Дістемелік кешен



бет9/103
Дата17.03.2023
өлшемі1,41 Mb.
#75148
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   103
Лекция №3


Тақырыбы: Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы.


(1сағат)
Жоспары:

1. Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар ( буддизм, конфуцийшылдық, даосизм, легизм).


2. Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римдегі саяси ойлар (Платон, Полибий, Аристотель,
Цинрон ).
3. Орта ғасырлық шығыстағы саяси ойлар (Әл- Фараби, Ганджеви, Низами, Әлішер
Науаий )
4. Саяси ойлар тарихындағы Еуропалық орта ғасыр ( Марк Аврелий, Фома Аквинский,
Мартин Лютер)
5. Қайта өркендеу дәуіріндегі зайырлы саяси ойлар (Н.Мапиавели, Томас Мор, Жан
Боден).


Лекцияның мақсаты:
Студенттерге ежелгі Шығыстағы саяси ойлар ( буддизм, конфуцийшылдық, даосизм, легизм), Грекия мен Римдегі саяси ойлар (Платон, Полибий, Аристотель, Цицирон ), орта ғасырлық Шығыстағы саяси ойлар (Әл- Фараби, Ганджеви, Низами, Әлішер Науаий ) және саяси ойлар тарихындағы Еуропалық орта ғасыр ( Марк Аврелий, Фома Аквинский, Мартин Лютер) Қайта өркендеу дәуіріндегі зайырлы саяси ойлар (Н.Макиавелли, Томас Мор, Жан Боден) туралы түсінік беру.


Лекция мәтіні:


1. Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар ( буддизм, конфуцийшылдық, даосизм, легизм). Адамзат ойының даму тарихы үш мың жылды қамтиды. Біз бұл пән аясында саяси ойлар мен идеялардың бәрін бірдей қамти алмаймыз. Олардың ішінен біз өзінен кейінгі дәуірге әсер еткен ойлар мен көзқарастар туралы ғана сөз етеміз. Өйткені оларға бүгінгі күні де қоғамдық қызығушылық бар.
Көне Шығыста қоғамды ұйымдастыру мен билік туралы түсініктің дамуында буддизм мен конфуцияандық ерекше роль атқарады. Олар б.д.д. VII – VI ғ.ғ. қауымдық құрылыстың ыдырауы, алғашқы мемлекеттердің пайда болу дәуірінде дүниеге келеді. Бұл діни - филосоиялық идеялар мемлекеттің дамуына, өмір салтына, мемлекеттік және қоғамдық қайраткелердің ой – санасына, саяси қызметіне ықпал етіп келеді.
Буддизмнің шығуы Индияда Сидда – Харти Гаутама немесе Шакья Мунидің ( 563 – 483 ж. ) ( кейіннен Будда, яғни көзі ашық деп аталып кеткен ) қызметімен байланысты. Будда ілімінің бұрынғы Брахма дінінен айырмашылығы – ол адамға, адамның өзін - өзі жетілдіре, дамыта беру қабілетіне негізделеді. Адамның өзін - өзі жетілдіруі үшін оның сезім мүшелерінің алдауынан туатын құмарлықты жою, дүниеден безіп тақуалыққа жетуі қажет. Адам өткініші, жалған өмір сүретін масыл денесін ойламай, мәңгі өмір сүретін жанын және оны құтқарудың қамын ойлауы керек.
Буддизмнің көне жазбаларында мемлекет меншік иелерінің арасындағы жанжал негізінде пйда болды, сондықтан қоғамды нәсілдік – қасталық негізде болу құдайдың әмір емес деп көрсетілген. Буддизм адамдардың бәрі де рухани жетіле беруге қабілетті. Сондықтан адамдардың қоғамдық құрылысты өзгертуге емес, бұл дүниелік құмарлықтан безу арқылы өзін - өзі рухани жетілдіре беруге шақырады.
Буддизм Индиядан кейін Оңтүстікте Бирмаға, Тайландқа, Шри Ланкаға, Камбоджаға, Вьетнамға, Лаосқа, Солтүстікте Қытайға, Кореяға, Жапонияға, Тибетке, Монғолияға тарады.
Б.д.д. VI – V ғ.ғ. саяси қоғамдағы құбылыстарды зерттеген философтардың бірі – Қытай ғалымы Конфуций немесе Кунфуцзы ( 551 – 479 ж. Б.д.д. ) оның саяси ойлары, көзқарастары « Лунь – Юй » деген жинағында айтылған. Оны философтың шәкірттері шығарған. Конфуций ілімінің негізі – «жэнь» - адамгершілік, адамды сүюшілік мақсаты – адамгершілікті жетілдіре беру. Конфуций ілімінің бұдан кейінгі өзегі – «Ли» - жалпыға бірдей әлеуметтік талап «Жэньді» іске асырудың тәсілі. Бұл екуінің біріншісі - адамгершіліктің мазмұны болса, екіншісі оның формасы. Конфуций қоғамда ұрпақтан – ұрпаққа көшетін мұраларды сақтау, оның мәнін түсіну, семьяда, мемлекет көлемінде әдет – ғұрыпты, салтты, дәстүрлерді құрметтей білу арқылы іске асырылады деп біледі.
Конфуций саяси ілімнің негізіне қайырымдылық, жанашырлық алынған. Адамдардың бәрі, әсіресе басқаруға қатысы бар адамдар кемеңгер, адамгершілікті, әділ, үлкенді сыйлайтын, білімге талпынғыш болу қажет деп санайды. Мұндай билеуші өз басының қамын емес жұрттың қамын ойлайтын болады.
Конфуцийді әлеуметтік – этика саяси ілімнің және мемлекеттің патриархалдық теориясының негізін қалаушыдеп санайды. Конфуций билік басына лайықты адамдар конкурстық негізде қойылуы керек деп санайды. Қоғамның тұрақтылығы қоғамдық қызметті дұрыс ұйымдастыруға байланысты, сондықтан қалыптасқандәстүрлер мен рәміздерді қатаң сақтауды талап етті.
ХХ ғ.дейінгі бүкіл Қытай өркениеті Конфуций ілімін ұстанып келді, ол ресми дін ретінде қолданылады. Бүгінгі күні де Қытайда Конфуций ілімінің ықпалы күшті. Саясаттанушылар мен қоғамдық ғылым өкілдері Тайванның гүлденуі Конфуций ілімінің арқасы деп бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет