Дістемелік кешені


Ультракүлгін сәулелер көздері, олардың мал организміне әсері



бет22/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   114
Байланысты:
Дістемелік кешені

2.7. Ультракүлгін сәулелер көздері, олардың мал организміне әсері
Ультракүлгін сәулелердің тірі оранизмге әсері үш спектрлі аймақта әр түрлі, сондықтан да биологтар маңызды үш диапазонға көңіл бөледі:
Жақын ультракүлгін, УФ-A сәулелер (UVA, 315-400 нм)
УФ-B сәулелер (UVB, 280-315 нм)
Ұзақ ультрафиолет, УФ-C сәулелер (UVC, 100—280 нм) . Ультракүлгін сәулелерінің оң әсері. Симпатико-адреналинді жүйенің тонусын жақсартады, қорғаныс механизмін жандандырады, бірқатар гормондардың бөлінуін күшейтеді, өкпе желдетуін жақсартады, Д витаминінің пайда болуын жандандырады, УК сәулелері жетіспеушіліктен иммунитет төмендеп, минералды зат алмасу нашарлайды, мал шаршағыш келеді.
УК сәулелерінің теріс әсері. УК сәулеллері тым ұзақ және көп мөлшерде әсер етсе, тері күйіп қалуы мүмкін, терініің әр түрлі рактарын дамытуы мүмкін.
УК сәулелерінің көздері. УК сәулелерінің Жер бетіндегі табиғи көзі ол – Күн. Сонымен қатар, Ук сәулелерін шығаратын шамдарды мынадай шетел фирмалары шығаруда - Philips, Osram, LightTech, Radium, Sylvania. Ал, Ресейде мынадай фирмалар УК сәулелерін бөлетін шамдар шығарады: ОАО «Лисма-ВНИИИС» (Саранск), НПО «ЛИТ» (Москва), ОАО СКБ «Ксенон» (Зеленоград), ООО «ВНИСИ» (Москва). ДРТ-400, ЛЭ-15, ЛЭ-30 шамдары, люминесцентті, сынапты шамдар, бактерицидті шамдар.
2.8. Мал қорасындағы табиғи және жасанды жарықтылық, олардың нормативтері
Жарықтың мал арганизмі үшін биологиялақ маңызын ескертіп, оны интенсивтілігі бойынша (люкспен өлшейді) және жарықтылықтың ұзақтығы (сағатпен өлшейді) бойынша нормалайды (малдың жасына, түріне қарай)
Жарықтылық табиғи және жасанды болып бөлінеді.Негізінде табиғи жарықтылықпен қамтамасыз еткен тиімді. Ал қыс мезгілінде жарықтылықтың екі түрінде пайдаланады.
Жарықтылықтың режимін (тәртібін)өзгертіу арқылы жалпы физиологилық өсу мен жыныстық жетілуді ұштастыруға болады.
Жарықтылықтың оптималды ұзақтығы барлық малдар үшін – 12- 18 сағ.(бордақыдағы малдар үшін -5 -8 сағ ) Жарықтылықтың интенсивтілігі 50-100 лк арасында, барлық малдар үшін қолайлы(қабілеттік пен төзімділік күшейтеді).
Жасанды жарықтылық малдың жасына, түріне қарай 20 -150 лк арасында,ал құстар үшін 20 -75 болған дұрыс.
Жасанды жарықтылықтың билолгиялық бағалығын жоғарылату үшін люминесенттік газоразриядтық жандарға (ПВЛ типті) пайдаланған жөн.
Жасанды жарықтылықтың көздері: қызу шамдары және люминесценттік шамдар(ПВЛ , ЛБ , ЛХБ –бұл шамдардың спектрлік сипаты күндізгі (табиғи) жарыққажақынырақ).
Табиғи жарықтылықты мал қораларында геометриялық (ЖК) немесе жарықтық – техникалық (ТЖК) әдістермен анықтап нормалайды (ЖК – 1:8 – 1:15,ТЖК – 0,3 -1,2 аралығында).
Жарықтылықты ұзарту немесе қысқырту арқылы малдың денсаулығын нығайтып, өнімділігін арттыруға әбден болады, әсіресе құс шаруашылығында (дифференцияланған режим, Кормеллский режим, ритмично варирующий режим және т.б.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет