2.2 Мал қора ауасының ылғалдығы және жиналу көздері Мал қора ауасында атмосфераға қарағанда ылғал (бу) көп болады
Мал қора ауасындағы ылғалдылық көздері:
- Атмосфералық ауа ылғалдылығы -10-15% - Қора-жайдың өз ылғалдылығы -10-30 % - Мал организмінен бөлінетін ылғал - 60-80 % (еденнен, қабырға мен төбеден, суарғыштан және канализация жүйесінен, шошқа қораларында еденнен буланатын бу мөлшері дем арқылы шығатын будан 1,5 есе көп).
(егер қора температурасы нормадан 2 есе жоғарыласа ылғал да 2 есе өседі)
2.3. Ауа ылғалдылығының мал организміне әсері Ауа ылғалдылығы қоршаған ортаның климаты мен микроклимат көрсеткіштеріне әсер етеді.
Ылғалдылық қоршаған орта арқылы мал организміне тікелей және жанама әсер етеді.
Қора ауасында ылғалдың көптігі, жылу реттеуге тікелей әсер етеді
Температура ыстық кезде, әрі ауа қозғалысы төмен болса (қапырық, нашар желдететін қораларда) организмнен жылу шықпай қызады, ыстық өтеді (гипертермия).
Ылғал ауаның сиымдылығы құрғақ ауа сиымдылығынан 10 есе үлкен. Сондықтан ауа ылғалдылығы әрі суық болса, оның үстіне ызғырық жел соқса организм тез мұздайды (қосымша салмағы азаяды-15-20%, азықтың сіңірілуі төмендейді, өлім-жітім көбейеді).
Сыз (ылғалдылығы 90-95%), суық қора-жайларда суық тиіп мал жиі ауырады (өкпе аурулары, гастроэнтерит және т.б.), тері (қышыма, таз және т.б.) және тұяқ (некробактериоз, тұяқтың жұмсаруы) ауруларына шалдығады.
Егер ылғалдылық 10% көтерілсе (85-тен 95%), сиырдың сүттілігі 9-12 % азаяды. Мұндай жағдайда бордақылардың тәулік салмағы 12-25% төмендеп, азықтың шығыны 20-35% ұлғаяды, ал өлім-жітім 2-3 есе артады.
Малдың физиологиялық жағдайы мен салыстырмалы ылғалдылықтың арасында тікелей байланыс бар екені дәлелденген (90-95% ылғалдылықта тыныс алу және қан тамырының соғысы 26-30% көтеріледі, гемоглобин, эритроциттер мен лейкоциттер азаяды).
Ылғалдылық көбейсе бу төбеге, қабырғаға, темір беттеріне жиналады да олардың бу өткізгіштігін төмендетеді, керісінше жылу өткізгіштігін ұлғайтады.
Жоғары ылғалдылық микроорганизмдерді көбейтеді, олардың таралуына қолайлы мүмкіндік жасайды, аурулар туады (бронхопневмания, туберкулез және т.б.).
Ылғал тапшылығы да зиян келтіреді. Құрғақ ауа (40%-дан төмен болса) тері, кілегей қабаттарын құрғатады, терлетеді, төзімділік қабілетін төмендетеді, тұяқ пен тері кеуіп жарылады, қой жүні сынғақ келеді, шаң көбейеді, инфекция тарайды.