9-практикалық сабақ Тақырыбы : Тұқымның рөлі 9.1. Мәтін бойынша жоспар құраңыз Тұқымның керемет рөлі жөніндегі көпжылдық тәжірибелерге сүйеніп халық дана әрі тура мақалдар құрастырған: «Не сепсең, соны орарсың», «нашар тұқымнан жақсы өнім күтпе», «қалай себілсе, солай ұшырылады» ж.б. Ауыл шаруашылығы өндірісінің пәрменді дамыған қазіргі уақыттың өзінде, егіншілік осы заманғы техника мен дамыған ғылыммен қаруланғанда да шаруалардың аталған ақиқаты өзінің мәнін, маңызын жойған жоқ. Керісінше, өсімдік қарқындылығы ғасырында тұқымдық дәннің рөлі айтарлықтай жоғарылады. М.К. Фирсова және басқа ғалымдардың деректері бойынша жоғары сапалы тұқым тұқымға қарағанда егін өнімін ешқандай қосымша шығынсыз 15-20 % арттырады.
Тұқым үш топ сапа көрсеткіштерімен сипатталады: себу (егістік) сапасы – олардың себуге жарамдылық дәрежесін анықтайтын тұтас тұқымдық қасиеттері; сорттық сапасы – сорттық тазалығына, репродукциясына және тегіне (типіне) қойылатын талаптарына сәйкес келуі; өнімділік сапасы – нақты жағдайларда белгілі бір деңгейде өнім беру қабілеті. Аталған тұқым сапаларының көрсеткіштері бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ жекелеген пәндердің зерттеп, оқып-үйрену объектісі болып табылады. Егер тұқымның сорттық сапасын тұқым шаруашылығы оқытса, онда оның себу сапасын – тұқымтану пәні оқытып-үйретеді. Алғашқы кезде тұқым жөніндегі деректер ботаниктермен жинақталды, кейіннен тұқым сауда-саттық объектісіне айналды да оның сапасын анықтау қажеттігі туындады, ал мұның өзі тұқымның қасиеттерін зерттеуді талап етті. Бұрынғы Одақ аумағында тұқымды алғаш рет Ресейде 1864 жылы Рига политехникалық институтында талдап зерттей бастады. Мұның өзі тұқымтану саласының пайда болған кезеңі болып табылады. Алайда алғашқы ғылыми мекеме «Тұқым сынау стансасы» 1977 жылы А.Ф. Баталиннің басшылығымен Санкт-Петербургте Бас Ботаника бағында пайда болды. Бұл мекеме Одақта тұқымдық-бақылау қызметінің дамуына көп әсер етті, алайда қаражат, құралдардың жеткіліксіздігінен ол өзінің жұмысын жан-жақты дамытып әкете алмады. Станса сол кезде негізгі көңілді тұқымды ғылыми зерттеуге аударды, өйткені тұқымдық-бақылау қызметінің көптеген мәселелері әлі түсініксіз болды, ілімдік тұрғыда негіздеуді және шешуді талап етті. Стансаның үлкен мүмкіндіктері Қазан революциясынан кейін туындады. Ол тұқымтану және тұқымдық-бақылау қызметінің ғылыми орталығына айналды. Тұқымдық бақылау стансаларының әдістемелік орталығы болды. Мұнда тұқымдық бақылау қызметкерлері және одақтың басқа өңірлерінен тұқымдық-бақылау ұйымдарының болашақ жетекшілері ілімдік (теориялық) және іссаналық дайындықтан өтті. Кейіннен станса құрылымдық өзгеріске ұшырап, кеңес Одағы ғылым академиясының Бас Ботаникалық бағында тұқымтану бөлімі құрылды (бұрынғы Ленинградта), аталған тұқымдық мекеменің және К.А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясының тұқымдық-бақылау стансасы, Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Тұқымтану» бөлімі, Украинада тұқымдық бақылау қызметінің қарқынды дамуы, Қазақстанда бұрынғы Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында (Шортанды) аталған салада ірі көлемді жұмыстар атқарылды.
ХХ ғасырдың 70-жылдарында тұқымдық - бақылау лабораториялары мемлекеттік тұқым инспекциялары болып қайта құрылымдалды. Әрбір Одақтық Республикаларда, оның ішінде Қазақстанда мемлекеттік тұқым инспекциялары (Республикалық, аумақтық, облыстық, аудандық) құрылып қызмет жасады.
Олардың барлығы кезінде бірыңғай одақтық-республикалық бағыныстағы тұқымдық бақылау қызметін атқарды және оларды Одақтық ауыл шаруашылығы министрлігі жанында құрылған «Мемлекеттік тұқым инспекциясы» бір орталықтан мемлекеттік тұқым инспекцияларына әдістемелік және ұйымдастыру мәселелерінен жетекшілік жасап отырды. Мелекеттік тұқым инспекцияларының алдына үлкен, әрі жауапты міндеттер жүктелді: тұқымды себуге дайындау, өсіру, оны сақтау, шаруашылықтармен, ғылыми-зерттеу мемлекеттерімен және дайындау ұйымдарымен ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарына мемлекеттік үлгіқалыптардың (стандарттардың) сақталуын, сонымен қатар осы дақылдардың тұқым сапасын тексеру.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардың бас кезінде бұрынғы Одақтық нұсқалар, талаптар деңгейінде тұқымдық-бақылауды іске асырды.
Қазіргі кезде Қазақстанда «Мемлекеттік тұқым инспекцияларының» орнына «Мемлекеттік тұқым сапасына сараптама жасау лабораториялары» қызмет жасауда және тұқымдық бақылаудың екі түрі бар: мемлекеттік және шаруашылық-ішілік бақылау.