Нитритті анықтау. Азотты қышқылдың тұздары нитриттер топырақта, мал азығында, суда кездеседетін улы зат болып саналады. Сол себептен сапалы суда мемлекеттік стандарт бойынша нитритті азоттың мөлшері аз немесе болмауы тиіс.
Нитриттің бар-жоғын анықтау үшін пробиркаға 10 мл зерттелетін суды алып, 10 тамшы (0,5мл) Грисс ерітіндісін құямыз да 70-800С 5 минут қыздырамыз. Қызғылт түстің пайда болуы нитриттің барын білдіреді. Судағы нитриттің мөлшерін анықтау үшін 20 минуттан соң колориметриялық кестені қолдана отырып, ертіндідегі қызғылт түстің қоюлығына қарай отырып 1л судағы (мг/л) нитриттің мөлшерін анықтаймыз.
Нитратты анықтау. Нитраттың азот қышқылды тұзының мемлекеттік өлшем бойынша шекті мөлшері 1 л суда 45мг/л аспауы керек.
а). Судағы нитраттың бар-жоғын анықтау үшін 1 мл зерттелетін суды таза пробиркаға құйып, үстіне 2мл күкіртті қышқылдың дифениламинмен қоспасын қосамыз. Егер нитрат бар болса ертінді қара-көк түске боялады (дифенинтризоаминнің құралуы есебінен).
б). Нитраттың мөлшерін анықтау үшін 1мл зерттелетін1мл сульфат қышқылын қосып, шайқаймыз да 20 минут қойып қоямыз, содан кейін колориметриялық кестені қолдана отырып 1л судағы (мг/л) ертіндідегі бояудың қоюлығына қарап ниртаттың мөлшерін анықтайды.
Хлоридті анықтау.Суда хлоридтер көбіне хлорлы натрий, хлорлы калий, хлорлы кальций, хлорлы магний түрінде кездеседі. Су- зәрмен, садырамен, қимен ластанған жағдайда, немесе су сазды- батпақты жермен ағып өткенде хлорид мөлшері көбейеді. Сол себептен хлоридтің шығу тегіне қарай органикалық және минералдық бөлеміз. Олардың санитарлық маңызы да әртүрлі болады.
Хлоридтің суда болуының мүмкіндігі сапалық реакциямен анықталады.
Хлоридті анықтау үшін пробиркаға 10 мл зерттелетін су құйып, оған ерітілген азот қышқылының 2 тамшысын және 3 тамшы азот қышқылды күмісті қосамыз. Ақ бұлыңғыр судың пайда болуы суда хлоридтің барын білідіреді.
Сульфатты анықтау. Суда сульфаттар немесе күкірт қышқылдарының тұздары ыдырған белокты заттардың тұздары ыдыраған белокты заттардың тотығуынан пайда болады.
Құрамында сульфаты көп су малдың ас қорыту жолдарының бұзылуына әсерін тигізеді. Бұл әсіресе жас малдарда байқалады. Тегі органикалық сульфаттың шекті мөлшері 80мг/л, ал тегі минералды болса 500мг/л дейін.
Сульфатты анықтау жолы мынаған негізделген: суды өңдегеннен кейін ондағы сульфат қоспалары хлорлы бариймен ерімейтін ұсақ түйіршікті тұнбалар құрайды.
Анықтау Озеровтың әдісімен жүргізіледі. Түссіз шыныдан жасалған, негізі тегіс стаканға (диаметрі 28мм) 10 мл зерттелетін су құяды, тұз қышқылының 25 пайызды ертіндісінің 5 тамшысын қосады. Стакандағы қоспаны шыны таяқшалармен 30 секунд бойына араластырып. Озеров шрифінің ең ұсақ әріптерін қояды. Сұйықтық арқылы көрінетін әріптерге қарай оның қаншалықты мөлшеріде екенін анықтайды.
Мысалы: егер суда сынама арқылы № 1 шрифтің әріптерін ажырата алатын болсақ, онда суда мг/л дейін сульфат бар болып есептеледі.