Дістемелік ерекшеліктері



бет24/32
Дата27.01.2023
өлшемі489,35 Kb.
#63309
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32
Бекіту: Гірді қолды тіктеп көтергеннен кейін, аяқтар мен кеуде де тіктеледі және төреші дұрыс көтердің деген белгі бергенше қозғалмай тұрады.
Төмен түсіру: Бекітілгеннен кейін гірді келесі сермеу үшін төмен төменге түсіреді. Қолдар мен аяқтарды бірте-бірте бүгілуіне байланысты гір жеке оңтайлы траектория бойынша (мысалы: спортшының бойы, салмағы, жасы және т.б. сипаттамалардың маңызы бар) төменге түседі. Бұл элементте гірді қолмен гірдің «ілмегін» келесі сермеуді ескеру қажет (бас бармақ сұқ саусақтың үстіне қойылғанда). Снарядты төменге түсіру кезінде аяқты ақырын бүгіп, арқаны еңкейту арқылы қолға салмақ түсірмеу керек.
Сермеу: Бос қолды босаңсытып, артқа жібереді, арқаны тіктейді.
Жаттығуды орындағаннан кейін, бір қолмен максималды серпіледі, гірді кеуде деңгейіне түсірген кезде снарядты тұғырға қоймастан гірді екінші қолмен ұстайды.
1. Бастапқыда көтерудің ең жоғары қарқынын таңдап, берілген уақыт ішінде
Сондай-ақ, гір көтерудегі жарыс кезінде тактика жаттығулардың техникалық орындалуын, снарядтың қозғалу жолын (траекториясын) өзгертуді қамтуы мүмкін. Бұл факторларға жүгінуге - жарыстың аяқталуына өте аз уақыт қалған, ал күш әлі көп болған жағдайлар мәжбүрлейді. Спортшы жаттығудың қарқынын арттыра бастайды және орындау техниканың бөлшектерін өзгертеді. Бұл бөлшектер техника негіздерін бұзбайды, олар жаттығудың толық циклін бекіту және аяқтау уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Мысалы: гірді жоғары көтерудің ең қысқа жолы гірдің ауырлық центрін төменгі қалыпта және жоғарға көтергендегі күйді байланыстыратын тік сызық екені анық. Айта кету керек, мұндай түзу сызық бойымен серпілу жаттығуын орындау мүмкін емес. Спортшының аяғының арасындағы гірді серпе көтеру жатығуына гірді жұлқып көтермесе күші жетпейді. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, серпи көтеру жаттығуында снарядты көтеру және түсіру кезінде спортшының денесіне жақын жерде өтетін қисық бойымен гірдің салмақ орталығының өтуі ең қысқа траектория болатынын айтуға болды.
Гір көтеру жарысының практикасында бір команданың екі немесе үш қатысушысы бір сайысқа түсетін жағдайлары кездеседі. Мұндай жағдайда бәсекелестерді адастыру үшін топтық жұптар мен тактикалық комбинацияларды қолдану тиімді болады:
1. Спортшылардың бірі старттан кейінгі алғашқы минуттарда (2-4 минут) гір көтерудің жоғары қарқынды жылдамдығын (гір) әдейі таңдайды және сол арқылы бәсекелестеріне әсер етіп, оларды «қуып жетуге» мәжбүрлейді. Осыдан кейін ол қарқынын айтарлықтай төмендетіп, гірді қалыпты қарқынмен көтеруді жалғастырады, ол тіпті жарысуды тоқтатып, тұғырдан шығып кетуі мүмкін, ал әріптесі қазіргі жағдайды пайдаланып, бәрін өз қолына алады. Шаршаған бәсекелестерін қуып жетіп, озып кету мүмкіндігі пайда болады;
2. Команданың бір спортшысы жаттығу басталғаннан кейін ағынды басқарады және бөлінген уақыттың бесінші минутына дейін басқаларды артынан «сүйрейді», командадағы екінші серіктесі бөлінген уақыттың жартысынан кейін оның орнын (көшбасшының орнын) алады да бәсекелестеріне жаттығудың қарқынын төмендетуге мүмкіндік бермейді. Жолдастарынан кейін жарысқа қатысқан команданың үшінші қатысушысы сегізінші минуттан кейін гір көтеру (гірдің) қарқынын арттырып, уақыттың соңғы минуттарында алға шығып, жеңіске жетеді.
Жоғарыда аталған тәсілдер мен құралдар қатаң бәсекеде пайдалы және баға жетпес тәсілдер, физикалық көрсеткіштер бойынша бәсекелестер дерлік бірдей нәтижелерге ие болған кезде, бәскелестен кез келген, тіпті елеусіз артықшылықтың өзі жеңіске жетуге көмек болады. Бұл артықшылықты техникалық және тактикалық тәсілдерді қолдану арқылы жасауға болады. Сондықтан жаттығу процесінде дене шынықтырудың әрбір аспектісінің өзіндік құндылығы мен артықшылығы бар.
Гір көтеруде жылдамдық-күш төзімділігі, «жарылыс» күші, иілгіштік сияқты маңызды физикалық қасиеттермен қатар қозғалыстарды үйлестіру де тұр. Серпілу жаттығуы сәтінде гірдің салмағы 32 кг-нан (балалар үшін) 64 кг-ға дейін (ересектер үшін) болғанына қарамастан, спортшы снарядты басынан асырып бекітуі керек. Әр минут сайын гірді дұрыс қалыпта ұстау қиындай түседі.
Гір көтеру спортындағы жарыс іс-әрекетінің анықталған іргелі биомеханикалық заңдылықтары гір көтеруші спортшыының ең маңызды дене қасиеттерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді, олардың ішінде:
- Жылдамдық-күш қасиеттері, атап айтқанда, жұлқа көтеру жаттығуында сыртқа итеру кезінде гірдің оңтайлы үдеуін қамтамасыз ететін «жарылыс» күшінің көрінуі;
- Гір көтеруші спортшыға берілген жарыс уақытында жаттығулар орындауға мүмкіндік беретін күш төзімділігі;
- Гір көтеруші спортшыға жұлқа көтеру жаттығуларын орындау кезінде жалпы салмағы 48 кг және серпи көтеру жаттығуларын орындау кезінде 24 кг болатын спорттық снарядты көтеруге мүмкіндік беретін күш қасиеттері;
- Иілгіштік, спортшыға жарыс жаттығуларын орындау кезінде снарядты бекіту кезінде белгілі бір бұлшықет топтарын босаңсытуға мүмкіндік береді.

13-15 жастағы гір көтеруші спортшылардың дене дайындығы


көрсеткіштерінің өсу динамикасы
13-15 жастағы гір көтерушілердің дене дайындығын тексергеннен кейін алынған деректер осы спорт түріндегі маңызды дене қасиеттерін қалыптастырудың жалпы заңдылықтарды анықтау мақсатында дене дайындығы көрсеткіштерінің динамикасын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді анықтауға мүмкіндік берді, мұндағы:

  • - абсолютті базистік өсу;

ко - базистік өсу қарқыны;
кт - тізбектің өсу қарқыны;
tо - салыстырмалы базистік өсім;
tт - салыстырмалы тізбекті өсу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет