9.2. «Қазақстан ғылымының соны жетістіктері» жоба дайындау. 9.3. Мәтіннен термин сөздерді теріп жазыңыз. 9.4. Мәтін мазмұнына сәйкес бірнеше сұрақ әзірлеңіз. Білгенге маржан. Витаминдер Витаминдер (vita- өмір,amin- қажетті) – бұл организмнің тіршілігіне
қажетті заттар. Витаминдер организмге қоректік заттармен жеткізіледі.
Олар организмде өтетін барлық процестерге қатысады: қалыпты жағдайын қамтамасыз етеді, өсіп дамуы, қоршаған орта факторларының ықпалына тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Кейбір организмнің тіршілігіне қажетті вмтаминдердің түрлерін
қарастырайық:
А витамині- өсу витамині деп аталады, ол көзге пайдалы, теріге әсері бар. Ол жетіспеген жағдайда адамның көру қабілеті нашарлайды, адам жұқпалы ауруларға жиі ұшырайды. А витамині сүт жұмыртқа, бауыр, сәбіз, бұрыш, итмұрын, шие, асқабақ, сары өрік, жасыл жапырақты көкөністерде болады.
С витамині (аскорбин қышқылы) – организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұруын қамтамасыз етеді, жарақаттардың, күйгеннің жазылуын жеделдетеді. С витамині жас жемістер, көкөністер, аскөк (укроп), әшкөк, цитрустардың құрамында болады. Әсіресе итмұрын, ұшқат, лимон, қара бүлдірген, аскөк, көк пияз С витаминіне өте бай.
В витамині. Витамин жүйке жүйесінің қызметін реттеуге қатысады, тері, шаш, тырнақтың сау болуына, адамның еске сақтау қабілетіне де әсер етеді. Организмге В витамині жетіспеген жағдайда қозғалу нашарлайды, бұлшық еттердің сіреспесі байқалады, жүйке жүйесінің аурулары қозады, қан аздық байқалады. В тобындағы витаминдер бауыр, қара құмық (гречка) және сұлы жармалары, ұрпақ ұн, кебек, балық, жұмыртқа, ірімшік, теңіз өнімдерінің құрамында көп болады.
Д витамині сүйектердің дамуына және қаңқаның қалыптасуы үшін қажет. Екі жасқа дейінгі балалар Д витамині жетіспеген жағдайда «рахит» ауруына шалдығады. Бұл ауру кезінде тірек- қимыл аппаратының дамуы бұзылады және ортаңғы жүйке жүйесі зақымданады. Д витамині адамның терісіне күн сәулесінің немесе жасанды ультракүлгін сәулелері әсерінен
түзіледі. Ол балық майында және сүт өнімдерінде көп болады.
Е витамині – организмде оттегін тасымалдауға қатысады, заттарды залалсыздандырады, көбею процесіне қатысады. Ол өсімдік майы, соя, қара құмық (гречка) жармасы, жұмыртқа, жаңғақтың құрамында кездеседі.
(Р.Ә.Көзденова, Н.Қ.Сейтмамбетова. Медициналық валеология)