Дістемелік кешені



бет82/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   114
Байланысты:
Дістемелік кешені

Мөлдірлігін анықтау. Судың мөлдірлігі су көз басына немесе лабораторияда анықталады. Судың мөлдірлігін анықтаудың бірінші тәсілі: краны бар, бөліктерге бөлінген цилиндрге суды құйып №1 Снеллен баспа шрифті бар бір бет қағазды төсейді де су арқылы үстінен қарайды, сонан кейін суды әріп айқын көрінгенше краннан ағыза береді. Судың мөлдірлігін анықтаудың екінші тәсілі: жуандығы 1-2 мм сым темірден жасалған, диаметрі 1-1,5 см дөңгелек сақина арқылы анықтау. Сақинаны зерттелетін суы бар цилиндрге оның кескіні көрінбегенге дейін батырады. Сонан кейін дөңгелек сақина анық көрінгенше біртіндеп көтереді, судың тереңдігін /см есебімен/ өлшейді. Алынған мәліметті Снеллен шрифті бойынша көрсеткішке теңестіреді. Судың мөлдірлігі 30 см болса жақсы, ал 10-нан 30 см дейінгіні пайдалануға жарайды деп санайды. Судың мөлдірлігін мынадай терминдермен белгілейді: мөлдір, сәл мөлдір, жеңіл бұлыңғыр немесе өте бұлыңғыр.
Судың түсін анықтау. Хромды – кобальтті шкала, тегіс табанды 2 түссіз цилиндр. Судың түсі сапа жағынан да және сан жағынан да анықталады. Сапа көрсеткішін екі цилиндрге құйылған дистилді және зерттелетін судың түсін салыстыру арқылы анықтауға болады / ол үшін ақ қағаз тұтылу керек /. Сан мөлшерін анықтау – хромды – кобальтті шкалада судың түсі градуспен белгіленеді. Жақсы ауыз су түссіз болуы тиіс.Градус бойынша мөлдір ауыз су түсі 200 төмен, пайдалануға жарайтын су түсі 400-қа дейін болуы тиіс. Судың түссіз, ашық сары, сары, қою сары болуы мүмкін.
Судың исін анықтау. Ауыз судың исі табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи иістер: жұпар, сазды, батпақты, шірік иісті, көгерген, ағаш балық, күкіртті сутегі, шөп, белгісіз иісті. Жасанды иістер: хлорлы, фенольді, бензинді, камфорлы және т.б. Судың иісін – сынама алған жерде не лабораторияда 20-400 қыздыру арқылы анықтайды. Ол үшін колбаның 2/3 бөлігіне су құяды, колбаны шынымен жабады немесе үйлестірілген тығынмен тығындайды, шайқап 200 -та анықтайды, содан кейін сол сынама суды 400 дейін қыздырып, шайқайды, шыны тығынды жылжытып иісті анықтайды. Судың сынамасының иісінің интенсивтігі баллмен белгіленеді - өте әлсіз – 1, әлсіз – 2, елеулі – 3, айқындау – 4, өте күшті – 5 балл. Таза судың исі болмауы тиіс, ал мүмкін дегеннің өзінде 200 температурада 2 баллдан аспауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет