Дістемелік кешені


Лекция 3. Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігі



бет25/76
Дата08.11.2022
өлшемі404,93 Kb.
#48438
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   76
Байланысты:
pedagogika

Лекция 3. Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігі.
3.1. Педагог тұлғасына қойылатын қазіргі талаптар.
3.2. Педагогикалық бейімділік пен педагогикалық қабілеттілік педагог тұлғасының кәсіби маңызды қасиетін қалыптастырудың негізі.
3.3. Педагогтың жалпы және кәсіби мәдениеті.
3.4. Педагогикалық білім беруді жаңғыртудың әлемдік тенденциялары.
1. ХХІ ғасыр — қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр – марғаулықты көтермейтін ғасыр. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр дара тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде тапсырылып отыр. Аманатқа қиянат жасамау-халқымның ізгі ұлылық дәстүрі.
Мұғалім идеалы – білімнің құндылығын айқын түсінетін, «мәдениеті жоғары адам», өз пәнінің жетік шебері, педагогика мен психологияны терең меңгерген, жеке тұлғаға бағытталған педагоги-калық әдістерді қолдана алатын, өзін жеке тұлға ретінде дамытып, рухани өсуге деген қажеттілігі мол болуы тиіс делінеді.
Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет— білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын жаңашыл мұғалімдерді даярлауЖаңашыл мұғалімдер «педагогикалық қызметтің барлық түрлерін зерттеп, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл әрі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға болуы керек».
Педагогикалық білім берудің ең жоғарғы мақсаты— жаңа тұрпатты мұғалімнің жалпы және кәсіби дамуының үздіксіз жүргізілуі. Бұл мақсатты жүзеге асыру кезінде маман-адам, азамат пен оның кәсіби білімі, іскерліктері мен дағдылары арасындағы үзіліп қалған байланыс қайта жалғасын табуы керек. Болашақ маманның жеке тұлғалық позициясын, оның кәсіби білімі мен іскерліктерін біріктіру жүзеге асуы жөн. Бұл біріктіру жалпы қосынды емес, сапалық жағынан жаңа құрылым болып, тұтастығы мен ішкі құрылымы жаңа типті мұғалім даярлау мен қалыптастыру мақсатын қоюға болады. Педагогикалық білім беру мақсаты, мұғалім тұлғасы мен кәсіби қызметінің инвариантты, идеалданған көрсеткіштері біліктілік сипаттамасының негізіне қойылатын профессиограммада ашылады. Біліктілік сипаттамасы типтік кәсіби педагогикалық міндеттер жүйесі түрінде құрылып, мұғалім тұлғасы мен кәсіби қүзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптарды құрайды.
2. Психологиялық жағынан танып, білуімізге байланысты бейімділік дегеніміз өзі белгілі бір затқа, объектіге, іс-әрекетке адамның сезімдік талғамының арта түсуі соған деген құлшынысының арта түсуі деп білеміз.
Педагогикалық қабілеттер- мұғалімнің педаготтік қызметте жоғары нәтижелерге жетуін қамтамасыз ететіндей даралық-психологиялық ерекшеліктері мен кәсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жалпылаа жиынтығы. Педагогикалық қабілеттердің мынадай түрлері сараланады:гностикалық(танып білу және одан ләззат ала білу),дидактикалық(түсіндіре білу, білім бере үйрете білу),коммуникациялық(қарым-қатынас, ынтымақтастық жасай білу), конструктивтік (оқу-тәрбие материалын іріктеп ала білу, жобалай, жасай білу), ұйыдастырушылық (шәкірттерін әр алуан қарекет түрлеріне еліктіріп, тарта білу, қатысушылардың бәрін біріктіріп, олардың мүдделерін қойылған мақсатты орындауға бағыттай білу), перцептивтік (баланың ішкі жан дүниесін ұғына білу, олардың сезімдері мен жай-күйін түсіне білу,эмпатияғақабілеттілік), болжамдаушылық (педагогикалық көрегендік жасай білу, педагогикалық қызметтегі өзара әрекеттестік нәтижелерін болжай білу), суттестивтік (мұғалімнің эмоциялық, ерік-жігерлік иландырушылық ықпалы, нық айтылған жігерлі сөзбен қажетті әсер нәтижесіне жете білу қабілеті), экспрессивтік (мұғалімнің өзінің білімі мен сенімдерін эмоциямен әсерлі етіп айтып жеткізе білуі,артистизмі, дауыс ырғағы,ым, ишара, оңтайлылық элементтерін жетік меңгеруі).
3. Педагогикалық тәртіп -мұғалімнің қызметінде оның ойы мен әрекеті ұштасып жататын педагогикалық моральді іске асыру түрі. Тәртіп – іс-қимылдың барлық обьективтік әсері мен оның субьективтік қабылдануын алдын ала көре білуді көздейтін адамгершілік тәртіп. Осы арқылы мақсатқа жетудегі барынша жеңіл және мейлінше жағымсыз түрде жету ізденісі көрінеді. Педагогикалық тәртіп – үнемі шығармашылықта және ізденісте болу деген сөз.
Мұғалімнің тұлғаға деген құрмет сезімі, жоғары талап қоюы, әңгімелесіп отырған адамды тыңдай білуі, оны түсіне білуі, ара-қатынастағы іскерилік, бірбеткейсіз ұстанымдылығы, сабырлылығы , адамдарға қатысты ерекше зейіні мен сезімталдығы т.б. педагогикалық тәртіпке жатады.
Мұғалімнің педагогикалық мәдениетіне қойылатын талаптардың ішінде педагогикалық тәжірибенің даму барысында қалыптасқан жалпы адами мәдениет те бар. Бірақ педагогикалық салада өзіндік адамгершілік тәрбиенің ажырамас бөлігі болып табылатын моральдік үйлестірудің де өзіндік ерекшелігі бар. Өйткені педагогтың іс –қимылын ешкім бақыламайды ғой. Ол көбінесе өз қылығын өзі бағалайды, өзі түзетедіСол себепті мұғалімнің моральдік «барометрі» педагогикалық ұяты аса сезімтал жоғары деңгейлі болуы шарт. Педагогтың кәсіби тәртіп кодексі педагогикалық ұстанымдар мен моральдан туындайтын адамгершілік талаптар үйлесімін анықтайды және оның педагогикалық қызмет үдерісіндегі ара-қатынас жүйесі мен тәртібін реттейді. Педагогтың кәсіби тәртіп кодексінің басты мақсаты мұғалімнің өз-өзіне, педагогикалық еңбекке, оқушылар мен мұғалімдер ұжымына деген ара-қатынасын анықтайтын негізгі талаптарды белгілеу болып табылады.
4. Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек [5]. Қазіргі заман талаптарына сәйкес қазіргі мектеп «білімді тұлға», яғни білім, білік пен дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны дайындаумен ғана шектеле қоймай, «өмірдің өзгерістеріне дайын болатын», белсенді және шығармашыл ойлайтын, интеллектуалды және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дайындау тиіс. Бұл деген мектептегі білім берудегі жаңа моделінің құрылымы әдеттегі дәстүрлі «Мектепте нені оқу керек?» емес, «Мектепте не үшін оқу керек?» деген мән мәтін аясында өрістелуі тиіс.
Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Солай бола тұра «кәсіби шебер» түсінігіне пәндік, дидактикалық, әдістемелік, психология-педагогикалық білім мен дағды ғана емес, педогогтің жеке тұлғалық потенциалы, кәсіби құндылықтары да жатады. ҚР-ның педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған үш айлық курс бағдарламалары, білім беру жүйесінде педагогтар алдына жаңа міндеттер қойып, оларға үн тастады десек те болады. Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. [2] Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. Ал оның негізі бастауыш сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да бастауыш сыныпта әр сабаққа әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе.
Жаңа бағдарлама мұғалімдерге қазіргі заманға оқыту әдістерін жеті модуль арқылы ұсынады.
1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер. 2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау. 4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаоану. 5. Талантты және дарынды балаларды оқыту. 6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай білім беру және оқыту. 7. Білім берудегі басқарушы және көшбасшылық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет