СӨЖ-дің мақсаты: Студенттің оқу материалын өзінше түсініп жұмыс істеуі.
Ғылыми ақпараттарды пайдалана білу.
Өзіндік тұжырым жасауға және өзін тәрбиелеуге алғашқы қадам
жасау.
Өзінің білім деңгейін жоғарылату мақсатында еңбек ету.
СӨЖ-ді ұйымдастыруда оқьпушы белсенділік таныту қажет. Ол жұмысты студентпен емес, жеке тұлғамен атқару керек. Оқытушының міндеті -
студенттің жоғарғы деңгейдегі маман болуы үшін білімін саналы түрде дамыту. Студент СӨЖ арқылы аудиторияда алған білімдерін
кеңейтуге, тиянақтауға мүмкіндік алады. Сабақтан тыс уақыттарын
үнемдеп пайдалануға бейімделеді.
II. СӨЖ-дің түрлері және оны әдістемелік тұрғыдан жабдықтау. Студенттің өзіндік жұмысын ғылыми негізде ұйымдастыру, маман кадрлар даярлаудың жемісті бір тұсы. СӨЖ жүйелі жүргізіліп, студенттер өзіндік жұмысты оқу процесінің құрамдас бір бөлігі деп санағанда ғана жұмыс нәтижелі болады. СӨЖ орындау арқылы студенттер оқу процесінің белсенді мүшесі бола алады және өз ойын жеткізе алатын дағдыларды үйренеді, меңгереді. Мамандандырылған жоғары білім стандарты бойынша аудиториядан тыс жұмысқа оқу процесінің жартысы,яғни аптасына 24-сағат бөлінген. Студент бұл уақытты толығымен өзіндікжұмысты орындауға жұмсау керек. Оқу процесінде СӨЖ-ұйымдастырудың екі бағыты бар:
Бірінші – аудиториялық сабақтар. Мұнда оқытушы аудиториялық сабақтың методикасы мен формасын дұрыс ұйымдастыру керек.
Екінші – аудиториядан тыс уақытта орындалатын жұмыс. Пәнді оқыту кезінде бір-бірімен тығыз байланысты үш формасы бар.
1.Аудиториядан тыс СӨЖ.
2.Аудиториядағы СӨЖ (оқытушының қатысуымен болады).
3.Шығармашылық (ғылыми-іздену жұмыстары).
СӨЖ-дің түрлері. Практикалық тақырыптарын талдау, дамыту және дағдылану мақсатында кейс тапсырмаларын беру: тұсаукесер (презентация), ойбөліс, ойталқы, пікірсайыс, пресс-конференция, ойын технологиялары түрінде.
Әр пән үшін СӨЖ өткізу формасы мен түрін талдауға оқылатын пәннің мақсаты мен міндеті және СӨЖ-ге бөлінген сағат саны ескерілуі қажет. Студент бір семестірде он бес апта оқығанда аптасына үш сағат өзіндік жұмыс орындап, аптасына бір рет өзіндік жұмыс орындап отыруы керек. Семестр соңында студент 15 СӨЖ тапсырмасын орындайды. Сондай-ақ, СӨЖ тапсырмаларын ірілендіріп тапсырма санын азайтуға болады.