Дипломдық жобаның мақсаты – Заман талабына сай қызмет көрсетудің мәнін, мазмұнын айқындайтын тәжірибелер арқылы зерттеу. Кітапханалық қызмет көрсету жолдары арқылы ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың өшемдері мен көрсеткіштерін айқындау
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
Бибилиографиялық ақпараттандыру- оқырмандардың сұранысына сәйкес библиографиялық ақпаратпен жүйелі қамтамасыз ету.
Оқырмандармен жұмыс- оқырмандардың сұранымы мен мүддесін қалыптастырып, қанағаттандыратын, зерттейтін, оқуына басшылық жасайтын және әдебиеттерді насихаттайтын кітапхананың негізгі жұмысы болып табылады.
Диагностикалық бағыт – жүргізілген жұмыстарды қорытындылап, көрсеткішін анықтау арқылы нәтижені анықтау.
Зерттеу нысаны. Қазіргі таңда пайдаланушыларға сапалы автоматтандырылған кітапханалық- библиографиялық қызмет көрсету.
Зерттеу пәні. Кітапхана ақпараттық жүйесін құру
1-ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ. КІТАПХАНА АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кітапхана ақпараттық жүйесі Кітапхана — мәдени-ағартушылық ғимарат. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады. Кітапхана атқаратын міндетіне, кітап қорының құрамына және жұмыс әдісіне қарай екіге бөлінеді: а) көпшілік; ә) ғылыми және арнаулы.
Көпшілік кітапхана — оқырманға қоғамдық-саяси, кәсіптік, жалпы білім беретін басылымдарды ұсынады.
Ғылыми және арнаулы кітапханалар, ғылым салалары мен белгілі бір ұйымдарға (мекемелер, оқу орындары, т.б.) қызмет етеді.
ХХІ ғасыр рухaният, мәдениeт, ақпaрaт ғaсыры екені әлeмдeгі aдaмзатқа бeлгілі. Қай қоғамның тұрaқты дaмуында мәдeниеттің aлaр орны зoр eкeнін aлғa тaртсaқ, бiздiң рухaни тынысымыздың өзeкті мәсeлeлeрінің бiрi – кiтапхaналaр жaғдaйы.
Кітапхана дүниeдe eштeңe тeңeстiрiлмeйтін білім бұлaғының көзi, ғaсырдaн ғaсырға aдaмзaт тaрихының кeруeнін сүрiндiрмeй әкeлe жaтқaн шырaғы биiк, пaрaсаттылық пeн бiлiмдiліктiң, бiлiктiліктiң киeлі oрдaсы.
Бүгiнгi тaңдaғы қoғaмдық өзгерістер, қоғамның өркениеттік деңгейге көтерілуі, ашық ақпараттық кеңістікке өтуі кітапханалардың жаңа бағытта жұмыс істеуін талап етеді. Заманауи қоғам – ақпараттық технологиялар заманы. Ақпараттық, мәдени-ағарту орталығы болып табылатын заманауи кітапхана – бұл мәдениеттің, ғылымның әлеуметтік институты және кітапхана саласындағы озық технологиямен жұмыс жасауды талап етеді.
Кітапхананың саны, сапасы және оның жұмыстарын ұйымдастырумен халық мәдениеті арасында тығыз байланыс бар. Кітапхананың жай-күйі арқылы мемлекеттің мәдени деңгейін байқауға болады. Кітапхана- мәдениетті дамытатын, оның жетістіктерін марапаттайтын әмбебап құрал. Кітапхана мәдени жетістіктерді құжат түрінде тіркеуге, оны басқа мекемелерге қарағанда әр адамның санасына жеткізуге мүмкіндік жасайды. Оның қорында халықтың өткені мен болашағы сақталған. Адамдардың мәртебесі, лауазымына қарамастан, халықаралық кітап мәдениеті әлеміне тең дәрежеде енуіне, яғни, кітапхана әлеуметтік теңдікті, әлеуметтік әділеттілікті реттеуші қызмет атқарады.
Бүгінгі кітапханашы – менеджер, ол – бағдарламашы, ол – психолог, бірнеше саланы меңгерген, дәлірек айтқанда, кітапхана ісінің дамуын алға жылжытатын, қызмет көрсетудің әдіс-тәсілін қалыптастыратын білікті маман болуы шарт. Қоғамда кітапханашы беделі жоғарылап, мәртебелі мамандық ретінде таныла бастады. Кітапхана саласында қолданылып жатқан жаңа ақпараттық технологиялар, электрондық ресурстар, пайдаланушыларға қызмет көрсетудің жаңа формалары, кітапхана қорларын сақтау – бүгінгі күннің белгісі. Кітап-қарым-қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. «Кітап-білім бұлағы» деп бекер айтылмаған екен. Енді біз кітап туралы қандай нақыл сөз, мақал-мәтел, тақпақтар білеміз, соны ортаға салайық .
Кітапхана қызмет көрсету бағытына қарай: ғылыми кітапханалар, көпшілік кітапханалар, балалар кітапханалары және оқу орындары кітапханалары болып бөлінеді.
Кітапханашыға әр түрлі саладағы кітаптар мен ақпаратты сақтап, реттеп дер кезінде, тез арада оқырманға жеткізілуіне кітапхана-библиографиялық жіктеу көмекке келеді.
Осы ғылым салаларының қайсысы болсын өз тарихы, негізін қалаушылары бар. Ғасырлар бұрын ашылған ғылым жаңалықтарын кейінгі ұрпаққа жеткізіп, оны одан әрі дамуға септігін тигізіп отырған – кітап.
1.2 Кітапхана тарихы 80-ші жылдары мәдениет саласында айтулы табыстар болды. 1979 жылы ауданымызда астық көп шығып , бүкіл ел болып астық жинауға көмек көрсетілді. Кітапханашылар агитбригадалармен бірлесе отырып, егін даласына барып, эртүрлі шаралар өткізді. Алдыңғы қатарлы механизаторларға құрмет көрсетіп «Молния» газеттеріне шығарды. Аудандық радиодан бейсенбі күндері «кітаптарға шолу» атты айдармен кітапханашылар ертістіктерді жаңа кітаптармен таныстырып, шолулар, әңгімелер өткізді. Әр жылдары болған кітапхана директорлары: Раиса Александровна Бондаренко 1978-1986 жылдары, Галина Дмитриевна Майор 1986-1992 жж., Зейне Түяққызы Қабышева 1992-1995 жж., Тамара Владимировна Дымова 1995 жылдан қазіргі кезеңге дейін істейді. 1991-2000 жылдар аралығында кітапхана жұмысын тиімділігін арттыру оңтайландыру жүмыстары жүрді, мемлекеттік жүйеде экономикалық қайта құру басталды. Осы жылдары қалалық кітапханалар жабылып, кітап қорлары мектеп кітапханаларына берілді, аудан бойынша 52 кітапханадан 8 ғана кітапхана қалды. 2003 жылы кітапхана жұмысында облыстық «Ауыл кітапханасы» бағдарламасы жұмыс істеді. Осы бағдарлама арқасында ауданның кітапхана саласы жаңғырды. Кітапхана жүйесі қалпына келтіріліп 23-ге жетті. .
2002 жылы Ертісте Ұлттық кітаптар кітапханасы ашылды. Ол кітапхана ұлттық мәдени ұжымдардың орталығына айналды. 12 кітапхана компьютерлендірілген, интернет жүйесі бойынша, электрондық каталог арқылы ақпарат іздеу мүмкіндігі берілген. Пайдаланушылар назарына «Тіл қазына» ресурстық орталығы ұйымдастырылған. Бұл орталық мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйренуге ықпалын тигізеді. Барлық кітапханаларда РАБИС бағдарламасы енгізілген. 2008 жылы балалар және ұлттық кітаптар кітапханасы ауылдың орталығындағы жаңа ғимаратқа көшірілді.
Ертіс ауылының барлық кітапханалары жаңа заманға сай жиһаздармен жабдықталуда. Кітапханалармен көпшілік ақпарат құралдары арасында серіктестік қарым-қатынас орнатылған. «Ертіс нүры», «Иртыш» т.б. газет беттерінде ақпараттық және ақпараттық шолулар, кітапханада өткізілген шаралар туралы жазылып, жарнамалық ақпараттар басылады. Ең негізгі мақтанышымыз, ол, кәсіпщі кітапханашыАудандық кітапханада 30-40 жылдан аса қызмет істейтіндер: Аманжолова Л.Б.,Сланбекова Ж.К., Куляпина Л.С., Щетинина Л.Б., Градиль Н.В., Дымова Т.В., Швецова В.С. Барлығының еңбек кітапшасында бір ғана жазу «аудандық кітапханаға алынды» деген. Кітапханашылар ауылдың мәдени өмірінің дамуына өз үлестерін қосып, үнемі маңызды шараларға қатысып, бастаушы болады.
2008 жылдың қарашасында «Ертіс ОКЖ»ресми сайты құрылды. құжаттарды электронды түрде жеткізу мүмкіндігі бар. Бүгінде Ертіс ОКЖ-сі 8 модельді ауылдық кітапхананы құрайды. Кітапханалар компьютерлендірілген , АКЖ-де 28 компьютер бар. РАБИС бағдарламасы орнатылып, электронды дерек қоры құрылған. Қолданушыларға қызмет қөрсету мақсатында мемлекеттік және басқа да тілдерді үйренуге арналған «Тіл қазына» ресурстық орталығы жұмыс істейді.
ХХІ ғасырдың ақпараттық техналогиялары сонымен қатар, техникалары ауқымды дамыған таңда бүкіл әлемде болып жатқан автоматтандырылған ақпараттық технологияның тез қарқынды дамуына байланысты Қазақстан Республикасының кітапханаларының кітапханалық жұмыс процестерін автоматтандыру ең басты және маңызды істедің бірі. Негізінен Қазақстан Республикасында автоматтандырылған кітапхана ақпараттық жүйесі 1989 жылдан басталды. Ең алғаш Қазақстандағы автоматтандырылған кітапхана ҚР Ұлттық кітапханасы болып табылады.
1.1 сурет – Ежелгі кітап
Әлемдегі ең көне кітап - Присс папирусы. Б.з.д 3350 жылы жарыққа шыққан. Фива қаласындағы пирамидалардың бірінен табылған бұл кітаптың мазмұны әлі күнге дейін ауқымды. Кітаптың авторы жастарға наразылығын білдіріп, тәрбие мен білім жайында жазған.