Кермектікті былайша сипаттайды: жұмсақ /тәтті, тұшы/ су О-ден 80 дейін немесе 3,5 мг-экв/л дейін, орташа кермектік 8-ден 12-ге дейін, айтарлықтай кермекті 12-ден 180 немесе 7мг /экв/ л-ден жоғары, өте кермекті 18-ден 30 0-қа дейін немесе 14 мг /экв/ л-дан жоғары.
Ауыз су үшін кермектіліктің жеткілікті нормасы -7 мг /экв/ л Эпидемстанцияның келісімі бойынша малдарды суаруға 10мг /экв/ л дейін кермектік суды пайдалануға рұқсат етіледі.
Кермектік үш түрге бөлінеді: 1) жалпы кермектік, 2) карбонатты /кетіруге болатын/, 3) тұрақты /кетіре алмайтын кермектік/.
Кетіруге болатын кермектік қайнату кезінде тұнба болып шөгетін қос тотықты Са және Мg тұздарына байланысты.
Жұмыс тәртібі:
а/ Карбонатты кермектілікті анықтау. Колбаға зерттелетін 100мл су құйып оған 2 тамшы индикатор қосады, 01н тұз қышқылы ертіндісі мен солғын қызғылт түске боялғанша титрлейді. Титрлеуге кеткен 1 мл тұз қышқылы сынамаға алынған /100/ мл кальций тотығының 2,8 мг-на тең. Егер титрлеуге 2,5 мл Н—кетсе, онда 2,5- ті 2,8-ге көбейткен кезде 70 карбонатты кермек шығады.
б/ Жалпы кермекті анықтау. Карбонатты кермектікті анықтаудан кейін колбада қалған сұйықтыққа бюреткадан 20 мл сілтілі қоспаны құйып 3 минут қайнатады да үстіне 200мл-ге жеткізіп су құяды . Сұйықты суытып, өлшемі бар цилиндрге ауыстырып құяды, сүзгіден өткізеді. Осыдан 100 мл сүзіндіні алып оған 2 тамшы индикатор қосып, 0,1 н ерітіндісімен титрлейді. Титрлеуге кеткен миллилитр санын екіге көбейтіп, сілтілі – жер металл тұзымен реакцияға түсе қоймаған, сілтілі ерітіндінің миллилитрінің көрсеткіш санын табады. Алынған санды 20 мл сілтілі ерітіндіден алып тастап, 2,8-ге көбейтеді де жалпы көрмектікті табады.
Есептеуді мынадай формуламен шығарады:
х=20-(а·2) · 2,8;
Мұндағы: х - ізделіп отырған градус түріндегі жалпы кермектік.
А - 100 мл сұйықтықты титрлеуге кеткен тұз қышқылы ерітіндісінің мөлшері.
2 – 200мл сұйықтықты есептеуге арналған көбейткіш
Тұрақты кермектік жалпы және карбонатты кермектіліктің айырмашылығынан тұрады.
1-кесте. Кермектілікке байланысты су түрлері
Кермектік түрлері
|
Кермектік градус есебімен
|
Кермектік мг-экв/л
|
Өте жұмсақ
|
0,4
|
0,-1,5
|
Жұмсақ
|
4-8
|
1,5-3,0
|
Орташа кермектік
|
8-12
|
3,0-4,0
|
Кермектігі жоғарылау
|
12-18
|
4,0-6,5
|
Кермекті
|
18-30
|
6,5-11,0
|
Өте кермекті
|
30 дан көп
|
11-ден көп
|
Достарыңызбен бөлісу: |