Дәрістің тақырыбы:Ауылшаруашылық малын азықтандыру және азыққа қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар Дәрістің мақсаты: Мал азығының сапасын бағалау әдістерін меңгеру
Қарастырылатын сұрақтар: 7.1. Азыққа қойылатын зоогигиеналық талаптар.
7.2. Мал азығын зоогигиеналық зерттеудің негізгі әдістері, олардың сапасын бағалау.
7.3. Азық дайындауға және сақтауға қойылатын гигиеналық талаптар.
7.4. Мал азығының санитариялық сапасын жақсарту әдістерін атаныз.
7.5. Ауылшаруашылық малдарын азықтандыру тәртібінің зоогигиеналық маңызы.
7.6. Малдың азықтан болатын ауруларын алдын алу (мсеханикалық, химиялық және биологиялық ластануы, т.б.).
7.7. Жайылымды санитариялық тұрғыдан бағалау (загондық жүйе, т.б.)
7.1 Азықтарға қойылатын зоогигиеналық талаптар Малды азықтандыру олардың денсаулығына, өнімділігі мен өнім сапасына тікелей әсер ететін сыртқы ортаның маңызды факторларының бірі. Қорек арқылы организм ассимиляция процессінде өліні тіріге, ал диссимиляция кезінде, керісінше, тіріні өліге айналдыра отырып, сыртқы орта заттарын қабылдайды. Азықтандырудың аталған принциптері бұзылған жағдайда мал арасында әртүрлі аурулары тууы мүмкін. Мұндай аурулар азықтық немесе алиментарлық деп аталады. Бұл аурулардың себептері биотикалық (тірі) және абиотикалық (өлі) патогендер болуы мүмкін.
Биотикалық патогендерге жататындар: бактериалдық сібір жарасы, сіреспе, сүзек және т.б. және вирустық аусыл, вирустық гепатиттер және т.б., жұқпалы аурулардың қоздырғыштары; инвазиялық аурулардың қоздырғыштары фасциолез, диктикаулез және т.б.; микоз ауруларын тудыратын қоздырғыштар аспергиллез, фузариоз және т.б.
Абиотикалық патогендер шығу тегіне қарай физикалық (азық температурасы және т.б.), механикалық (үшкір зат, азықтың ірі бөлшектері және т.б.), химиялық (зиянды және улы заттардың болуы, минералдық және органикалық заттардың, витаминдердің көп немесе аз болуы) және ұйымдастыру тәртібінің бұзылуы болып бөлінеді.
Азықтардың тепе-теңсіздігі, жеткіліксіздігі немесе шамадан көп берілуі, азықтандыру тәртібінің бұзылуы және азықтың сапасыздығы мал организімін стресстік жағдайға әкеп соқтырады. Стресс жағдайының азыққа байланысты себептері азықтық стресстер деп аталады.
Азықтық заттар екі топқа бөлінеді: табиғи және синтетикалық.