Асанов Қ. А. и др,Пастбища и экология . Алматы, 2002.
8-практикалық сабақ Тақырыбы: Өсімдік шаруашылығы – ғылыми пән. 8.1. Мамандығыңызға сай термин сөздердің тізімін жазыңыз және оны түсіндіріңіз. Ауыл шаруашылығы өндірісінің алдында тұрған үлкен міндеттерді шешуде өсімдік шаруашылығының ғылыми пән ретінде атқаратын рөлі зор. Өсімдік шаруашылығы ғылыми пән ретінде XVIII–ғасырдан бастау алады және оның дамуына үлкен үлес қосқан жақын шетел ғалымдары, оның ішінде М.В. Ломоносов (Ресей ғылым академиясында «сыныбын» ашқан ғалым), И.И. Комов («Егіншілік жөнінде» атты кітап жазған), ал XIX ғ басында А.Т. Болотов (топырақ өңдеу, тыңайтқыш енгізу мәселелерін зерттеген, құнды ұсыныстар жасаған) сияқты Ресей ғалымдарын атап өтуге болады. Алайда өсімдік шаруашылығының ғылым ретінде қарқынды зерттеу, ғылыми жетістіктерді жарнамалау мақсатында ірі ғылыми жұмыстар жазу бағытында жемісті еңбектерімен XIX ғасыр мен XX ғ. басында ресейдің ұлы ғалымдары К.А. Тимирязев, И.А. Стебут, Д.Н. Прянишников, Н.И. Вавилов іске асырды.
- К.А.Тимирязев, фотосинтез ілімін жасауда ірі эксперименттік зерттеулер жүргізіп, солардың негізінде әлемге әйгілі «Өсімдіктер тіршілігі» т.б. классикалық ғылыми еңбектер жазып қалдырған.
- И.А.Стебут, тұңғыш рет танаптық дақылдарды өсіру жөніндегі шашыраңқы материалдарды біріктіріп, ірі-ірі ғылыми еңбектер жазған.
- Д.Н.Прянишников, өсімдіктердің қоректенуі және тыңайтқыштар қолдану мәселелерін (проблемаларын) зерттеген.
- Н.И.Вавилов, өсімдік шаруашылығы, мәдени өсімдіктердің биологиясы, систематикасы (жүйелеуі) және таралу географиясы жағынан баға жетпес құнды үлес қосқан (оның «Мәдени өсімдіктердің дүни Тұқымдық жадығат (материал), оның маңызы мен сипаттамасы. Қазақстанда тұқымтану және тұқымдық бақылау қызметінің дамуы,тұқымтану – тұқым туралы ілім. Алайда, ботаника мен өсімдік шаруашылығындағы «тұқым» түсінігі (термині) бір мағына бермейді.
Ботаникалық ұғымда тұқым – қосарлана ұрықтанудың нәтижесінде дамыған дән болып табылады. Ол ұрықтан, қоректік заттар қорынан және қабықтан тұрады.
Өсімдік шаруашылығында тұқым деп жоғары өнім алуға арналған әртүрлі тұқымдық жадығатты (материалды) атайды.
Танаптық (екпе) дақылдарда тұқымдық жадығат ретінде төмендегідей түзілімдер пайдаланылады:
- нағыз тұқымдар (бұршақ, қырыққабат, зығыр тұқымдас дақылдар, мақта өсімдігі ж.б.):
- жалаңаш және қабықты жемістер (қоңырбастар тұқымдасының дәндері – бидай, арпа, судан шөбі ж.б.; күнбағыс пен мақсары шекілдеуіктері, қарақұмық жаңғақшасы т.б.);
- жеміс шоғырлары (мысыққұйрық масақшалары, қызылша домалағы);
- түйнектер (картоп, жер алмұрты).