет сомнений в том, что проблема дефицита пресной воды становится 
весьма существенным фактором мировой политики. Актуальность данной темы обусловлена тем, 
что в данное время водная проблема решается не только в Казахстане, но и  является мировой 
проблемой.   
Ключевые  слова:  водная  безопасность,  питьевая  вода,  международные  организаций,  водные 
ресурсы.
This article describes some of the features of international organizations in the field of water security. 
There is no doubt that the problem of water scarcity is becoming a very significant factor in world politics. 
The relevance of the topic due to the fact that at this time the water problem not only in Kazakhstan, but it 
is now the problems of the world.
Keywords: Water security, drinking water, international organizations and water resources.
Тимур Байжұманұлы Жұмағұлов,
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің 3-курс докторанты
Су  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  саласындағы  халықаралық  ұйымдар  және  олардың 
қызметі. Құқықтық аспектілері
Жумагулов Тимур Байжуманович,
докторант 3-го курса Жетысуского государственного университета им. И. Жансугурова
Международные организации и их деятельность в области обеспечения безопасности воды. 
Правовые аспекты
Zhumagulov T.B.,
PhD 3rd year of Zhetysu State University. I. Zhansugurov
International organizations and their activities in the field of water safety. Legal aspects
● ● ● ● ●

193
ЖАСЫРЫН ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ 
ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан  Республикасының  жаңа  Қылмыс-
тық  процестік  кодексінің  талаптарына  сәйкес 
қылмыстық  процестің  міндеттері  қылмыстық 
құқық  бұзушылықтардың  жолын  кесу,  оларды 
бейтараптықпен,  тез  және  толық  ашу,  тергеп-
тексеру,  оларды  жасаған  адамдарды  әшкерелеу 
және  қылмыстық  жауаптылыққа  тарту,  әдiл 
сот  талқылауы  және  қылмыстық  заңды  дұрыс 
қолдану,  адамдарды,  қоғамды  және  мемлекетті 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтардан  қорғау 
болып табылады ( ҚР ҚПК 8 б.).
Қазақстан Республикасының ҚПК 30 Тарауы 
«Жасырын тергеу әрекеттері» - осы міндеттерді 
шешу мақсатында көрініс тапқан. Аталмыш жаңа 
институт Ішкі істер органдарының тәжірибелік 
бөліністерінің  күнделікті  қызметіне  енгізіліп 
үлгерсе  де,  ғылыми-теориялық  тұрғыда  жан-
жақты зерделеуді талап етеді. 
Қазақстан 
Республикасының 
ҚПК-де 
жасырын  тергеу  әрекеттерінің  келесідей 
түрлері  қамтылған:  адамды  немесе  орынды 
жасырын  аудио-  және  (немесе)  бейнебақылау 
(242  б.);  электр  (телекоммуникациялық) 
байланыс 
желілері 
арқылы 
берілетін 
ақпаратты  жасырын  бақылау,  ұстап  қалу 
және  түсіріп  алу  (243  б.);  абоненттер  және 
(немесе)  абоненттік  құрылғылар  арасындағы 
қосылулар  туралы  ақпаратты  жасырын  алу 
(244  б.);  компьютерлерден,  серверлерден  және 
ақпаратты  жинауға,  өңдеуге,  жинақтауға  және 
сақтауға  арналған  басқа  да  құрылғылардан 
ақпаратты жасырын түсіріп алу (245 б.); пошта 
жөнелтілімдері  мен  өзге  де  жөнелтілімдерді 
жасырын  бақылау  (246  б.);  орынға  жасырын 
кіру  және  (немесе)  оны  қарап-зерттеу  (247  б.); 
адамды немесе  орынды  жасырын байқауға  алу 
(248 б.); жасырын бақыланатын жеткізілім (249 
б.);  жасырын  бақыланатын  сатып  алу  (250  б.); 
жасырын  ендіру  және  (немесе)  қылмыстық 
әрекетті имитациялау (251 б.).
Аталмыш кодекстің 7 бабының 12 тармағына 
сәйкес жасырын тергеу әрекеттері осы Кодексте 
көзделген құқықтық тәртіпте және мақсатына сай 
жағдайларда сотқа дейінгі іс жүргізу үдерісінде 
қылмыстық  процеске  тартылған  тұлғаларға 
хабарлаусыз жүргізіледі.
Жаңа 
институттың 
пайда 
болуымен 
қылмыстық  процесте  дәлелдемелер  алу  тәртібі 
маңызды тұрғыда кеңейді, сонымен қоса жедел-
іздестіру қызметінің және қылмыстық процестің 
өзара байланысы да өзгерістерге душар болды. 
Қылмыстық-процестік  кодекске  жасырын 
тергеу әрекеттерін сотқа дейінгі тергеп-тексеру 
үдерісінде өткізілетін бөлек процестік әрекеттер 
институты  ретінде  қарастырған  жөн  деп 
санаймыз. 
2014 жылғы 04 шілдедегі №233-V Қазақстан 
Республикасының  «Жедел-іздестіру  қызметі 
туралы» Заңына енгізілген соңғы өзгерістер мен 
толықтыруларға  сәйкес  осы  заңның  2-бабынан 
«Қылмыстарды ашу» міндеті алынып тасталған 
және  Қазақстан  Республикасының  қылмыстық-
процестік кодексінде шоғырланғанын атап айтқан 
жөн. Аталмыш өзгеріс жасырын тергеу әрекеттері 
сипатындағы  жаңа  институттың  енгізілуімен 
байланысты,  сондықтан,  біздің  ойымызша, 
тергеу  бөліністерінің  жауапкершілігі  де  артты. 
Бұрын  бұл  міндеттер  жедел-іздестіру  қызметін 
жүзеге  асырушы  органдарымен  орындалып 
келген. Демек, қазіргі уақытта «Жедел-іздестіру 
қызметі»  туралы  заңда  қылмыстарды  анықтау, 
алдын алу және бұлтартпау міндеттері қалды [1].
Қылмыстық-процестік  кодексте  тергеудің 
жасырын  құралдары  мен  әдістерінің  бекітілуі 
отандық  заңнамалардың  жаңаланғанын  емес 
және  оның  шетелдік  қылмыстық  процеске 
ұқсастырылғанын  байқатады.  Осылайша,  ГФР 
қылмыстық-процестік  кодексінде  жасырын 
Матышова Айгерім Мардатайқызы,
Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы 
Қарағанды академиясының докторанты
Трибуна молодого ученого

№4 (40) 2015 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
194
дыбыс  жазу,  телефон  байланыстарын  тыңдау 
және  хат  алмасуды  бақылауы  қарастырылған. 
Ал,  1993  жылы  Германияның  қылмыстық-
процестік  кодексіне  жасырын  суретке  түсіру 
және  портретті  салу,  арнайы  құралдарды 
қолдану,  аудио-видео  бақылау  түріндегі 
әрекеттер қосылған. ГФР қылмыстық-процестік 
кодексінде  алғаш  рет  жедел  жұмыс  туралы 
айтылған  болатын.  Тіпті,  ГФР  қылмыстық-
процестік  кодексінің  100  бабында  жасырын 
көмекшілер  мәртебелері  туралы  сөз  қозғалған. 
Осы  әрекеттерді  дәлелдемелер  ретінде  тану 
тәртібі  ГФР  Жоғарғы  сот  талқылауының  заты 
болып есептелген [2].
Нақтылап айтқанда, аталмыш институт бізге 
мүлдем жаңа емес. Өйткені, жасырын тыңдау мен 
телефон  арқылы  және  басқа  да  байланыстарды 
жазу  1992  жылғы  Қазақ  КСРО  қылмыстық  іс 
жүргізу кодексінде де қарастырылған еді [3].
«Құпиялық» 
терминін 
түсіндірмелік 
сөздіктерді  саралай  зерттесек,  ең  қызығы,  ол 
ешбір жарық көрген әдебиет қайнар көздерінде 
толық  тұрғыда  қарастырылмаған,  тек  С.И 
Ожегов  және  Н.Ю.  Шведова  ғалымдардың 
түсіндірмелік  сөздігінде  «құпиялық»  термині 
белгілі бір жағдайлармен танысуға және оларды 
талқылауға қоғамның қолжетімсіздігін білдіреді 
делінген [4]. Басқа да жағдайларда, «құпиялық» 
термині  «құпия»,  «жасырын»  сын  есімдері 
арқылы  «басқаларға  белгісіз»,  «айқын  емес», 
«мәні бойынша құпия» ретінде анықталады [5]. 
Яғни,  құпия  –  бұл  бөгделерден  жасырылған, 
құпияда сақталған деген мағынаны білдіреді.  
Құпиялық  сипаты  негізінен  жедел-іздестіру 
қызметіне  тән.  Сондықтан  да,  жасырын  тергеу 
әрекеттерінің  қажеттіліктерін  түсіну  үшін, 
жедел-іздестіру  іс-шаралары  мен  жасырын 
тергеу 
әрекеттерінің 
ұқсастықтары 
мен 
айырмашылығын талқылаған жөн.  
Осы  жағдайда,  көптеген  жедел-іздестіру 
іс-шараларының 
басым 
бөлігіне 
ресми 
процессуалдық  мәртебе  беру  жолымен  жедел-
іздестіру  қызметін  жүзеге  асырушы  жедел 
бөліністерді процессуалдық құқықтық шеңберге 
енгізу туралы мәселе қызығушылық тудырады. 
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері 
көбінесе дәлелдемелер болып табылмайды және 
олардың  қайнар  көздеріне  шығу  мақсатында 
ғана  қолданылады,  ал  жасырын  тергеу 
әрекеттері дәлелдемелерді жинау және тексеруге 
бағытталған. 
Қазақстан 
Ресупбликасының 
жаңа 
қылмыстық-процестік  кодексінің  «жасырын 
тергеу  әрекеттері»  атты  30  тарауына  қатысты 
танымал криминалист, профессор А.Я. Гинзбург 
аталмыш 
институттың 
мүлдем 
алынып 
тасталғаны жөн деп санайды [6]. 
Профессор  А.Н.  Ахпанов  жалпы  құқықтық 
табиғаты  бойынша  заманауи  жасырын  тергеу 
әрекеттерінің жалпы тізімін екі есе қысқартып, 
тек қана келесілерді қалдырған жөн деп санайды: 
адамды  немесе  орынды  жасырын  аудио- 
және  (немесе)  бейнебақылау  (242  б.);  электр 
(телекоммуникациялық)  байланыс  желілері 
арқылы  берілетін  ақпаратты  жасырын  бақылау, 
ұстап қалу және түсіріп алу (243 б.); абоненттер 
және 
(немесе) 
абоненттік 
құрылғылар 
арасындағы  қосылулар  туралы  ақпаратты 
жасырын  алу  (244  б.);  компьютерлерден, 
серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, 
жинақтауға  және  сақтауға  арналған  басқа  да 
құрылғылардан ақпаратты жасырын түсіріп алу 
(245  б.).  Сол  уақытта  Қылмыстық-процестік 
кодекстен  келесі  жасырын  тергеу  әрекеттерін 
алып  тастауды  ұсынады:  1)  орынға  жасырын 
кіру  және  (немесе)  оны  қарап-зерттеу;  2) 
адамды  немесе  орынды  жасырын  байқауға 
алу;  3)  жасырын  бақыланатын  жеткізілім;  4) 
жасырын  бақыланатын  сатып  алу;  5)  жасырын 
ендіру  және  (немесе)  қылмыстық  әрекетті 
имитациялау,  өйткені  олардың  нәтижелерінде 
әдетте  ауызша  ақпарат  болып  қалады.  Алынып 
тасталуға ұсынылған жасырын тергеу әрекеттері 
дәлелдеудің  жедел-процессуалдық  нысанын 
анықтамайды,  ол  жысырын  тергеу  әрекетерін 
өткізу  уақытында  тергеушінің  тапсырысы 
шегінен  шығатын  жедел-іздестіру  қызметінің 
тактикасы болады [7]. 
Б.М.  Нұрғалиев,  К.С.  Лақбаев,  А.К. 
Құсаинованың  ой-пікірлері  бойынша,  екі, 
бірақ  өзара  біріккен,  қылмыстық  әділеттің 
жекелеген  функцияларының  бірігуі  осы  жаңа 
новелланың негізгі ойы болды. Дәлелдемелерді 
алу  мүмкіндігін  кеңейту  мақсатында,  әсіресе 
ауыр қылмыстар бойынша, мысалы ұйымдасқан 
қылмыстармен  байланысты  жедел-іздестіру 
қызметі  және  тікелей  қылмыстық  процестің 
функцияларымен  бірігуі  көзделген.  Осылайша, 
қылмыстық  қудалау  органы  жүзеге  асыратын 
жасырын  тергеу  әрекеттерінің  құпиялық 
шектерін  максималды  түрде  нақтылап  анықтап 
алған жөн деген көзқарастары көрініс алады [8 ]. 
Ал, 
Б.Х. 
Толеубекованың 
пікірінше, 
жедел-іздестіру  шаралары  жаңа  Қазақстан 
Республикасы  қылмыстық-процестік  кодек-
сіндегі «жасырын тергеу әрекеттері» деп аталған, 
бірақ  мәні  бойынша  тергеу  әрекеттері  болып 
табылмайды.  Олардың  жүзеге  асырылуына 

195
Трибуна молодого ученого
бастамашы  тек  қана  тергеуші  болады,  оларды 
зерттейді,  зерттеудің  нәтижелері  бойынша 
хаттама  толтырылады  (264  б.  1  т.).  Жасырын 
тергеу  әрекеттері  өзінің  табиғаты  бойынша 
жедел-іздестіру  іс-шаралары  бола  тұра,  заңмен 
емес,  ведомстволық  нормативтік-құқықтық 
актілермен 
реттеледі. 
Жасырын 
тергеу 
әрекеттерінің санаттарына жатқызылған жедел-
іздестіру іс-шаралары («құпия» болса да) өзімен-
өзі  жасырын  тергеу  әрекеттері  институтына 
лайықты  белгілер  жүйесі  туралы  дәстүрлі 
көріністі бұзады [9].
А.  Банчук  та  халықаралық  стандарттарға 
сәйкес  жасырын  тергеу  әрекеттерін  жүзеге 
асыру  кезінде  адамның  құқықтарын  қорғау 
бойынша  заңнаманы  жетілдірумен  байланысты 
бірқатар тұжырымдар белгіледі. Оның ой-пікірі 
бойынша,  соттың  рұқсатымен  ғана  өткізілетін 
жасырын  тергеу  әрекеттерінің  санын  маңызды 
тұрғыда  көбейткен  жөн.  Қандай  да  болмасын 
жасырын  тергеу  әрекеттерін  жүзеге  асыру 
мерзімін  дәл  және  нақты  анықтау  қажет.  Тұлға 
аяқталған  жасырын  тергеу  әрекеттері  бойынша 
өзіне қатысты жиналған құжаттармен танысуына 
тыйым  салу  мүмкіндігі  үшін  заңнамалық 
деңгейде  негіздемелердің  жан-жақты  тізімін 
нақты жүйелеу қажет [10].
Украинаның 
бірқатар 
ғалымдардың 
пікірлеріне  сай,  нақты  айтсақ,  В.  Уваров 
осы  институтта  маңызды  кемшіліктер  бар 
деп  белгілейді.  Біріншіден,  кейбір  жасырын 
тергеу  (іздестіру)  әрекеттерінің  реттелуі 
адамның  конституциялық  құқықтары  мен 
бостандықтарын  шектеу  арқылы  жүзеге 
асырылады.  Екіншіден,  кейбір  жасырын  тергеу 
(іздестіру)  әрекеттері  тиісті  жүйесіздікпен, 
қайталанумен  және  құқықтық  нормалардың 
бәсекелестігімен  орындалады.  Үшіншіден, 
сенімді  дәлелдемелерді  алуға  кепіл  болатын 
және  адам  құқықтары  мен  бостандықтарын 
қорғайтын жасырын тергеу (іздестіру) әрекеттері 
институты  процессуалдық  тұрғыда  қажетті 
деңгейде толық сипатталмаған [11] .
М.А.  Михайлов  болса,  жасырын  қызметті 
жүзеге  асыру  бойынша  тергеушілерге  білімін 
арттыру мақсатында жедел-іздестіру қызметінің 
жетістіктері  мен  кемшіліктерінің  толық 
тәжірибесін  қолдануды  ұсынады.  Тергеушінің 
жасырын жұмысын заңнамалық деңгейде бекіту 
үшін  қылмыстық  процесс,  криминалистика, 
сонымен  қоса  ЖІҚ  және  арнайы  техника 
салалары  бойынша  жедел  ойлау  қабілеттерін 
талап  етеді  және  аталмыш  қызметті  орындау 
бойынша  негізделген,  түсінікті,  заңдылықта 
күмән  келтірмейтіндей  ұсыныстар  болуы  тиіс 
екенін ескерткен [12]. 
Ю.М.  Грошевый  жасырын  тергеу  (іздестіру) 
әрекеттері  өзінің  спецификасы  бойынша  осы 
әрекеттерді жүзеге асыруға қатысты түсініктемені 
тергеушіге ұсыну қажет деп белгілейді. Бірақ ол 
қылмыстық-процестік кодекстің шегінде мүмкін 
емес және оларды бөлек-бөлек үйлестірген жөн. 
Сонымен қатар бөлек реттелетін тергеулік және 
жедел-іздестіру қызметін ажырату қажет екеніне 
ерекше көңіл аударған [13].
Ал, Н.А. Погорецький болса, жасырын тергеу 
әрекеттері  институтының  енгізілген  сәтінен 
бастап,  қылмыстық  сот  өндірісін  сүймелейтін 
жедел-іздестіру 
қызметі 
институтының 
жойылғанына 
ерекше 
көңіл 
аударған. 
Нәтижесінде,  сотқа  дейінгі  тергеп-тексерудің 
органына  және  сотқа  (қорқыту,  параға  сатып 
алу  және  басқа  да  жолдармен  куәгерлер  мен 
жәбірленушілерге  әсер  ету)  әр  түрлі  қарсылық 
көрсететін  күдіктілердің,  айыпталушылардың 
және  басқа  да  қызығушылық  тудыратын 
тұлғалардың 
мүмкіндіктері 
кеңейтілген. 
Сонымен  қоса,  жасырын  тергеу  әрекеттерін 
жүзеге  асыру  нысаны  толығымен  жетілмеген, 
яғни қылмыстық-процестік дәлелдеуде олардың 
нәтижелерін 
қолдануда 
қиыншылықтар 
туындайды деген әділ пікірін білдірген [14].
Жасырын  тергеу  әрекеттерінің  басым 
бөлігі  Қазақстан  Республикасының  «Жедел-
іздестіру қызметі туралы» Заңының 11 бабында 
көрсетілген  жедел-іздестіру  іс-шараларынан 
ішінара  тұрғыдағы  өзгерістермен  алынған. 
Олардың 
жедел-іздестіру 
іс-шараларынан 
алынғанын  келесі  кестеден  айқын  көруге 
болады: [9].

№4 (40) 2015 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
196

Жедел іздестіру 
іс-шараларының түрлері (11 б.)
Жасырын тергеу әрекеттерінің түрлері 
(231 б.)
1.
3 б., 3 т.: бейне-, аудиотехниканы немесе 
өзге де арнаулы техникалық құралдарды 
пайдалана  отырып,  сөздерді  жасырын 
тыңдау  және  жазып  алу,  телефондар 
және  басқа  да  сөйлесу  құрылғылары 
арқылы 
жүргізілетін 
сөйлесулерді 
тыңдау  және  жазып  алу,  сондай  ақ 
телефон арқылы жүргізілген сөйлесулер 
туралы мәліметтер алу; 
Бұл арнаулы ЖІШ.
Прокурордың санкциясын талап етеді. 
1  т.:  адамды  немесе  орынды  жасырын  аудио- 
және (немесе) бейнебақылау;
3  т.:  абоненттер  және  (немесе)  абоненттік 
құрылғылар  арасындағы  қосылулар  туралы 
ақпаратты жасырын алу;
2.
3  б.,  4  т.:  байланыстың  техникалық 
арналарынан,  компьютер  жүйлерінен 
және  өзге  де  техникалық  құралдардан 
ақпаратты алып тастау; 
Бұл арнайы ЖІШ.
Прокурордың санкциясын талап етеді.
2  т.:  электр  (телекоммуникация)  байланыс 
желілері арқылы берілетін ақпаратты жасырын 
бақылау, ұстап қалу және түсіріп алу;
4  т.:  компьютерлерден,  серверлерден  және 
ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және 
сақтауға  арналған  басқа  да  құрылғылардан 
ақпаратты жасырын түсіріп алу;
3.
3 б., 1 т.: почта-телеграф жөнелтілімдерін 
бақылау; 
Бұл арнайы ЖІШ.
Прокурордың санкциясын талап етеді.
5  т.:  пошта  жөнелтілімдерін  және  өзге  де 
жөнелтілімдерді жасырын бақылау;
4.
3 б., 5 т.: жедел кіру; 
Бұл арнайы ЖІШ.
Прокурордың санкциясын талап етеді.
6 т.: орынға жасырын кіру және (немесе) оны 
тексеру;
5.
2 б., 18 т.: байқау.
Бұл жалпы ЖІШ.
7 т.: адамды немесе орынды жасырын байқауға 
алу;
6.
1 б., 6 т.: бақыланатын өнім беру.
Бұл жалпы ЖІШ.
8 т.: жасырын бақыланатын жеткізілім;
7.
2 б., 10 т.: жедел сатып алу;
Бұл жалпы ЖІШ.
9 т.: жасырын бақыланатын сатып алу;
8.
1 б., 3 т.: енгізу; 
1  б.,  4  т.:  қылмыстық  іс-әрекетті 
имитациялайтын мінез-құлық таныту. 
Бұл жалпы ЖІШ.
10  т.:  жасырын  ендіру  және  (немесе) 
қылмыстық  әрекетті  имитациялау  жүзеге 
асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет