Дістемелік кешені


Мал суару орындарының жабдықтары



бет36/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   114
Байланысты:
Дістемелік кешені

Мал суару орындарының жабдықтары. Мал жайылымда немесе лагерьде бағылғанда белгілі бір орында – мал суару пункттерінде суарылады. ауру малды ашық су көздерінен суаруға болмайды. Өйткені, су ластанады, тіпті суға ауру қоздырғыштарының түсуі мүмкін.
Мал суды кешіп, былғамас үшін суару орындары арнаулы қоршаумен қоршалады. Сонда мал суды қоршау торынан басын сұғып қана ішеді. Жайылымда суару пункттерінің алаңдары 4,8х2 м мөлшерінде салынып, темір бетон плиталары немесе үлкен қой тастар төселіп тасталады. Астаулардың шамамен алғанда мөлшері (см) сиыр мен жылқы үшін 30-40 (үстіңгі бетінің ені), түбінің ені - 25-30, тереңдігі 25-30, қой мен ешкі үшін тиісінше: 25-30, 20-25, 20-25. Жоспарда астау П немесе Г әріптері тәріздес, немесе дөңгелек және үшбұрышты (бір жағынан суарғанда) етіліп қою қарастырылған.Өріс пен суару пунктінің арасы 1-1,5 км аспау керек. Бір орныға мал саны мынадай: ірі қара 250, жылқы 250, қой 1000. Мал шалғай жайылымда жайылғанда олар тәулігіне бірнеше рет: жазда 2-3 ретке дейін, қыста 1-2 ретке дейін суарылып, жүрген мал кемінде 3 рет, түйе жаздың өзінде 1-2 рет суарылады. Отар, гурт пен табынды суару уақыты 1-1,5 сағаттан аспауы тиіс. Мал айдайтын үлкен жолдар бойында бір-бірінен 7-10 км аралықта мал суару пункттері болуы керек.
6.4. Суды тазалау, жақсарту, сапасын арттыру және зарарсыздандыру.
Су тазарту үшін тиісті құрылыстар жабдықталады. Оған коагуляциялау, тұндыру, сүзу, сонымен қатар мөлдірлендіру мен түссіздендіру жатады.
Коагуляциялау дегеніміз – ұсақ коллоидты бөлшектерді молекулалық бірігу күшінің әсерімен ірілендіру процесі. Осы процестің нәтижесінде қалқыма (үлпек-хлопья) пайда болады.
Тұндыру дегеніміз судағы қалқымалы қоспаларды тұндыру, яғни шөктіру жолымен оны мөлдірлету процесі. Су қозғалыссыз тұрғанда немес азғана жылдамдықпен қозғалыста болғанда қоспалар салмақ күшінің әсерімен шөгеді.
Тұндырғыштар табиғи (көл) және жасанды (көлбеу, тік және радиальды) болып бөлінеді.
Көлбеу тұндырғыштар. Су көлбеу бағытта бір бүйірінен екінші бүйіріне қарай жылжитын тік бұрышты темір бетон ыдыстар.
Тік тұндырғыштар. Су төменнен жоғары қарай жылжитын дөңгелек темір-бетон ыдыстар.
Дөңгелек (радиальды ) тұндырғыш, дөңгелек, таяз темір-бетон ыдыстар. Бұл тұндырғыштарда судың қозғалу жылдамдығы ыдыстың ортасына барынша жоғары, ал шетіне қарай азая береді.
Судың мөлдірлеу арнаулы құрылыстарда әр типті мөлдірлеткіштерде жүргізіледі.
Сүзу. Қойылту, тұндыру, мөлдірлету процесінен кейін суда тұндырғыштарда тұнбаған ұсақ үлпектер, суда қалқып жүретін ұсақ бөлшектер қалуы мүмкін. Сондықтан да суды осы үлпектерден тазарту үшін сүзеді.
Суды өңдеудің арнаулы әдістері. Шаруашылықта ауыз сумен қамтамасыз ету тәжірибесінде оның тұз құрамын теңестіру мақсатында суды арнайы тәсілдер арқылы өңдейді.
Суды темірсіздендіру, фторлау, фторын азайту тәсілдері анағұрлым кең тараған. Суды зарарсыздандыруды жылумен , қышқылмен, асыл темірлердің иондарының әсерімен (олигодинамия), физикалық (ультракүлгін сәуле, ультрадыбыс, радиоактивті сәулелендіру) жолдарымен , яғни осы аталмыш төрт тәсілдің бірімен жүргізуге болады. Зарарсыздандырушы ретінде хлор, озон, натрий гипохлориді секілді тотықтандырғыштар кең қолданылады. Ірі су құбыры бекеттерінде су сұйық (газ тәрізді) хлормен, шағын бекеттерде хлорлы әкпен хлорланады. Хлордың әсерімен судағы микроорганизмдердің көбісі жойылады.
Қайнату – аз мөлшердегі суды зарарсыздандыратын қарапайым да сенімді әдіс. суды улльтракүлгін, бактерицидтік сәулелермен зарарсыздандыру үшін ДРТ-1000, ДБ-60, РКС-2,5 лампалары және ОВ-Н, ОВ-1П, ОВ-1П-РКС; ОВ-АКХ-1, ОВ-3Ц-РКС, ОВ-ПК-РКС қондырғылары қолданылады.

7 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет