Диссертацияның өзектілігі


Кітапхана туралы қызықты мәліметтер



бет5/9
Дата28.06.2023
өлшемі0,7 Mb.
#103682
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9
1.5 Кітапхана туралы қызықты мәліметтер
1. Ең көне кітапхана Египеттегі Синай түбегіндегі Әулие Екатерина монастырында орналасқан. Ол VI ғасырдың ортасында салынған және әлемдегі діни материалдардың екінші үлкен жиналған жеріне айналды (Ватиканнан кейін). Кітапхана көпшілікке жабық және одан тек монахтар мен шақырылған студенттер кітап ала алады.
2. Францияның Ұлттық кітапханасы – қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған ең көне қоғамдық кітапхана қызметі. Бұл жер өз жұмысын 1368 жылы бастады, сол кезде Луврда орналасты. Соңғы 700 жыл ішінде кітапхана бірнеше рет жаңа және үлкен орындарға көшті.
3. Әлемдегі ең үлкен кітапхана – Конгресс кітапханасы. Кітапхана қорында 36 миллионнан астам кітаптар мен басқа да баспа өнімдері, 3,5 миллион жазбалар, 13,7 миллион фотосуреттер, 5,5 миллион карталар, 6,7 миллион парақтар мен 69 миллион қолжазбалар бар.
4. Тіпті халықаралық ғарыш станциясының бортында да шағын кітапхана бар. Қазіргі уақытта бұл ғарыштағы жалғыз кітапхана. Онда жүзге жуық кітап бар.
5. Әлемдегі ең биік кітапхана, Гиннестің рекордтар кітабына сәйкес, Шанхайдағы (Қытай) JW Marriott қонақ үйінің 60-қабатында орналасқан. Ол көшеден 230,9 метр биіктікте орналасқан. 103 кітап сөресінде қытай және ағылшын тілдеріндегі кітаптардың үнемі толықтырылған жинағы бар. Айтпақшы, кітапхананың ауданы соншалықты үлкен емес – бар болғаны 57 шаршы метр.

1.6 Кітапхана және оқырман ережесі
Кітапхана қашанда және қай уақытта болмасын ең ғажайып керемет кітап мекендейтін, адам ақыл - ойының, парасатының қоймасы болып қалады. Қазіргі кітапханалар ол тек қана кітаптар емес, ол міндетті түрде газет - журналдар, аудио және бейнетаспалар, CD – дискілер, электронды оқулықтар.
Білім сапасына қатаң талаптар қойылып, оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңа әдістері пайда болса да, оқытудың жаңа технологиялары кең көлемде практикалық қолданысқа ие болса да, ғылыми – техникалық процесс арқасында өзгерістер енгізіліп, электронды ақпарат құралдары, информатикалық даму күннен - күнге жетілгенімен кітаптың алар орны бөлек. Себебі, прогресті жасау үшін де адамзаттың кітапқа жүгінбеуі мүмкін емес.
Президент өзінің кезекті жолдауында «Қазақстан бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына лайықты орын алу үшін өзінің мәдениеті мен ғылымымен, білім мен білігімен, рухани байлығымен елімізді айдай әлемге таныта білуі керек» - деген еді. Қазіргі таңдағы жан – жақты білім мен тәрбие берер оқу орындары – колледждер. Колледж кітапханасы – оқу орнындағы білімге ұмтылған оқушылардың, сондай – ақ ұстаздардың табылатын орны. Жас ұрпақты тәрбиелеуде кітапхананың орны ерекше. Бүгінгі шәкірттер – ертеңгі ел тұтқасы. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында «Кәсіптік және техникалық білім беру кәсіби стандарттарға негізделіп, қатаң түрде экономиканың қажеттіліктерімен өзара байланыстырылуы керек» деп атап айтқан еді. Жаңа онжылдықта Жаңа Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы үшін жоғары білікті, дені сау, рухани байлығы жоғары және өз Отанының патриоты бола алатын білікті мамандарын дайындауда колледждердің алатын орны ерекше. Уақыт талабы білімді кәсіби мамандармен қамтамасыз етіп отырған колледждердің қазіргі заман талабына сай жастарға сапалы білім мен саналы тәрбиенің жоғары деңгейде берілуін талап етеді. Сондықтан, колледж оқушыларының сапалы білімі, дұрыс тәрбие алуы – ең басты мәселе, жас ұрпақ тәрбиесіне кітапхана мен мәселесі де қатысты.
Кітапхананың оқырман алдындағы міндеті:
Әр азаматқа оқырман құқын толық қолдануға кепіл, кітапхана міндеті - бар қорын, өзінің жоспарын, қызмет көрсету түрлері туралы халыққа ақпарат беруге:
- Қызмет көрсету түрлерi, өздерiнiң жоспарлары, бар қорлар туралы халықты ақпараттандыру;
- Оқырмандарға қорларын пайдалануға, кітапхана қызметін пайдалануға ыңғайлы жағдай жасауға;
- Кітапханалық, библиографиялық, ақпараттық қызметін жаңартып тұру;
- Оқырмандарға жоғары мәдени қызмет көрсету, (қажетті деректерін таңдауға көмек көрсету, олардың каталог, картотека, анықтама-библиографиялық және ақпараттық материалдарды пайдалануына ықпал жасау, жаңа әдебиеттерді таныстыру және басқа шараларды ұйымдастыру);
Оқырман сұраған деректер жоқ болса, кітаптар аралық абонементпен сұраныс жасау.
Оқырмандарға пайдалану мерзімі аяқталған он күннің ішінде қайтаруын немесе мерзімін ұзартуын ескерту. Егер осы айтылған мерзім ішінде деректер қайтарылмаса, оқырманға талап ету хатын жіберу немесе он күннің ішінде мазмұны мен құны тең келетін деректерді орнына алып келу.Талап ету хатында мерзімі өткен күндер үшін ақша төлейтіні туралы, егер қайтарылмайтын болса немесе орнын толтырмайтын болса он есе нарық құны айып тағылады.
Егер белгіленген деректер қайтарылмаса немесе орнына басқаны алып келмесе, оқырман және абонементтің келісімімен жасалған деректердің он есе құны төлемі кітапхана кассасына салынады. Алынған соммаға кіріс ордері жазылып, оқырманға түбіртек беріледі.
Кітапхана қорына келтірілген зияны үшін төленген ақшалай қаражат өсім айыбынан кітапхана қорын толықтыруға, басылымдарды түптеуге және т.б. іс-шараларға жұмсалады.

Кітапханада оқырманға рұқсат етілмейді



  • Бақылау аумағына сырт киіммен, қолшатырмен, портфельмен, іші көрінбейтін пакеттермен, фотоаппаратпен, магнитофонмен кіруге.

  • Оқу залына басқа бөлімдерден алған кітаптармен кіруге кітапханашының рұқсатынсыз кітаптарды алып шығуға.

  • Каталог пен картотекада карточкаларды алып, оларды белгілеу және ашық баспалар тұрған көрмелердің тәртібін бұзуға.

  • Кітапхана ішінде темекі шегуге.

  • Оқырмандар жауапты:

  • Кітапхана қорына зиян келтірген адамдар ҚР Заңына және осы Ережеге сәйкес материалдарды және басқалай да жауап береді.

  • Кітапхана қорынан баспа туындыларын және басқа материалдарына толтырылмас зиян келтірілсе немесе жоғалтса, азаматтар, кәсіпорындар, мекемелер сол туындыларға және басқа материалдарға ұқсас туындыны ауыстырады немесе кітапхана белгілеген баға бойынша, басқа нұсқасын, егер орнына ауыстыра алмаса, нарық құны он есе мөлшерін төлейді.

  • Егер кітапхананың Ережесін сақтамай бұзған жағдайда кітапхана әкімшілігі қойған мерзімде кітапхана қызметін пайдалану құқын жоғалтады:

  • Кітапханадан деректерді алып кеткенде, алып кетейін деп тұрғанда немесе толтырылмас зиян келтіргенде.

Заманауи анықтамалық-іздеу аппараты


Заманауи анықтамалық-іздеу аппараты (АІA/ CПA) тиісті бағдарламалық құралдардың көмегімен дәстүрлі каталогтар, картотекалар мен электрондық дерекқорларды біріктіреді, ашық ақпараттық кеңістікке шығуды қамтамасыз етеді. АІА/ CПA кітапхана қорының мазмұнын ашуда және әдебиеттер таңдауға көмек көрсетуде тиімді тәсіл болып табылады.



1.2 сурет – Кітапхананың анықтамалық іздеу аппараты
Бүгінгі ақпараттық техникалық үрдістің даму барысында ақпараттың мүмкін-діктері мол жаңа техникалық құралдардың пайда болуы заңды құбылыс. Бұрынғы дәстүрлі «кітапханашы - оқырман - кітап» жүйесіне жаңа буын компьютер енгізіліп отыр. ХХI ғасыр ақпараттық қоғам ғасыры, бұл өркениеттің жаңа түрі десе де болады, сондықтан жаңа әлемге үлкен дайындықпен, білім және компьютерленген өмір шындығын дұрыс бағалап, түсіне отырып аяқ басу керек. Ақпараттың дұрыстығы мен сапасына деген сенімді қалыптастыру кітапханашының жауапкершілігінде болмақ. Маңызды мәселелердің бірі-кітапхана базасында электрондық кітапхана құру. Электрондық кітапхана –оқырмандарға қызмет көрсету барысында жан-жақты мүмкіндіктер жиынтығын қолдану аясын кеңейтеді. Электрондық кітапхана –қордың бір бөлігі, әрі ақпараттық технологиялардың жаңа элементі. Электронды кітапхананың мәлімет базалары бағдарламалық-техника жиынтығын қолдана отырып құрастырылады, құжаттарды машина оқитын түрге айналдыру жұмысы жүзеге асырылады, құнды топтамаларды сақтау және олардың электрондық көшірмелерін жасау арқылы сирек әдебиеттерге, басқа да мәліметтерге еркін қол жетімділікті қамтамасыз ету, жеке жинақтарды құру сияқты жұмыстарды атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет