Дістемелік кешен



бет18/76
Дата18.11.2023
өлшемі2,05 Mb.
#124436
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   76
Байланысты:
Агрономия УМК 2017

3-практикалық сабақ
Тақырыбы: Термин мен терминдер жүйесі.Сұлы..
3.1. Мәтінге жоспар құрыңыз.
Бұл бағыт қолданбалы терминтану саласының негіздерінің бірі болып саналады. Бірізге салу жұмысының жемісі ретінде регламенттеу сөздіктерін, нормативті және нормативті емес сөздіктерін атауға болады. Нормаға қатысты сөздіктерде терминдердің әр категорияларына стандарт көрсетіледі. Сонымен бірге бұл реттегі орындалған жұмыстарға ұсынылған терминдердің жинағын да жатқызуға болады.
Реттелген терминдер ұсынылған (бекітілген) терминдер жинағы түрінде жарық көреді. Қазақстанда мұндай жұмыстарды Мемлекеттік терминология комиссиясы атқарады.Бұл бағытқа, яғни терминдер мен олардың жүйесін бірізге келтіру мен оларды арнайы құжаттар арқылы бекітуге қарсы пікірлер де жоқ емес. Бірақ машина мен механизмдердің бөлшектері мен топтарын стандарттау қаншалықты қажет болса, терминдерді де бірізге келтіру ғылым мен техниканың алға басуына соншалықты қажет деуге болады. Егер терминдердің атаулары арасындағы синонимдік сипат жойылатын болса, онда ол ғылыми қызметтің «тоқырап қалуына» әкеліп соғады деген күдік те туындауы мүмкін. Ал бірізге түскен терминдерге қатысты нормативті құжаттардың уақыт пен кеңістік бойынша және оның қызметіне қарай шек қойылу жағдайяты жоғарыда аталған күдікті жоққа шығара алады.
3. 2. Мәтінді оқып, термин сөздерді тауып , орысша аударыңыз.
Сұлы
Сұлы дәнді дақылдар тұқымдасының тегіне жатады. Түрлері аз. Ол мәдени сұлы және жабайы сұлы немесе арамшөптер деп бөлінеді. Мәдени сұлыға егістік сұлы, византия және құм сұлылары жатады. Сұлыдан жарма, ұн және спирт алады. Сұлының негізінен қабықты, жалаңаш дәнді түрлері де аздап кездеседі. Сұлының жақын туысы қара сұлы өте қауіпті және жайылып кеткен арамшөп. Оңтүстікте оңтүстік қара сұлысы өседі.
Оңтүстік қара сұлы дәнінің түп жағында таға сияқты таңбасы бар. Сондықтан піскеннен кейін сөгіліп кетеді. Сұлы егісі жатып қалса, оның дәні сарғайып кетеді. Егер ақ сұлы мен сары сұлыны айыру қиын болса, оны азот қышқылының 10 пайызды қоспасына минутқа салып, содан кейін кептірсе, 18 сағаттан кейін ақ сұлы ақшыл қоңыр, сары сұлы – ашық сары болып өзгереді. Кейде піспей жиналған сұлы көк болып көрінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет