Дістемелік кешені


Керектi құралдар мен жабдықтар



бет93/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   114
Керектi құралдар мен жабдықтар: сыйымдылығы 100 мл колба, құйғыш, сүзгіш қағаз, пробиркалар, тамызғыштар, резорциннің 2 проценттік ертіндісі, пептонның 1 проценттік ертіндісі, концентрацияланған күкірт қышқылы, бромды калий.
2 Құрама жемге санитарлық-гигиеналық баға беру
Лабораториялық зерттеуге арналған құрама жемнің үлгілерін алу және орташа сынамасын құрау жалпы ережелерге сай негізделеді. Құрама жемнің сапалылығын анықтау үшін орташа сынамасын алып оның ылғалдылығын, жалпы қышқылдығын, құм қоспасын, арам шөп пен улысын, қара күйенің спораларын анықтайды.
Құрама жемдегі ас тұзын анықтау
Анықтау жолы: Мал азығының орташа сынамасынан алынған ет сүйек ұны немесе балық үнының 5 грамын колбаға салып 50 мл дистилді су қүяды Әбден шайқаған соң колбаны 5-10 минутқа қалдырады ауық-ауық әлгі қоспаны айналдыра шайқайды. Соңынан сұйықтықты сүзгіден өткізеді, колбаға 10 мл сүзінді құйып (K2Cr2O4) хромды қышқыл калий индикаторының 2-3 тамшысын қосып қызыл түс кеткенше 0,1 н азотты - қьшқыл күміс ерітіндісімен титрлейді, 0,1 н азотты - қышқыл күміс ерітіндісінің I мл ас түзының 5,845 мг тең. Балық немесе ет сүйек ұнының сынамасындағы түздың проценттік мөлшерін есептеп шығару үшін мына төмендегідей формуланы пайдаланады:
Х= A x 0,0056 x 100 x 50;
5 x 10
Мұндағы: А - титрлеуге /мл есебімен/ жүмсалған 0,1 н AqNO3 ерітiндісінің мөлшері;
0,0058 - 0,1 AqNO3 ерітіндісінің I мл-на сәйкес келетін хлорлы натрий мөлшері /гр есебімен/;
50 - экстрагирлеу үшін алынған судың жалпы көлемі;
5 - балық немесе ет-сүйек ұнының салмақ шамасы;
10 - титрлеуге алынған сүзінді мөлшері /мл есебімен/.
Азықтық балық ұнының бойында ас тұзы жоғары сортты ұнда 3 %, бірінші сортта 4 % болуы тиіс.
Керектi құралдар мен жабдықтар: аптека таразысы, 250 мл колба, сүзгіш қагаз, тамызғыштар, хромды қышқылды калий, индикатор K2Cr2O4 ерітіндісі, 0,1 H AqNO3
Құрама жемнiң жалпы қышқылдылығын анықтау
Анықтау жолы: сыйымдылығы 500 мл конус колбаға 25 г құрама жем салып, 250 мл тазаланған су құяды, колбаны тығындап, 10 минут бойына шайқайды. Бұдан кейін колбаны 35 минутқа қалдырады, оны әрбір 3-4 минута араластырып тұрады. Колбадағы сұйықтықты таза колбаға құрғақ сүзгіштен өткізеді колбаға немесе стаканға 25 мл сүзінді кұйып фенолфталеиннің I проценттік спиртті ерітіндісінің 1-2 тамшысын қосады да ашық қызыл бояу пайда болғанша КОН немесе NAОН-нің 0,1 н ерітіндісімен титрлейді.
Қьшқылдылықты мына формуламен анықтаймыз:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет