Дістемелік кешені


Мал қораларының жоғары ылғалдылығын төмендету шаралары



бет21/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   114
2.4. Мал қораларының жоғары ылғалдылығын төмендету шаралары.
Мал қораларын жобалағанда және салғанда құрылыс материалдарын дұрыс таңдау;
Қораларды пайдалану кезінде зоогигиеналық талаптарды сақтау (тазалау, желдету, мал басын нормадан артық ұстамау және т.б.);
Еденге төсеніш төсеу (сабан, ағаш ұнтағы, сөндірілмеген әк және т.б.);
Қысы-жазы ұсталатын малдарды серуендетіп отыру;
Қорада суды шашыратпай тиімді пайдалану;
Зәр, қи және лас суларды уақытында шығару.
Канализация жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі.
2.5. Күн сәулесінің құрамы, қасиеттері және мал организміне әсері
Күн радиациясы дегенміз электромагинттік сәулелерінің бірі. Күн сәулесі жер бетінде жылулық режим жасайды, соның арқасында тірі организмдерде барлық физикалық процестер жүріп отырады. Күн сәулесі қоршаған ортаға (ауаға,жерге,суға)сіңіп жылу энергиясына айналады.
Cәуле энергиясының толқын ұзындығына байлансты бөлінуі спектр деп аталады.
Жер бетіне түсетін күн сәулесінің спектрі негізінде 3 бөліктен тұрады: ультра күлгін (1%) көзге көрінетін (40 %) және инфрақызыл (59 %) бөлігі.
Спектрдің көзге көрінетін бөлігі жарықтылықты жасайды, ал қысқа толқынды бөлігі (280 мм аз) атмосфералық жоғарғы бөлігінде сіңіріледі, әсіресе азондық қабатта (бұл қабат тіршілікке қарсы қысқа толқындарды жерге жібермейтін сүзгі десек болады).
Атмосфераның ластануы ультракүлгін сәулелерді азайтады (50 % дейтін)
Күн сәулесінің әсері оның толқын ұзындығына байланысты: ең қысқа толқынды УФ сәулелерінің (150-380 нм) биологиялық әсері жағынан ең күштісі.
Барлық сәулелер арганизмге жылулық әсер етеді. ИФ-қызыл сәулелер. Ал,көзге көрінетін сәулелер жылулық, химиялық және электрлік әсер етеді. УФ – сәулелер негізінде фото химиялық әсер етеді.
2.6. Инфрақызыл сәулелерінің көздері және олардың организмге әсері.
Инфрақызыл (ИК) сәулелер – жылулық әсер етеді. (5см тереңдейді). Сондықтан оларды жас төлді қыздыру үшін қолданады (ұлпа қызады, тері қызады, зат алмасу фагацитоз күшейеді,)
Көзге көрінетін сәулелер – жарық сезімін тудырады (көз торы сәулелерді қабылдап жүйке арқылы миға сигналдайды). Жарықтың әсері,әсіресе ұрықтық бездердің (гипофиз бүйрек үсті, қалқанша) белсенділігін арттырып, күйлеу, шағылысу және буаздық процестерге әсері мол гармондары көп бөлінеді. Зат алмасу (белоктаң,майдаң, көмірсудың) ұлғаяды, эритроцит пен лейкоциттер көбейеді. Жарық пен қараңғының ауысып отарыды, организмде ритмикалық өзгерістер тудырады оны фотопериодизм дейді. Осыған байланысты барлық малдар қысқа және ұзын күнді болып бөлінеді(жыныстық белсенділігіне қарай)
Ультра күлгін (УФ) сәулелер - әртүрлі биологиялық әсері бар тікелей немесе жанама әсер етеді. Тікелей тері мен кілегей қабат арқылы, ал жанама – ауа мен азық арқылы. УФ – сәулелер 3 түрлі әсер етеді: фотохимиялық,(БАВ пайда болуы) метаболикалық (витамин Д түзуі) және бактерицидтік (клетка протоплазмасындағы белоктың өзгеруі денатурациялануы). Зат алмасу күшейеді, өсу және өну жылдамдайды, резистенттілік пен өнімділік ұлғаяды.Әсіресе антирахиттік әсері мол ( витамин Д синтезделуі ), микробтар азаяды (2-3 есе),еркек малдың жыныстық қабілетінің артуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет