8.2. Мәтінді талдап, өз ойыңызбен толықтырыңыз. Тұқымдар - өсімдіктердің биологиялық және шаруашылық құнды қасиеттерін иеленушілер, соның нәтижесінде олардың сапасы алынатын өнім мен оның сапа көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етеді. Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі тұқымнан бастау алатыны ертеден белгілі ақиқат. Танапты сапасыз тұқыммен сепсең жағдайды ешнәрсе түзей алмайды: топырақ өңдеу де, тыңайтқыш та, егістікті күтіп-баптау да, жауын-шашын да. Қасиеттінің қасиеттісі – тұқымдық қамбаға қол созғаннан гөрі аш отырғанды қалаған тікелей немесе жанама бабаларының амалдарынан көпшілік жүздеген мысалды келтіре алады. Осыны Ресейдің бұрынғы Н.И. Вавилов атындағы Бүкілодықтық өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының ерлігі де дәлелдей түседі: олар Ұлы Отан соғысы жылдары (1941-1945 жж) қоршаудағы Ленинградта (қазіргі Санкт-Петербургта) аштықтан өліп жатса да, бүкіл планетадан жиналған әртүрлі дақылдардың қол сұғылмайтын бірыңғай тұқым коллекциясын көздің қарашығындай сақтаған. Еуропадан Орал сыртына, Сібірге және Қазақстанға қоныс аударған көшпенді-шаруалардың қиын да алыс жолдарын еске түсірген абзал: олардың түйіншектері тапшы болғанымен, әрбір арбада немесе шанада қасиетті (асыл) тұқымы бар дорбаларын мұқият күзеткен; осы қарапайым бір уыс дәннен әлі игерілмеген жерлерде жаңа егістік жайқалды.
8.2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
8.4. Мәтінді оқып, түсінгеніңізді айтыңыз. Өнім сапасы – өнімнің сатып алушының белгілі бір қажеттерін қанағаттандыруға жарамдылығын сипаттайтын сапалық қасиеттерінің жиынтығы және тиімділігінің өлшемі. Өнім сапасының көрсеткіштері абсолюттік, салыстырмалы немесе меншікті көрсеткіштер болуы мүмкін. Өнімнің сапалық қасиеттері өнімнің өндірістік және тұтынушылық қасиеттері жағынан анықталады.
Өнімнің өндірістік қасиеттері оны әзірлеу барысында қалыптасады және оған өнімді дайындау сатысында қол жеткізіледі. Өнімнің тұтынушылық қасиеттері тұтынушылардың нақты сұранымын қанағаттандыруға бағытталады. Қолданыстағы стандарт талаптарына сай келетін өнім тұтынуға жарамды деп есептеледі. Осы талаптарға сай келмейтін өнім сапасыз өнімге жатқызылады. Жоғары сапалы өнімде жақсартылған немесе жаңа тұтынушылық қасиеттер болуға тиіс және өнімділік, беріктік, төзімділік, материал сыйымдылығы, энергия сыйымдылығы,шикізатшығыны жөнінен орташа көрсеткішпен салыстырғанда елеулі сапалық және сандық көрсеткіштерге ие болуға тиіс.
Өнім сапасына қойылатын талаптарды тұтынушылар (тапсырыс берушілер), сарапшылар, дайындаушылар, сондай-ақ мемлекеттік органдар қалыптастырады және тиісті нормативтік-техникалық құжаттар мен шарттарда баян етіледі. Қолданыстағы заңдар тұтынушылардың мүдделерін көздей отырып, қоғамдық өндіріске қатысушылардың ғылыми-техникалық, өндірістік, құрылыс, ауыл шаруашылық өнімдерінің, көлік, жабдықтау, сауда, т.б. қызмет түрлерінің сапасын қамтамасыз етумен байланысты міндеттерін айқындап, заң жүзінде бекітеді.
Өнім сапасын жақсарту – өндірістің тиімділігін арттырудың маңызды шарты. Өнім сапасын арттыруға әсер ететін факторлар: еңбектің саналы түрде ұйымдастырылуы, технологиялық үдерістердің ойдағыдай жүргізілуі, шикізат пен басқа да материалдардың сапасы, т.б.
(Ғаламтор материалдарынан