Дістемелік ерекшеліктері



бет23/32
Дата27.01.2023
өлшемі489,35 Kb.
#63309
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32
Байланысты:
Жанторинов С. Д. - 13-14 жас аралығындағы гір көтеруші спортшылардың дене дайындығы деңгейін арттырудың әдістемелік ерекшеліктері - Дене шынықтыру және спорт

Жүрелеу: бұл элемент итеру жаттығуларының өте маңызды құрамдас бөлігі. Ол кеудеден гірді итеріп түсіруден бұрын жасалады Жүрелеу кезінде гірлердің салмағынан соққы сіңіру қызметін атқаратын аяқтар тізе және жамбастан сәл бүгіледі, гір ұстаған қол кеудеде тұрады және қозғалмайтын күйде болады.
Итеріп түсіру: бұл гір итерудің ең маңызды классикалық элементі. Аяқты шапшаң әрі белсенді түрде түзегеннің арқасында гір жоғарыға бағыт алады, ең бастысы итере түсіру гірді қажет биіктікке көтеруге жылдамдық беретіндей шапшаң әрі белсенді болуы керек. Итеріп түсіру шапшаңдық пен белсенділік аз болса, гір көтеру жаныштау ретінде бағаланып, сондықтан есепке алынбайтын болады.
Шығу: гірді кеудеден итеріп түсіргеннен кейін бірден орындалады. «Өлі нүктеге» жеткен гірді тізені шапшаң бүге, қолды шынтақтан тіктеп көтереді. Арқа қатты бекітіледі.
Тіркеу: гір ұстаған қолды одан әрі жоғары тік көтеріп, аяқты да түзу ұстау тоқтағанша жалғасады (қозғалыссыз күйде).
Түсіру: төреші тіркелгенін айтқаннан кейін спортшы гірді кеудеге түсіруге кіріседі. Бұл шынтақты бүгу арқылы орындалады. Гірді түсірген кезде аяқ ұшымен жүру керек, ал шынтақты кеудеге қысып, аяқты тізеден сәл бүгіп, осылайша бел мен тұтастай тірек-қимыл жүйесіне ауыр салмақ азайтылады.
Келесі түсіру алдындағы бастапқы қалып: аяқ тіктеліп, табандар иықтың енінде орналасады, шынтақтар белдікке тіреліп, кеудеге қысылады, гір білек пен иық үстінде болады, арқа тепе-теңдікті сақтау үшін сәл артқа шалқаяды.
Серпілу жаттығуының толық циклін шартты түрде келесідей техникалық элементтерден тұратын жаттығу ретінде қарастыру керек: старт (басталуы), сермеу, түсіру, бекіту (тіркеу), төмен түсіру, серпілу [71].
Старт (басталуы): Б.Қ. – екі аяқты алшақ қойып, гірді олардың арасына қою, «старт (баста)» командасы гірді тұтқасынан ұсап, кеудені сәл алға еңкейтеді, бос қолды босаңсытып, кеуде тұсында ұстайды, арқаны түзетеді.
Сермеу: Гірді тұтқасынан ұстаған соң, оны тұғырдан көтереді, содан кейін аяқтың арасына кері сермейді. Бос қол босаңсытылып, артқа жіберіледі, арқа тік ұсталады.
Түсіру: бұл жұлқа көтеру жаттығуларының негізгі және энергияны қажет ететін элементі. Аяқты жамбас буынынан және кеудені белсенді түрде түзетудің арқасында снарядты тік қолмен көтеруде өте маңызды қажетті шапшаңдық беріледі. Қысқа сәтке гір көтеретін қол гірден босатылады, шынтақ аздап бүгіледі, содан кейін түзетіледі. Бұл элементті орындау кезінде қолды гірдің түбі әрқашан төмен қарай бағытталатындай, ал гір корпусы соққы жүктемесін жұмсарту үшін иық тұсын айналып өтетіндей етіп айналдыру керек. Білек бұлшықеттеріне түсетін салмақты азайту үшін қолды гір тұтқасына тереңдете кіргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет