Жоғарғы температураның әсері. Жоғары температураға малдың төзімділігі олардың шығу тегіне және белоктардың қасиетімен анықталады. Көптеген мал жоғарғы температураға төзімсіз(ең төзімді сиыр мен жылқы: 20-40°С).
• Малдың дене температурасы ауа температурасынан жоғары, сондықтан олардың ыстық өтуге қарсы бейімделу механизмдері бар. Мысалы, судың булануы (өкпеден), дене пошымын өзгертеді және т.с.с.
•Жоғарғы температура әсері (нормадан 30-35% асқан жағдайда):зат алмасу төмендейді; малдың азыққа зауқы қашады; асқазан-ішек жолдарының қызметі әлсірейді және т.б.
•Гипертермия (грек. hyper - жоғарғы, therme - жылу) - ауа температурасы жоғары болғанда, ауа ылғалдылығы көтерілгенде, ауа қозғалысы төмендегенде және т.б.
•Гипертермияны болдырмау жолдары: жылудың сыртқа шығуын қамтамасыз ету және жылу өндіруді азайту шараларын жасау.
Төменгі температураның әсері
-Температура төмендегенде зат алмасу мен жылу өндіру артады, азықтың шығыны ұлғаяды, малдың өнімділігі төмендеп, ауруға шалдығады.
-Төменгі температура әсіресе жас төлдерге (оларда жылу реттеу механизмі жетілмегендіктен) қауіпті. Мұндай жағдайда зат алмасу бұзылады, ағзалардың функционалдық қабілеті төмендейді, организмнің қорғаныш күші кемиді, қан құрамы өзгереді және онда глюкоза азаяды, соңында суық тию байқалып, өлім-жітімге ұшырайды.
-Төменгі температураның аз уақыт әсер етуі және оның ауысып тұруы мал организмін жаттықтырып, шынықтырушы фактор болып саналады (Мысалы, таза ауаға шығару, жылытылмайтын немесе жартылай ашық қора-жайларда күтіп ұстау).
-Төменгі температура ұзақ уақыт әсер етсе(әрі мал нашар азықтылса) жылу тепе-теңдігі бұзылып, алғашқы кезде-жылу өндіру күшейеді, бұлшық еттің энергиялық қозғалысы жылдамдайды(діріл пайда болу), жылу реттеу тонусы белсенді күйге көшеді. Содан кейін, жылу реттеу процестері бұзылады, дене қызуы төмендеп, тоңазиды немесе гипотермия(гр.hypo-төмендеу, therme-жылу) яғни, суық тию басталады.
-Суық тиюдің алдын алу үшін малды температурасы қолайлы қора-жайларда күтіп-бағуды әрі дұрыс азықтандыруды қарастыру керек.