Керектi құралдар мен жабдықтар: пробиркалар, штатив, мочевина (карбомид) NAОН ерітіндісі.
Студенттердiң өзiндiк жұмысы: 1. Студенттер дәндi дақылдардың орташа сынамасын алып оған органолептикалық зерттеулер жүргiзедi.
2. Дәндi-дақылдардағы гранозанды, формалиндi анықтайды.
3. Студенттер алынған нәтижелерi бойынша қорытынды жасайды
Студенттер жоғарыда көрсетiлген әдiстермен:
1. құрама жемдегi ас тұзын;
2. құрама жемнiң жалпы қышқылдылығын;
күнжара мен шроттағы госсиполды;
мочевинаны анықтайды
Студенттер алынған нәтижелер бойынша мал азығына санитариялық баға бередi.
Бақылау сұрақтары: 1. Құрама азықтың санитарлық-гигиеналық бағасын анықтау тәсілдерін атап көрсетіндер.
2. Малдың ас тұзынан улануы қандай жағдайда болады?
3. Құрама жемнің қышқылдылығын қалай анықтауға болады?
4. Госсипол. Оның қасиеттері. Қандай азықта болады?
5. Мочевина және оның негізділігін анықтау.
6. Дәнді азықтардың санитариялық-гигиеналық бағалануы қандай тәсілдермен жүргізіледі?
7. Сапалы дәнге органолептикалық көрсеткіш бойынша баға беру.
8. Дәңді дұрыс сақтамағанда қандай бос қышқылдар пайда болады, дәннің қышқылдығының мөлшері?
9. Малдың гранозанмен, формалинмен улануының себептері неде?
«Ветеринарлық гигиена және санитария» пәнінен
6В09101 – «Ветеринариялық медицина» білім беру бағдарламасының студенттеріне
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫ
ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
№ 1 тәжірибелік сабақ Тақырыбы: Ауаның барометрлік қысымын анықтау Сабақтың мақсаты: 1. Ауаның барометрлiк қысымын анықтайтын құралдармен танысу. 2. Ауыл шаруашылық малдарына арналған қоралардың ауа қысымын анықтау әдiстерiн игеру.
Құралдар мен қондырғылар: барографтар, барометр-анероид
Сабақтың мазмұны. Ауаның өз көлемі және салмағы болады. Соған орай ол жер бетіне, қоршаған барлық затқа, соның ішінде адам мен малға да қысым түсіреді.Бірақ ішкі қысым мен сыртқы қысым теңеседі де, біз оны байқамаймыз.
Жер бетіндегі ауа теңіз деңгейінде 1см2 жерге 1 кг артық (1029,8г) салмақ түсіреді.
Атмосфералық қысым сынап бағанасының биіктігімен өлшенетіндіктен, сынаптың меншікті салмағын (13,55), 1 см2 ауаның салмағына бөлу арқылы, теңіз деңгейіндегі ноль градус температурадағы атмосфералық қысымын анықтауға болады:
сын.бағ. Сынап бағанасымен бір бар 750,06 мм қысымға сәйкес. 1 бар 1000 миллибарға бөлінеді; 1 миллибар, 0,75 мм сынап бағанасына тең; ал 1 мм сынап бағанасы 1,33 миллибарға сәйкес. Атмосфералық қысым - Паскаль (Па) өлшемінде анықталады. Бір гекто-паскаль 100 паскальға тең, ал 760 мм сынап бағанасы 1013 Па-ға сәйкес.
Теңіз деңгейінен биіктеген сайын ауа қысымы бірте-бірте төмендей береді. Мысалы, 3000м биіктікте қысым 520-530мм-ге тең. Ал теңіз деңгейінен төмендеген сайын ауа қысымы жоғарылайды.
Атмосфералық қысым ауа райына айтарлықтай әсер етеді. Қысым жоғары кезде, әдетте аспан ашық, ауа құрғақ және желсіз болады. Қысым төмендеген кезде күн бұлтты, жауын-шашынды, тұманды және желді болады.
Мал организімі жоғарғы қысымға қарағанда төменгі қысымға сезімтал келеді.
Таулы жерде атмосфералық қысым қалыпты қысымнан төмен болады, оттегінің парциалды қысымы азаяды. Соның салдарынан мал биіктік ауруына шалдығады. Малдың тері және кілегей қабықтарының қан тамырлары кеңейіп, қан құйылады, ұлпаларда оттегі жетіспейді де зат алмасуы бұзылады. Организмде тотықпаған улы өнімдер жиналады.
Мұндай ауруға әсіресе тау жайылымына жерсінбеген малдар, сондай-ақ тауға қарай жылдам айдаған семіз малдар, бір айға дейінгі құлындар ұшырайды.
Атмосфералық қысым сынап бағанасының биіктігімен өлшенеді. Осы қысым сынап бағанасымен 760 мм етіп көрсетсе онда оны қалыпты қысым деп есептейді. Сонымен метеорологиялық шаруашылықта кысымды өлшеу үшін бар өлшемі қолданылады.
Атмосфералық қысымды өлшеу үшін барометрлер қолданылады. Олар сынаптан (сифонды немесе табақшалы) және металдан жасалған болып бөлінеді. Атмосфералық қысымның ауытқуын үзіліссіз жазып отыру үшін тәуліктік немесе апталық барографтарды пайдаланады.
Барамометр-анеройд (металдан жасалған барометр)-гигиеналық зерттеу барысында кеңінен пайдаланылады. Бұл құралдың ең маңыздысы кеңірдектелген табаны мен жұқа қабырғалы металл қорап, немесе тағаға ұқсас жұқа түтік. Қорабтың немесе түтіктің ішінде қысым шамамен 50-60 мм-ге сәйкес сиретілген ауа болады.
Атмосфералық қысымның ауытқуы қорабтың қабырғаларын қысады немесе кеңейтеді түтіктің ұштарын түзетеді немесе майыстырады. Бүл өзгерістер рычаг жүйесі арқылы жылжымалы стрелкаға беріледі.
Барограф –оның негізгі бөлігі сирексітілген ауасы бар анероидты қораб жүйесі болып табылады. Олар өзара бір-бірімен жалғастырылып, ауа қысымының өзгерістерін қабылдап отырады. Қораб көлемінің өзгеруі рычаг жүйелері арқылы жазғыш ұшы бар стрелкаға беріледі. Бір тәуліктегі немесе аптадағы атмосфералық - қысымның ауытқуы барабанның графаларға бөлінген таспасына термографтағыдай сызылады.