Бақылау тесті
|
Жасы
|
Модельдік деңгейге сәйкес келмеу дәрежесі
|
Модельдің деңгейі
|
дейін аз
|
дейін орташа
|
дейін көп
|
1
|
30 м (сек) жүгіру
|
13
|
4,75
|
0,1
|
0,2
|
0,4
|
14
|
4,43
|
0,14
|
0,28
|
0,56
|
15
|
4,2
|
0,2
|
0,4
|
0,8
|
2
|
Гірді кеудеге көтеру
(саны)
|
13
|
47
|
2
|
5
|
10
|
14
|
55
|
3
|
7
|
14
|
15
|
80
|
4
|
9
|
18
|
3
|
Толтырылған допты итеру (м)
|
13
|
8,95
|
0,21
|
0,42
|
0,84
|
14
|
9,8
|
0,2
|
0,4
|
0,8
|
15
|
10,48
|
0,19
|
0,38
|
0,76
|
4
|
Тіреле жатып қолды бүгіп-жазу
(саны)
|
13
|
39
|
2
|
3
|
7
|
14
|
43
|
3
|
6
|
12
|
15
|
44
|
3
|
7
|
13
|
5
|
Бір орыннан ұзындыққа секіру (см)
|
13
|
214
|
9
|
18
|
37
|
14
|
214
|
8
|
17
|
33
|
15
|
241
|
12
|
23
|
46
|
6
|
Допты екі қолмен алға лақтыру (м)
(м)
|
13
|
8,18
|
0,15
|
0,3
|
0,6
|
14
|
9,2
|
0,6
|
1,2
|
2,4
|
15
|
10,97
|
0,18
|
0,37
|
0,74
|
7
|
Биік белтемірге асыла тартылу
(саны)
|
13
|
8
|
2
|
4
|
8
|
14
|
13
|
1
|
2
|
4
|
15
|
16
|
2
|
4
|
7
|
8
|
1000 м жүгіру (сек)
(сек)
|
13
|
242,8
|
6,7
|
13,5
|
26,9
|
14
|
241,1
|
5,5
|
11,0
|
22,0
|
15
|
227,7
|
10,4
|
20,8
|
41,6
|
9
|
Алға еңкею (см)
(см)
|
13
|
9
|
2
|
5
|
9
|
14
|
9
|
2
|
5
|
9
|
15
|
14
|
4
|
9
|
17
|
10
|
Білек динамометриясы (кг)
|
13
|
22
|
0,95
|
1,9
|
3,8
|
14
|
28,45
|
1,2
|
2,4
|
4,8
|
15
|
34,40
|
1,2
|
2,4
|
4,8
|
Модельдік деңгейдің алынған нәтижелері жеткіншек жастағы гір көтерушілердің көрсеткен нәтижелерін сандық көрсеткіштер бойынша жедел талдауға мүмкіндік береді, мұндай ықпалдың қимыл-қозғалыс тесттерінің түгел кешені бойынша қорытынды баға шығаруға және жалпы спортшының дайындық деңгейін көрсетуге мүмкіндік бермейтінін атап өткен жөн. Біртұтас дайындық деңгейін анықтау үшін тест нәтижелерін ұпайға айналдыру қажет.
Бағалау процесі тест нәтижелерін ұпайға түрлендіруге болатын шкала таңдаудан тұрады. Таңдалған шкалаға сәйкес тесттерде көрсетілген нәтижелер ұпайларға немесе балдарға ауыстырылады. Бұл ұпайлар нормалармен салыстырылып, қорытынды баға шығарылады.
Ең көп таралған стандартты шкала - бұл біз қолданған стандартты ауытқу бойынша масштабталатын T-шкаласы.
Т-шкаласын қолданғанда орташа нәтиже 50 балға сәйкес келеді. Бұл модельдік деңгей ретінде алынған нәтижелер 60 ұпайға сәйкес келетінін білдіреді. Модельдік деңгейімен сәйкессіздіктің аз дәрежесі 5 бал, орташа - 10 бал, үлкен (көп) дәрежесі - 20 бал айырмашылығымен бағаланады.
Кешенге енгізілген барлық қимыл-қозғалыс тесттерін жинақтау нәтижесінде алынған, балмен көрсетілген қорытынды бағалар дене дайындығы деңгейін жалпы бағалаудың алғышарты болды. Осылайша, модель деңгейінің қорытынды бағаларын есептеу нәтижелері және онымен сәйкессіздік мәндері 13-кестеде келтірілген.
13-кесте. 13-15 жас аралығындағы гір көтеруші спортшылардың дене дайындығын қорытынды бағалау
Дене дайындығының деңгейі
|
Қорытынды бағалар
|
Модельдік деңгей
|
600 бал
|
Модельдік деңгеймен сәйкессіздіктің аз дәрежесі
|
550 бал
|
Модельдік деңгеймен сәйкессіздіктің орта дәрежесі
|
500 бал
|
Модельдік деңгеймен сәйкессіздіктің үлкен (көп) дәрежесі
|
400 бал
|
Тесттер кешені бойынша бағалау үшін 13-15 жас аралығындағы гір көтерушілердің барлық нәтижелері келесі формула бойынша балдарға айналдырылды:
Т = 50 + 10
мұндағы Т – тест нәтижесінің бағасы; Xi – көрсетілген нәтиже; x – орташа нәтиже; a – стандартты ауытқу [89].
Айта кету керек, 13-15 жас аралығындағы гір көтерушілердің модельдік сипаттамаларын әзірлеу процедурасы логикалық өзара байланысты алты кезеңнен тұрды:
1. Гір көтеруші спортшының аса маңызды дене қасиеттерінің даму деңгейін сипаттайтын қимыл-қозғалыс тесттерін анықтау;
2. Ұсынылған қимыл-қозғалыс тесттерінің кешеніне сәйкес жеткіншек жастағы спортшылардың дене дайындығының диагностикасын жүзеге асыру;
3. Стандартты сигма шкаласының көмегімен алынған нәтижелер бойынша дене дайындығының белгіленген нормаларын анықтау;
4. Дене дайындығының модельдік сипаттамаларының нормаларын анықтау;
5. Т-шкаласын қолданып тест нәтижелерін балға айналдыру;
6. Тесттер кешені бойынша модель деңгейінің қорытынды бағасын анықтау.
Әзірленген модельдік сипаттамалар бізге тест нәтижелерін модельдік деңгеймен салыстыру арқылы 13-15 жастағы гір көтерушілердің дене дайындығы деңгейін көрсетуге мүмкіндік береді.
Тесттер кешені бойынша жекелеген көрсеткіштерді салыстыру бізге жеткіншек жастағы гір көтерушілерді дайындауда артта қалғандарды анықтауға және алдағы уақытта оларды қатарға қосуға мүмкіндік береді.
Күлтелі диаграмманың көмегімен (7-сурет) графиктердің сызықтары сыналушы дайындығының күшті және әлсіз жақтарын көрсететін «профильін» анықтауға болады.
7-сурет. Күлтелі диаграмманы пайдалана отырып, сыналушының «профильін» құру
Зерттеу барысында біз келесі нәтижелерге қол жеткіздік:
1. 13-15 жас аралығындағы гір көтерушілердің дене дайындығы көрсеткіштеріне қойылатын нормалардың талаптары анықталды;
2. Жеткіншек жастағы спортшылардың дене дайындығының модельдік сипаттамаларының сандық көрсеткіштері және оларға сәйкессіздіктің дәрежесі анықталды;
3. Тест нәтижелерін абсолютті бірліктерден балдарға тез айналдыруға мүмкіндік беретін кестелік деректер жасалды.
3.3. Эксперименттік әдістемені әзірлеу, апробациялау және оның модельдік сипаттарын пайдалануды ескере отырып, 13-15 жастағы гір көтеруші спортшылардың дене дайындығын басқарудағы тиімділігін тексеру
Барлық спорт түрлерінде қол жеткізілген нәтижелер спортшының дене қасиеттерінің даму деңгейіне байланысты. Гір көтеру де солай. Спортшының дене қасиеттерінің даму деңгейін жарыс жаттығуларын техникалық жағынан дұрыс орындауы анықтайды. Жарыс жаттығуларының фазалары оны орындау техникасының талаптары гір көтерушінің қозғалу мүмкіндіктеріне сәйкес болған жағдайда ғана дұрыс орындалуы мүмкін. Сондықтан гір көтеру жаттығуларының техникасын меңгеру кезінде дене дайындығы оқытудың негізі болып саналады.
Осының негізінде спорттық шеберлікті арттыруда дене шынықтырудың маңызы зор екені анық. Кез келген біліктіліктегі гір көтерушінің дене қасиеттері адекаваты дамымаған болса оның шебер спортшы болуы мүмкін емес.
Өкінішке орай, көбінесе «дене дайындығы» деген сөз тек қана күш қасиеттерін дамыту де түсініледі, бұл қате түсінік. Кез келген басқа спорт түріндегі сияқты гір көтеруде де нәтиже қасиеттерді жеке емес, жиынтықта, кешенді түрде көрсете білуге байланысты. Сонымен бірге дене дайындығын жарыстарда жетістікке жету үшін негіз болатын жетекші қасиеттерді дамытуға бағытталған процесс ретінде қарастыру керек.
Гір көтерушінің дене дайындығына спецификалық талап қойылады: ол жарыс жаттығуларын меңгеруге және білік пен дағдыларды қалыптастыруға, оларды бәсеке жағдайында сапалы орындауға негіз болуы керек. Гір көтерушінің дене дайындығы көп қырлы және бірқатар міндеттерді шешуді көздейтіні сөзсіз, ал жаттығу процесінің белгілі бір кезеңінде қойылған міндеттерге байланысты дене дайындығының мазмұны адекватты болуы керек.
Біз негіз ретінде қазіргі сәтте жетекші болып саналатын көрсеткіштерді алдық. Дене қасиеттері дамуының елеулі өзгерістерін сипаттайтын сезімтал кезеңдер ескерілді. Мұндай кезеңдерде арнайы жаттығу белгілі бір қасиеттерді дамытуға ең жоғары нәтиже береді. Егер жаттығу сабақтарында осы кезеңдердің қолайлы мүмкіндіктерін дер кезінде қолданбаса, келешекте оны толық қуып жету мүмкін емес. Әр түрлі қозғалыс қасиеттері үшін сезімтал кезеңдер әр түрлі.
Мектеп оқушыларының дене қасиеттерін дамытуда келесі сезімтал кезеңдерді бөліп карауға болады:
- иілгіштіктің дамуының ең көп өсуі 8-10 жас аралығындағы бастауыш мектеп жасына келеді;
- күш қабілеттерінің дамуы 14-17 жаста байқалады;
- жылдамдық-күш қабілеттерін (жарылыс күші) дамытуға ең қолайлы жас 11-15 жас;
- жылдамдық қабілеттерін дамытудың шекті деңгейіне 13-15 жаста жетеді;
- жалпы төзімділіктің дамуына қолайлы кезең 14-17 жас деп есептеледі.
Біздің зерттеуіміздің аясында жеткіншек жастағы спортшылардың дене дайындығы деңгейінің динамикасы зерттеліп жасөспірімдер спорт мектептеріне арналған «Гір көтеру спорты» оқу бағдарламасының материалы негізінде таңдалған ең ақпаратты тесттер кешені бойынша, гір көтеру бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттер, гір спортындағы жетекші бапкерлердің ұсыныстарын ескере отырып, жас спортшылардың дене дайындығын кешенді диагностикалау және дисперсияны талдау жұмыстарына негізделе зерттелді.
2020-2022 жылдар аралығында жүргізілген педагогикалық эксперимент негізінде гір көтеруші спортшылардың оқу-жаттығу процесінде әзірленген модельдік сипаттамаларды қолданудың тиімділігі тексерілді.
14 жастағы гір көтерушілердің дене дайындығын бірінші рет тестілеу гір көтеруші дайындығының макроциклі басында, басқаша айтқанда, дайындық кезеңінің басында ұйымдастырылды. Бұл кезең гір көтеруші споршыларда күзде басталады.
Гір көтерудегі жылдық цикл негізгі үш кезеңге бөлінеді: дайындық, жарыс, өту кезеңдері [75,76,77].
Әр кезеңнің өзіндік спецификалық міндеттері мен мазмұны болады. Әрбір кезеңнің ұзақтығы, басы және аяқталуы облыстық, бүкіл Қазақстандық және халықаралық деңгейдегі ресми дене шынықтыру және спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес жоспарланады. Жылдың күнтізбелік жоспарында көзделген негізгі жарыстар ретінде ең маңызды үшеуі ерекшеленді. Оларға негізделіп жаттығу сабақтарының бүкіл жылдық циклі құрылды. Негізгі жарыстарда өнер көрсетумен қатар, екі-үш маңыздылығы аз жарыста өнер көрсетуді жоспарладық, бірақ бұл жарыстарды бақылау жарыстары, сондай-ақ егер алға қойған мақсатқа жете алмаған жағдайда осы кезеңдегі жарыс және жаттығу іс-әрекетіндегі қатемен жұмыс жүргізу ретінде қарадық.
Сауалнама нәтижелерін ескере отырып, кейбір түзетулермен және сап түзеу арқылы, бүкіл жылдық макроцикл бойынша гір көтеруші спортшылардың – жаттығу сабақтарының жалпыға бірдей әдістері қолданылды (14-кесте).
14-кесте. 14 жастағы гір көтерушілерді дайындаудың жылдық цикліндегі жаттығу әдістерінің реті
Достарыңызбен бөлісу: |