Дістемелік кешен



бет58/76
Дата18.11.2023
өлшемі2,05 Mb.
#124436
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   76
Байланысты:
Агрономия УМК 2017

СОӨЖ

Тақырыбы :
Төмендегі сызба бойынша мақала мазмұны туралы хабарлама (конспект) дайындау.

  1. Мақала атауы.

  2. Ғылыми мәселенің өзектілігі. Ғылым саласы. Ғылыми мәселе неге бағытталғандығы туралы)

  3. Әдебиеттерге шолу жасау.

  4. Ғылыми мақала бойынша глоссарий құрастыру.

  5. Бағдарламалаудың ғылым ретінде даму тарихы. Өнімді бағдарламалау негізі бойынша кешенді ғылыми-зерттеулер XIX-ші ғасырдан бастап XX ғасырдың алғашқы жылдарына дейін агрономия ғылымының негізін салушы ғалымдармен жүргізіліп және оның негізі салынған. Олар жүргізген ғылыми зерттеулерде өсімдіктердің негізгі тіршілік ететін факторлардың қажетсінуі санды көрсеткіштермен бағаланған. Осы ғалымдар арасынан Ю. Либих, Г. Гельригель, Э. Вольни, Д.Н. Прянишников, К.А. Тимирязев, В.Р. Вильямс және т.б. атап өтуге болады.

  6. Өте қарқынды ғылыми зерттеулер ХХ ғасырдың 30-шы жылдары жүргізіліп және одан алынған нәтижелері өндіріске еңгізіле басталды. Бұл бағыт бойынша ең алғашқы жұмыстар осы жылдары Ресейдің картоп селекционері А.Г. Лорхпен жүргізілген, ол Мәскеу облыс жағдайына 500 ц/га картоп түйнектерінің өнімін алу жүйесін дайындап және оның нақты жинаған өнімі 528 ц/га, ал кейінгі жылдары 700 ц/га дейін жетті.

  7. А.Г.Лорхпен дақылдың биологиялық ерекшелігіне сүйеніп дайындалған бағдарлама онтогенез үрдісінде өсімдіктің өсіп дамуына толық сәйкес болды және одан кейін өсімдіктердің қоршаған орта факторларына қоятын талаптарына сәйкес қоректік заттармен ылғалмен және т.б. факторлармен қамтамасыз етілуі реттелінді.

  8. ХХ ғасырдың 30-ші жылдарының соңында Мәскеу облыс жағдайына М.С. Савицкий күздік жұмсақ бидайдың 100 ц/га астық өнімін алу бағдарламасын дайындады, оның негізіне, А.Г. Лорхтың бағдарламасына қарағанда, өнім құрастыратын негізгі элементтер: бір метр алаңдағы өсімдіктер саны және өнімді сабак саны (масақтар), масақтағы дәндер саны, 1000 тұқым массасы енгізілген ол жасаған формула алынды, сонымен қатар жоспарланған өнім деңгейін қалыптастыру үшін қажетті тыңайтқыш мөлшері есептелініп бөлшектеп еңгізілген, ал нәтижесінде 99,8 ц/га астық өнімі қалыптасқан.

  9. Ақырында өсімдіктердің өсіп дамуын бақылайтын, дәл көрсететін аспаптар жасалғаннан кейін, ғылымды жаңа экспериментальды материалдармен байытты, әсіресе егістіктердің фотосинтетикалық әрекетін зерттеу бойынша. Осы сұрақтың маңыздылығын К.А. Тимирязев алдын- ала болжаған,, оның пікірі бойынша топырақ құнарлылығының шегі енгізілген тыңайтқыш және суарылған су мөлшерімен анықталмайды, ол жер бетіне күннен келіп түсетін жарық энергиясы мөлшерімен анықталады. Өсімдіктер хлорофилл- жасыл пигмент арқылы, күн энергиясын органикалық заттар химиялық энергиясына айналдырады да өсімдік массасын жинақтайды.

  10. Сондықтан максималды мүмкін өнім деңгейін алудың негізгі проблемасы өсімдіктердің фотосинтетикалық әрекетін басқаруды үйрену және егістіктермен күн энергиясын толық пайдалану болып табылады.

  11. ХХ ғасырдың 50-70-ші жылдары фотосинтез және өсімдіктердің өнімін арттыру мәселелерімен А.А. Ничипорович шұғылданды, ол 60 ц/га астық өнімі қанағаттанарлық екенін ілімдік (теориялық) түрде дәлелдеді, ал жоғары өнімдер егістіктердің фотосинтетикалық потенциалын толық пайдаланғанда 200 ц/га астық немесе өсімдік құрғақ фитомассасы өнімінен артық болу керек.

  12. Өткен ғасырдың 50-90 – шы жылдары а.-ш. дақылдардың өнімін қалыптасуын зерттеу мәселелерімен көптеген ғалымдар айналысты, бірқатар ғылыми мектептер пайда болды, мысалы, А.М. Рябчиков және Т.И. Шашко нақты өнім деңгейін қалыптастыру үшін әртүрлі топырақ-климат аймақтарында дақылдардың потенциалды мүмкіншіліктерін анықтауға мүмкіндік беретін фитомассаның гидротермиялық көрсеткіштерін және өсімдіктердің биологиялық өнімдерін анықтау әдістерін даярлап және есептеу формуласын ұсынды.

  13. Н.А. Ефимова (1969), Х.А. Молдау (1963) вегетациалық кезеңде орта айлық ФБР кірісін пайдалана отырып өнім деңгейін ФБР кірісі бойынша анықтайтын есептеу әдісін, ал А.М. Алпатьев егістіктермен ылғалдың кіріс және шығыс тепе –тендік (баланс) әдістемесін даярлады.

Әсіресе, үлкен зерттеу жұмыстары өнімді бағдарламалаудың барлық негізгі ұстанымдары (принциптері) бойынша К.А. Тимирязев атындағы Мәскеу а.-ш.. академиясында И.С. Шатилов және М.К. Каюмовтың жетекшіліктерімен жүргізілді. Бұл мәселелер бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары басқада ғылыми-зерттеу институтарында жиілігін - анықтайды;
- тұқымдық материалдарды тиімді пайдалану арқылы тұқымның себу мөлшерін есептеу әдістемесін даярлау негізінде, табиғи және суармалы ылғалдану жағдайларында жапырақ беті аумағының оңтайлы көрсеткіштерін және егістіктің фотосинтетикалық потенциалын қалыптасу, тыңайтқыш мөлшерін есептеу және т.б. бағалау мүмкіншілігін анықтайды.
Өнім деңгейін анықтау және оны өндіріс жағдайында бағдарламалау үшін реттелмейтін факторларды барынша ескере отырып, өсімдік тіршілігіне әсер ететін барлық реттелетін факторларды оңтайландыруға ұмтылу керек.
Жоғарыда аталған негізде туындайтын қорытынды:
Өнімді бағдарламалаудың барлық негізгі мәселелері бойынша ХХ ғасырда ғалымдармен үлкен ілімдік және іссаналық материалдар жинақталған, сонымен қатар осы тәсілдер Солтүстік Қазақстанның өндірістік жағдайларында қолдануының жоғары тиімділігі дәлелденген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет