Диссертацияның өзектілігі


Қазіргі заман жастарын тәрбиелеуде кітапхананың рөлі



бет6/9
Дата28.06.2023
өлшемі0,7 Mb.
#103682
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9
1.7 Қазіргі заман жастарын тәрбиелеуде кітапхананың рөлі
Кітапхана қашанда және қай уақытта болмасын ең ғажайып керемет кітап мекендейтін, адам ақыл - ойының, парасатының қоймасы болып қалады. Қазіргі кітапханалар ол тек қана кітаптар емес, ол міндетті түрде газет - журналдар, аудио және бейнетаспалар, CD – дискілер, электронды оқулықтар.
Білім сапасына қатаң талаптар қойылып, оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңа әдістері пайда болса да, оқытудың жаңа технологиялары кең көлемде практикалық қолданысқа ие болса да, ғылыми – техникалық процесс арқасында өзгерістер енгізіліп, электронды ақпарат құралдары, информатикалық даму күннен - күнге жетілгенімен кітаптың алар орны бөлек. Себебі, прогресті жасау үшін де адамзаттың кітапқа жүгінбеуі мүмкін емес.
Президент өзінің кезекті жолдауында «Қазақстан бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына лайықты орын алу үшін өзінің мәдениеті мен ғылымымен, білім мен білігімен, рухани байлығымен елімізді айдай әлемге таныта білуі керек» - деген еді. Қазіргі таңдағы жан – жақты білім мен тәрбие берер оқу орындары – колледждер. Колледж кітапханасы – оқу орнындағы білімге ұмтылған оқушылардың, сондай – ақ ұстаздардың табылатын орны. Жас ұрпақты тәрбиелеуде кітапхананың орны ерекше. Бүгінгі шәкірттер – ертеңгі ел тұтқасы. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында «Кәсіптік және техникалық білім беру кәсіби стандарттарға негізделіп, қатаң түрде экономиканың қажеттіліктерімен өзара байланыстырылуы керек» деп атап айтқан еді. Жаңа онжылдықта Жаңа Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы үшін жоғары білікті, дені сау, рухани байлығы жоғары және өз Отанының патриоты бола алатын білікті мамандарын дайындауда колледждердің алатын орны ерекше. Уақыт талабы білімді кәсіби мамандармен қамтамасыз етіп отырған колледждердің қазіргі заман талабына сай жастарға сапалы білім мен саналы тәрбиенің жоғары деңгейде берілуін талап етеді. Сондықтан, колледж оқушыларының сапалы білімі, дұрыс тәрбие алуы – ең басты мәселе, жас ұрпақ тәрбиесіне кітапхана мен мәселесі де қатысты.
Кітапхана – сапалы білімнің сенімді кепілі. Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың туының тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтерін де осы кітапханадан табамыз. Талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтың көзі - осы кітаптар. Рухани білім мен мәдениеттің ауадай қажеттілігі, маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес. Адам баласы сол байлықтың көзін «кітап» деген құдіреттен тапты. Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір.
Кітапхана өмірі – сырт көзге біліне, байқала бермейтін ағысы баяу, тулаған толқындар ішінде жататын өмір. Сол өмірге бойлап, дендеп енген адам ғана бұл шаңырақтың қыры мен сырын аңғара алмақ. Өзгеге қуаныш сыйлап, өзін ғасырдан - ғасырға жеткен асыл қазынамыздың қожайынындай сезінер.
Оқушыларға кітап оқудың ықпалы зор. Заманалар толқынында тербеліп, өзінің қымбат қазынасын ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп келе жатқан кітаптың адамның рухани азығы екені даусыз. Біздің кітапхананың мақсаты кітапханаға оқырман тарту, кітап сөрелеріндегі кітаптарды оқырман қолына жеткізу, насихаттау. Кітапхананың әрбір кітабын оқушыға насихаттауда кітап көрмесінің маңызы зор. Кітапханада 11 дана компьютер қондырылған, оқушылар келіп қажетті әдебиеттерін алып, компьютермен қолданады. Бұл орын оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді. Колледж кітапханасының қорында бүгінгі таңда: Кітапхананың жалпы кітап қоры – 26227 экз. Оқулықтар саны – 20929 экз, соның ішінде мемлекеттік тілде 10201 экз. Оқу - әдістемелік әдебиет – 2588 экз. Көркем әдебиет саны – 2462 экз, мемлекеттік тілде – 321.
Колледж кітапханасында жыл көлемінде жоспарланған іс - шаралар өткізіледі. 2013 - 2014 оқу жылы басында «Қазақстан Конституциясы», «Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа Жолдауы», «Мемлекеттік рәміздер», «ЖИТБ - ғасыр індері», т. б. тақырыптарда газет - журнал беттерінен материалдар жинақталып, көрме ұйымдастырылды. Қосымша «Безопасность жизнедеятельности», «Правонарушение подростков», «Терроризм (жалған қоңыраулар)», «Иман» т. б. папкалары жасалды.
Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақты тәрбиелеп отырған колледж дейтін болсақ, сол колледжде орналасқан кітапхана да осы міндетті бірге атқарады. Бүгінгі колледж кітапханасы кітап қоры және кітаппен қамтамасыз етумен ғана шектелмейді. Кітапханамыз жыл сайын жаңа буын оқулықтармен, электронды оқулықтармен, арнайы пән оқулықтармен қамтылады. Соның бір айғағы – кейінгі жылдары «Фолиант», «Жазушы», «Мектеп», «Кітап» баспаларынан шыққан көздің жауын алатындай кітаптар, оқулықтар кітапхана қорын толтырады. Бұл оқырман қауымы үшін үлкен сый - сияпат, рухани байлық. Білім бұлағы – кітапты жұртшылыққа өткізуде кітапхананың ролі зор. Кітап – білім мен рухани байлық бұлағы. Оның өшпес құндылығы міне, осында колледж кітапханасы ролі жылдан - жылға артып келеді. Иә, рухани болмысымызды айқындауға құдіретті құрал – кітап өлшеусіз роль атқарады. Кітапхана қорын уақыт талабына сай жаңа ізденістермен жаңа идеялар қажет. Рухани азық іздеген көзі ашық, көкпегі ояу, әрбір адамның келер шаңырағы. Еліміз үшін елеулі күндерді естен шығармау кітапхана жұмысының бір тармағы деп танып, түрлі шаралар, кездесу, кітап қоймалар, кітапханамен байланысты өткізіледі. Атап айтсақ; «Желтоқсан ақиқаты» кездесу кеші, Тіл – халықтың жаны мен жүрегі қара сөздің қас шебері. Колледжімізде жыл сайын тіл апталығы өтеді, ал кітапханада: «Тілдің тағдыры – ұлттың өз қолында», «Табиғат – алтын бесік», «Жері байдың – елі бай» атты көрмелер ұйымдастырылды. Кітапханаға оқушылармен оқытушылар жиі келіп қажетті әдебиеттерін жаздырып алып отырады, білімдерін толықтырады. Бұл орын оқушылардың ой - өрісін дамытып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне көп ықпалын тигізеді. Талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтың көзі осы – кітаптар. Адам баласы сөз байлықтың көзін «кітап» деген құдіреттен тапты. Ғылым мен техника, жоғары технология дамыған ХХІ ғасырда да бәрінің бастау алар көзі кітап. Қазіргі қоғамымыздың қайнар көзі осы кітапханадан бастау алады. Осы қасиетті қазынамыз кітаптарды көзіміздің қарашығындай сақтайық, оқырмандарды кітап мұхитына жетелейтін мәдени ошақтардың бірі кітапхана болып табылады. Білім бұлағының нәрін келер ұрпаққа жеткізіп, кітап қорын сақтап қалу қазіргі кітапхана қызметкерлерінің асыл парызы. Түсінген адамға кітап баға жетпес байлық. Кітап көпті көрген ақсақалдай тағылымы көп, тәрбиесі мол ақылшыңда, сырласың.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет