Дістемелік кешені



бет87/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   114
Бақылау сұрақтары:

  1. Судың кермектігінің санитарлық-гигиеналық маңызы.

  2. Кермектің түрлері және оларды анықтау тәсілдері.

  3. Суды жұмсарту үшін қолданылатын тәсілдер.

  4. Кермектің мүмкіндік нормасы мен бірлік өлшемі.



Зертханалық сабақ 15-16
Тақырыбы Iрi азықтарды санитариялық-гигиеналық тұрғыдан бағалау


Біркелкілігі: Сапалы ірі азықтар біркелкі, құрамында механикалық қосындылар, улы, көгерген, шіріген шөп болмауы керек. Азықтың құрамы сақталуы керек. Егер бір жерде бірнеше азық түрі болса. Онда әрбір азық түрін бөлек бағалайды.
Ылғалдылығын анықтау: 3 сынама азықты майдалап турап 5г өлше, арнайы бюкстарда кептіргіш шкафта 40мин (130 0С) кейін қайтадан өлшейді. Бөлінген ылғалды грамм және процент есебінде анықтайды. 3 сыныманың орташа ылғалдылығын есепке ала отырып азықтың ылғалдылығын шығарады.
Керекті құралдар мен аспаптар: қайшы, таразы, алюминий бюкстары, кептіргіш шкаф, қысқыштар.
Анықтау жолы: шөп сынамасын (3) майдалап турап, араластырып, 5 г арнайы бюкстарға өлшеп салып кептіргіш шкафқа (130 0С) қояды. 40 мин кейін кептіргіш шкафтан алып қайтадан өлшейді.
Ылғалдан проценттік құрамын мына формуламен есептеп шығарады:

Х (А-В)* 100


А
Мұндағы: А-кептіргенге дейін азық салмағы, г
В- кептіргенен кейін азық салмағы, г
100- процент
Ас тұзын анықтау: Толық кептірілмеген шөп жақсы сақталу үшін оны үстіне тұз себеді.
Керекті құралдар мен аспаптар: таразы, 100-250 мл колба, дист. су, сүгіш қағаз, АgNО3
Анықтау жолы: 1 г майдаланған шөпті колбаға салып үстіне 50-100мл дист. су құйып 2 мин араластырады. Ертіндіні сүзеді де аз мөлшерде АgNО3 қосады. Егер осы кезде хлорлы күмістің тұнбасы сынамада шөптің бары анықталады.
Шөптің шаңдылығын анықтау.
Керекті құралдар мен мен аспаптар: 50 және 250 мл колбалар , пробирка, 50, 100, мл цилиндрлер, воронкалар, сүзгі қағаздар, дист. су, таразы.
Анықтау жолы. 100 мл дист. су стаканға құйып үстіне 10 г ұсақталған азық сынамасын салады да стаканды араластырады. Егер осы кезде ертінді тұманданса шаңның бары анықталады. Мұндай азықпен малды азықтандырғанда коньюктивит, трахеит, және т.б. мал ауруларын тудыруы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет