Дістемелік кешен


-СОӨЖ Тақырыбы: Өнімді бағдарламалау бойынша жүргізілетін жұмыстардың негізгі кезеңдері



бет63/76
Дата18.11.2023
өлшемі2,05 Mb.
#124436
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   76
3-СОӨЖ
Тақырыбы: Өнімді бағдарламалау бойынша жүргізілетін жұмыстардың негізгі кезеңдері.Қарастырылған мәселе бойынша туындайтын қорытынды: өнімді бағдарламалау - өсімдік шаруашылығы, жемшөп өсіру, егіншілік, агрохимия, топырақтану, өсімдік физиологиясы, өсімдік қорғау, а.ш. механикаландыру, физика, кибернетика, а.ш. экономикасы және т.б. біріктіретін агрономия ғылымында біршама жаңа бағыты.
Бағдарламалаудың негізгі міндеті, біріншіден, әрбір дақылдың қоршаған орта факторларына (жылу, ылғал, қоректік заттар, жарық және т.б.) қоятын талабын білу керек, екіншіден, реттелмейтін факторлармен қамтамасыз етілуіне қарай (жарық, жылу, ылғал) әсіресе өнімдегі шектейтін факторлар бойынша егістіктің потенциалды мүмкіндіктерін бағалауды үйренген жөн, үшіншіден, шектеулі фактор бойынша (қоректік заттар, агрофитоценоз қалыптасу) мүмкін өнімнің деңгейін есептеу негізінде ең жоғары мүмкін өнім алуға бағытталған реттелетін факторлардың сандық мәнін анықтаған дұрыс.
Ғылым саласы ретінде өнімді бағдарламалаудың қойылған мақсатты шешуге арналған өзіндік тәсілі бар, оның негізінде өсімдік тіршілігінің басты факторларын есептеудің тепе теңдік (баланстық) әдісі алынған (күн радиациясы, ылғал, жылу, қоректік заттар элементі және т.б.), басқаша айтқанда, жоспарланған өнім деңгейін алуды қамтамасыз ететін факторлар мен шаралар жиынтығы алынады.
Сонымен бағдарламалау -тепе теңдік (баланстық) әдісімен нақты шаруашылық, танап жағдайында екпе дақылдардың өнім деңгейін белгілеуді қарастырады, өсімдік тіршілігіне қажетті реттелетін факторларды оңтайландыруға (қоректік заттар, жапырақ беті ауданы т.б.) және оған қоса реттелмейтін факторларды барынша есепке алуды ескереді.
Өнімді бағдарламалау - максималды немесе потенциалды өнім, нақты мүмкін өнім, және өндіріс жағдайында алынатын нақты өнім түсініктеріне ғылыми негіз береді, ПӨ-НМӨ-НӨ арасындағы сәйкессіздіктің себебін және осы көрсеткіштердің арасындағы алшақтықты азайту шараларын анықтайды.
Өнімді бағдарламалауда үш негізгі кезеңдерді орындау қажет.
Біріншісі – нақты топырақ--климат аймағына шектелген факторлар кешенін анықтау және оны модельдеу негізінде мүмкін өнімді дәлелдеу.
Екіншісі – алдын-ала жоспарланған өнімді алу үшін өндірісте тиімді нақты сандық критерийлерін (максималды мүмкін өнім, максималды таза табыс немесе минималды шығын) таңдап, тиісті агротехникалық шаралар кешенін даярлау.
Үшіншісі - өнімнің қалыптасуына оперативті бақылауды қамтамасыз ету және жоспарланған агротехникалық шаралар жүйесіне қажетті түзетулер енгізу.
Жаңа электронды есептегіш машиналар (ЭЕМ) шығуына байланысты полигондарда, нақты өндірістік жағдайларда, топырақ бонитетін, көпжылдық орташа климат көрсеткіштерін және т.б. арқылы есептелген нақты мүмкін өнім деңгейін ескеріп өндірістік жағдайларда да өнімді бағдарламалауына мүмкіндік туды. Өнімнің өндірістік жағдайына байланысты көптік линейлі регрессия модельдері даярланады, модель бойынша өнімді бағдарламалау ЭЕМ арқылы жүргізіледі.
И.С. Шатилов ұсынған бағдарламалаудың он ұстанымының төртеуі өнімнің қалыптасуына реттелмейтін қоршаған орта факторларының (биоклиматтық жағдай, ФБР кірісі, егістіктердің ылғалмен қамтамасыз етілуі және дақылдардың, сорттардың, агрофитоценоздардың т.б. потенциалды мүмкіндіктері) әсерін есептеуге бағытталған. Оқулықта барлық сұрақтар осы жүйе бойынша қарастырылады.
Дақылдар мен сорттардың потенциалды мүмкіндіктері олардың тіршілігіне қажетті факторлармен оңтайлы қамтамасыз етілген жағдайда ғана толық ашылады, осыған орай өсімдіктердің осы факторларға қоятын талаптарын білу және оларды аймақтың нақты топырақ-климат жағдайында мұқтаждығын қамтамасыз ету мүмкіндігін есептеу қажет, яғни аймақ, облыс, аудан жағдайларында биоклиматтық баға беріледі.
Биоклиматтық бағалау мына негізгі параметрлер бойынша жүргізіледі: көпжылдық орташа жауын-шашын мөлшері және олардың жыл бойы бөлінуі; орташа тәуліктік температура жиынтығы, ауаның орташа тәуліктік температурасы 0º, +5º, +10º - тан ауысу күндері және осы температуралардан жоғары кезеңнің ұзақтығы; алғашқы және соңғы бозқырау түсетін күндері; алғашқы күзгі және соңғы көктемгі бозқырау түсетін күндеріне байланысты бозқыраусыз кезеңнің ұзақтығы; тиімді құнарлылығы және т.б. көрсеткіштер бойынша топырақты бағалау, нақты мүмкін өнім және т.б. есептеу. Сонымен қатар жемшөпке, және тұқымға өсіргенде әртүрлі пісу топтары бойынша дақылдар мен сорттардың жиынтық белсенді температураға қажеттілігін; әртүрлі өсіп- даму кезеңдерінде бозқырауға төзімділігін және олардың басқа да биологиялық ерекшеліктерін бағалайды. Атап айтқанда, аймақтың, шаруашылықтың нақты топырақ - климат жағдайына әрбір дақыл, сорт өсіру мүмкіншілігі анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет