Дістемелік кешен


-СӨЖ Тақырыбы: Топырақтың органикалық бөлігі, топырақтың құнарлығы



бет73/76
Дата18.11.2023
өлшемі2,05 Mb.
#124436
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
5-СӨЖ
Тақырыбы: Топырақтың органикалық бөлігі, топырақтың құнарлығы.
Топырақтың құнарлылығы дегеніміз оның өсімдіктердің өсіп дамуына сумен, қоректік заттармен және ауамен бір мезгілде қажетті мөлшерде қамтамасыз етуі, сондай-ақ өсімдіктердің, тіршілігін қолайлы жағдайда өткізу қабілеттілігі.
Өсімдік тіршілігінің барлық факторларына ықпал ететін агротехникалық және басқа шараларды комплексті жүзеге асырғанда ғана топырақтын. құнарлылығын арттыруға болады. Агротехникалық шаралар дұрыс және дер кезінде жүргізілсе, табиғи топырақ. құнарлылығының кемімеуін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік бар. Олар топырақты агробиологиялық, агрохимиялық және мелиоративтік жағынан жақсартуға мүмкіндік туады.
Егіншілікте табиғи құнарлылық пен жасанды құнарлылық деген ұғымдар бар.
Табиғи құнарлылық деп адам баласы араласпай-ақ топырақта табиғи факторлар түзілу процесін айтады. Егіншілікті игеруге байланысты топырақтын табиғи құнарлылығымен қоса енгізілген өңдеу шараларын жасанды құнарлылық дейміз. Топырақтың құнарлылығын арттыруға көптеген агротехникалық шаралар ықпал етеді: топырақты ауыспалы егістегі егінжайлардың орналасуына қарай өңдеу тәсілдері, тыңайтқыштар қолдану, арамшөптерді құрту т. б.


Тапсырмалар.
1.мәтін мазмұнымен танысып , тақырып қойыңыз.
2. мәтінді мағыналық бөліктерге бөліп, қазақ тілінде тезис жазыңыз.
3. таныс емес сөздердің сөздігін жасаңыз, кезектесе ауызша
3. Аннотация жазыңыз.
6-СӨЖ
Тақырыбы: Топырақтардың генезис және географиясы туралы ілім.


7-СӨЖ
Тақырыбы: Топырақтар экология және қорғау


8-СӨЖ
Тақырыбы: Агрохимия –топырақтар, өсімдіктер және тыңайтқыштар өзара әрекеттесуі туралы ғылым


9-СӨЖ
Тақырыбы: Өсімдіктердің химиялық құрамы органикалық қосылыстардың түрлері
Өсімдік шаруашылығы жөніндегі ғылымның мақсаты – екпе өсімдіктер, олардың биологиялық, ботаникалық ерекшеліктері, баптау, күтіп - өсіру жайлы кең түсінік беру, тұрақты да сапалы мол өнім алудың тиімді жолдарын ұсыну.
Өсімдік шаруашылығында топырақтану, өсімдік физиологиясы, агрономиялық химия, егіншілік, химия, физика және тағы басқа сабақтас ғылым мәліметтері кеңінен пайдаланылады.
Өсімдік шаруашылығының биологиялық негізі болып саналатындар: 1) екпе өсімдіктердің өсіп - өну ерекшеліктері мен олардың өсетін ортасының жағдайларына қоятын талаптар; 2) өсімдіктер өсетін ортаның жағдайын жақсы білу және оны қажетті бағытта өзгерту; 3) өсімдіктердің тұқым қуалаушылық ерекшеліктерін білу және соның негізінде тиісті агротехникалық шараларды белгілі бағытпен жүргізу.
Өсімдік шаруашылығының көптеген жеке салаларының өркендеуіне С. П. Кулжинский ( дәнді бұршақ дақылдары) , И. В. Якушин ( дәнді дақылдар , картоп, қант қызылшасы) , Н. Н. Кулешов ( жүгері, бидай) , А. И. Носатовский ( бидай) , В. А. Харченко ( мал азықтық тамыр жемістері) , Н. М. Майсурян ( бөрі бұршақ) және тағы басқа ғалымдар елеулі үлес қосты.
Қазіргі кезде өсімдік шаруашылығын дамытуға байланысты ғылымдағы бағыттардың бірі - өнімнің күні бұрын болжануы және программалануы. Бұл бағыттағы зерттеу жұмыстары еліміздің барлық егіншілік аймақтарында, әр түрлі дақылдармен жүргізілуде.
Өсімдік шаруашылығы жөніндегі ғылымның да өзіне тән зерттеу объектісі, мақсаттары және тексеру тәсілдері бар. Зерттеу объектісі – екпе дақылдары мен өсімдіктер; негізгі мақсат - өнімнің қалыптасу заңдылықтарын зерттеп, өнімділікті арттыру жолдарын көрсету. Ал, өсімдік шаруашылығының тексеру тәсілдеріне – далалық, лабораториялық және вегетациялық зерттеу әдістері жатады. Осы тәсілдері пайдалану арқылы алынған қорытындылар әр аймақтың егін шаруашылығының негізі болып табылады.
Әрбір өсімдік тіршілігі жасына қарай үш кезеңге – жастық, кемеліне келген және қартаю кезеңдеріне бөлінетін зерттеуші Ф. М. Куперман атап көрсеткен болатын. Осы кезеңдердің ұзақтығы, әр түрлі дақылдардың өзіне тән ерекшеліктеріне, қоршап тұрған ортасына тікелей байланысты.
Әр дақылдың өсіп - өну онтогенезін жетік білген жағдайда, егіншілікте дақылдарға биологиялық бақылаулар жүргізу арқылы, керекті агротехникалық шараларды мезгілінде қолданып, өсімдік өсуіне қажетті жағдай жасап, жоғары өнім алуды қамтамасыз етуге болады .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет