Дістемелік кешен


Өнімді бағдарламалау өсімдіктердің тіршілік факторларын зерттейтін ғылым ретінде



бет60/76
Дата18.11.2023
өлшемі2,05 Mb.
#124436
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   76
Байланысты:
Агрономия УМК 2017

Өнімді бағдарламалау өсімдіктердің тіршілік факторларын зерттейтін ғылым ретінде.Ауылшаруашылығы дақылдарының өнімі қоршаған орта факторларының әсер етуімен қалыптасады және өсімдіктер әрбір фактормен өзінің қажетсінуіне сәйкес толық (оңтайлы мөлшерде) қамтамасыз етілуіне байланысты.
Өнімді бағдарламалаудың мақсаты: біріншіден, өсімдіктердің биологиясын тереңірек білу, яғни әрбір дақылдың қоршаған орта факторларына (жылу, ылғал, қореқтіқ заттар, жарық және т.б.) қоятын талаптарын және осы факторларға сәйкес өсімдіктердің қиын-қыстау өсіп–даму кезеңдерін ескеру; екіншіден, осы факторлармен өсімдіктерді қажетті мөлшерде және керекті кезеңінде тиісті өсіру технологияны қолдану арқылы қамтамасыз етуін үйрену.
Дақылдар өнімінің негізгі массасы (95 пайызға дейін) өсімдіктердің фотосинтетикалық қызметі арқылы қалыптасады, егістіктер өнімінің потенциалды мүмкіндіктерін фотосинтез құбылысы арқылы күн сәулесі радиациясын пайдалануын арттыру осы заманғы өсімдік шаруашылығының өте маңызды мәселерінің бірі.
Мол да сапалы азық-түлік пен қамтамасыз етудегі үдей түскен мұқтаждық өсімдік шаруашылығы өнімдерін тұрақты, әрі қарқынды түрде ұлғайтуды талап етеді.
Өндірісті ұлғайтудың негізгі жолы – қарқындандыру, яғни бір өлшем жерден өндірілетін өнімді арттыру үшін жұмсалатын қаражат пен шығынды көбейту және әрбір алынған өнімге есептелген шығынды азайту болып табылады.
Өсімдік шаруашылығы саласында өндірісті қарқындандыру жағдайында пәрменді технологияларды пайдалану арқылы жүргізіледі, дегенмен өнімді үлғайтуға бағытталған кез келген технология элементерін қолдану ылғи нәтижелі бола бермейді, ал оның бәрі көбінесе өсімдіктердің сыртқы орта факторларына мұқтаждығын және олардың өсіп-даму жағдайларын реттеу жолдарын дұрыс білмегендіктің әсері.
Өсімдіктердің өсіп – дамуын зерттеу және өнімнің қалыптасуына қажетті қолайлы жағдайларды жасау мәселелерімен агроном мамандарын даярлайтын бағдарламаға кіретін оқу пәндері: өсімдіктер физиологиясы, агрохимия, егіншілік, селекция, өсімдік қорғау, өсімдік шаруашылығы, мал азығын өндіру, метеорология және т.б. ғылымдар айналысады. Өнім кешенді факторлар жиынтығының әсері арқылы қалыптасады, ал ол әрбір жеке ғылым ұсынған жекелеген агротехникалық шаралардың механикалық қосылысы бола алмайды, өйткені олардың ара байланысы қосындысының арифметикалық нәтижесін өзгертеді, сондықтан өнімділікті арттырудың негізгі жолы - барлық өсімдік шаруашылығы пәндер бойынша білім жиынтығын кешенді пайдалануға негізделген тығыз байланысты агротехникалық тәсілдер кешенін зерттеп дайындау және факторларды оңтайландыру деп есептеу керек. Мұндай әдіс ғылымда «Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін бағдарламалау» деп зерттеледі.
М.К. Каюмовтың (1989) пікірі бойынша бағдарламалаудың негізгі мақсаты шектес ғылымдар (өсімдік физиологиясы, егіншілік, өсімдік шаруашылығы, топырақтану, агрохимия, метеорология, агрофизика, сонымен бірге математика, кибернетика және экономика ) жетістіктеріне сүйеніп агрономияда сандық модельдер мен электронді–есептегіш машиналарға кеңінен қолдануға көшу, ал оларды қолдану өсімдіктердің өсуіне әсер ететін факторлар туралы үлкен ақпаратты тездетіп жөндеуге және жоспарланған өнімді алуға бағытталған агротехникалық шаралардың оңтайлы тәсілдерін ұсынуға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығында, әсіресе өсімдік шаруашылығында өнімді бағдарламалауды жүргізу анағұрлым күрделі, өйткені табиғат жағдайларына байланысты көптеген кездейсоқ, қиындықтарды болжай білу керек, сонымен қоса есте ұстайтын жайт, табиғи жағдайларда реттелмейтін немесе нашар реттелетін сыртқы ортаның жекелеген факторларына – жарыққа, жылуға, ылғалға – тиісті агротехникалық шараларды (мысалы себу мерзімі) қолдану арқылы бейімделу керек. Кейбір факторларды, атап айтқанда - өсімдіктерді қоректік заттармен қамтамасыз етуді, оңтайлы егін сабағының жиілігін жасауды, арамшөптер және зиянкестер мен ауруларға қарсы күресуді, осы жағдайға лайықты дақылдар мен сорттарды өсіруді, суармалы жерлерде ылғалдандыру жағдайын және т.б. реттеуге болады.
Диқанның негізгі мақсаты – өсімдіктердің тіршілік ететін факторларын оңтайландыруды қамтамасыз ететін әртүрлі өсіру технологияларын қолдану арқылы дақылдар егістігін барлық қоршаған орта факторларымен оңтайлы мөлшерде қамтамасыз ету.
И.С. Шатиловтың (1973) тұжырымдамасы бойынша, өнімді бағдарламалау- бұл сапалы және дер кезінде іске асырғанда күні бұрын есептелген ауылшаруашылық дақылдарының сапалы да мол өнімін қамтамасыз ететін бір-бірімен тығыз байланысты шаралар кешенін зерттеу болып табылады.
Реттелетін және реттелмейтін факторларды есептеп және тиімді пайдалану позициясы бойынша өнімді бағдарламалау түсініктемесіне мынадай анықтама беруге болады: реттелмейтін факторлар бойынша және дақылдардың, сорттардың потенциалды мүмкіндігін ескеріп өнім деңгейін анықтау негізінде сандық көрсеткіштермен реттелетін факторлардың мұқтаждығы есептелінеді және одан кейін дақылдың өсіру технологиясы арқылы іске асырылады.
Өнімді бағдарламалау ауданын, топырақ-климат жағдайын және дақылдың (өсімдіктің) биологиялық ерекшеліктерін ескеріп өнімнің қалыптасу бағытын алдын-ала анықтап есептейді, одан кейін әрбір кезеңге (этапқа) агрофитоценоздардың өнімділігіне және өсуіне, дамуына қажетті ескерілген сандық және сапалы көрсеткіштерді жеткізу үшін алдын-ала берілген жүйелілікте технология элементтерін қолданады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет