Дістемелік кешен



бет34/76
Дата18.11.2023
өлшемі2,05 Mb.
#124436
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   76
Байланысты:
Агрономия УМК 2017

Қосымша

  1. Агибаев А. Ж. ТулееваА.К., Сулейменова З. Ш. Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау. Оқу құралы. Алматы,2010.

  2. Асанов Қ.А. және басқалар, айылым және экология, Алматы, 2002

  3. Жанабаев Қ. Ш. Егіншілік негіздері, Алматы, 2012

  4. Ерлепесов М. П. .,Турешев О. Т. Орошаемое земледелие, Алматы, 1973.

  5. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік (Ауыл шаруашылығы), Казахско-русский, русско-казахский терминологический словарь (Сельское хозяйство), Алматы,200.

  6. Қазақша –орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік (Биология), Казахско –русский, русско-казахский терминологический словарь ( Биология), Алматы, 2000.

  7. Қазақша –орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік (Мал шаруашылығы),Казахско-русский, русско-казахский терминолгический словарь (Животноводство), Алматы,2000.

  8. Қазақша –орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік (Механизация) Казахско –русский, русско-казахский терминологический словарь (Механизация), Алматы, 2000.

  9. Мусинов А. , Махамбетов Е. Қазақ тілң, Алматы, 1995.

  10. Нұрғасенов Т. Н., Қалиев. Ә. Х. , Сүлейменова С. Е. .,Асқанбаев С. С. .,Өсімдік селекциясы және тұқым шаруашылығы негіздері , Астана, 2007.

  11. Нұрғасенов Т. Н., Қалиев. Ә. Х. , және басқалар.., Генетика, селекция және тұқым шаруашылығы . Алматы, 2007.

  12. Русско – казахский словарь, под редакцией Мусабаева Г. Г. (1-2 том) Алматы, 1978.

  13. Сүлейменова Н. Ш. ., Әуезов Ә. Ә. ., Оразымбетова Қ. Н. Егіншілік практикумы, Алматы, 2005.

  14. Тілемесов Х. ., Рамазанова Р. ., Ауылшаруашылығы сөздігі, Алматы, 1992.

  15. Асанов Қ. А. и др,Пастбища и экология . Алматы, 2002.



8-практикалық сабақ
Тақырыбы: Өсімдік шаруашылығы – ғылыми пән.
8.1. Мамандығыңызға сай термин сөздердің тізімін жазыңыз және оны түсіндіріңіз.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің алдында тұрған үлкен міндеттерді шешуде өсімдік шаруашылығының ғылыми пән ретінде атқаратын рөлі зор. Өсімдік шаруашылығы ғылыми пән ретінде XVIII–ғасырдан бастау алады және оның дамуына үлкен үлес қосқан жақын шетел ғалымдары, оның ішінде М.В. Ломоносов (Ресей ғылым академиясында «сыныбын» ашқан ғалым), И.И. Комов («Егіншілік жөнінде» атты кітап жазған), ал XIX ғ басында А.Т. Болотов (топырақ өңдеу, тыңайтқыш енгізу мәселелерін зерттеген, құнды ұсыныстар жасаған) сияқты Ресей ғалымдарын атап өтуге болады. Алайда өсімдік шаруашылығының ғылым ретінде қарқынды зерттеу, ғылыми жетістіктерді жарнамалау мақсатында ірі ғылыми жұмыстар жазу бағытында жемісті еңбектерімен XIX ғасыр мен XX ғ. басында ресейдің ұлы ғалымдары К.А. Тимирязев, И.А. Стебут, Д.Н. Прянишников, Н.И. Вавилов іске асырды.
- К.А.Тимирязев, фотосинтез ілімін жасауда ірі эксперименттік зерттеулер жүргізіп, солардың негізінде әлемге әйгілі «Өсімдіктер тіршілігі» т.б. классикалық ғылыми еңбектер жазып қалдырған.
- И.А.Стебут, тұңғыш рет танаптық дақылдарды өсіру жөніндегі шашыраңқы материалдарды біріктіріп, ірі-ірі ғылыми еңбектер жазған.
- Д.Н.Прянишников, өсімдіктердің қоректенуі және тыңайтқыштар қолдану мәселелерін (проблемаларын) зерттеген.
- Н.И.Вавилов, өсімдік шаруашылығы, мәдени өсімдіктердің биологиясы, систематикасы (жүйелеуі) және таралу географиясы жағынан баға жетпес құнды үлес қосқан (оның «Мәдени өсімдіктердің дүни Тұқымдық жадығат (материал), оның маңызы мен сипаттамасы. Қазақстанда тұқымтану және тұқымдық бақылау қызметінің дамуы,тұқымтану – тұқым туралы ілім. Алайда, ботаника мен өсімдік шаруашылығындағы «тұқым» түсінігі (термині) бір мағына бермейді.
Ботаникалық ұғымда тұқым – қосарлана ұрықтанудың нәтижесінде дамыған дән болып табылады. Ол ұрықтан, қоректік заттар қорынан және қабықтан тұрады.
Өсімдік шаруашылығында тұқым деп жоғары өнім алуға арналған әртүрлі тұқымдық жадығатты (материалды) атайды.
Танаптық (екпе) дақылдарда тұқымдық жадығат ретінде төмендегідей түзілімдер пайдаланылады:
- нағыз тұқымдар (бұршақ, қырыққабат, зығыр тұқымдас дақылдар, мақта өсімдігі ж.б.):
- жалаңаш және қабықты жемістер (қоңырбастар тұқымдасының дәндері – бидай, арпа, судан шөбі ж.б.; күнбағыс пен мақсары шекілдеуіктері, қарақұмық жаңғақшасы т.б.);
- жеміс шоғырлары (мысыққұйрық масақшалары, қызылша домалағы);
- түйнектер (картоп, жер алмұрты).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет