Дістемелік кешен



бет73/103
Дата17.03.2023
өлшемі1,41 Mb.
#75148
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   103
Байланысты:
Ëåêöèÿ 20 Ïðàêòèêàëû? ñåìèíàð 6 Ñ?Æ 64 Áàðëû? ñà?àò ñàíû 9

Лекция №17


Тақырыбы: Саяси сана және саяси мәдениет.

(1 сағат)


Жоспары:
1. Саяси сананың мәні.
2. Саяси сананы қалыптастырудың жолдары.
3. Қоғамдық пікір.
4. Саясат және мәдениет.
5. Саяси мәдениет ұғымы.
6. Саяси мәдениетті қалыптастырудың субъектілері және факторлары.
Лекцияның мақсаты:


Студенттерге саяси сананың мәні, саяси сананы қалыптастырудың жолдары, қоғамдық пікір, саясат, мәдениет, саяси мәдениет ұғымы, саяси мәдениетті қалыптастырудың субъектілері және факторлары туралы түсінік беру.


Лекция мәтіні:


1. Саяси сананың мәні. Саяси сана деп өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, аларды тусініп-сезінетін, адамдардың бүл саладагы іс-әрекеттеріне багыт-баедар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жи-ынтыгын айтады. Ол мемлекетгің, қоғамның саяси жүйесінің пай­да болуымен бірге дүниеге келеді. Әлеуметтік, үлттық мүдделерді, мемлекет алдындағы мақсатгы жүзеге асырумен байланысты бол-са, қоғамдык сана саяси мағынаға ие болады. Саяси сананың негізгі мәселесі — мемлекеттік билік, оның қызметі. Мұнда топтардың, таптардың, партиялардың экономикалық мүдделері мен мақсат-тары, өкімет билігі үшін күресі және оны сақгап қалу міндеттері, бүл жолдағы әрекет, амал, ұмтылыстары өз керіністерін тауып жатады.
Саяси сана эр түрлі қызметтерді атқарады. Олардың ішінде негізгілері мыналар:

  1. коғамдық сананың саяси ғылым, саяси теория сияқгы кұрам-дас бөліктері арқылы саяси шындыкты бейнелеу;

  2. түжырымдамалык түрде субъектінің мақсат-мүдделерін білдіру арқылы оның саясат әлеміндегі іс-әрекеттеріне бағдар беру. Бұл кызметті іс жүзінде идеология атқарады;

  3. саяси психологияның әр түрлі көріністері аркылы көңіл-күйді білдіру. Өйткені, әлбетте, адамдарды іс-әрекетке итерме-лейтін психологиялықсебептер.

Саяси сана қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден түрады.
Қарапайым (кунделікті тұрмыстық) саяси сана кдлыптасыи жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғүрып, дағ-ды, дәстүрлі нанымдар, тагы сол сияктылардың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп-салдарын сарала-май, кебіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасай-ды. Сондықтан ол саяси сананың төменгі сатысынажатады.
Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын аныктап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялықтұрғыдан жи-нақтап бейнелейді. Сондыктан ол түжырымдамалар мен көзқара-стардың жүйесі болып келеді. Теориялықсаяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пай­да болады және олар бір-біріне ыклал етеді. Ол карапайым саяси сананы өндеп, мәдени өзгертіп отырады.
Теориялык саяси сана карапайым саяси сана сияқты стихия-лык түрде тумайды. Оны арнайы дайындығы жоғары саяси сауа-ты бар теоретик адамдар ойлап шыгарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет