Дістемелік кешені


Мәдениетті басқарудың ұйымдастыру құқықтық жүйесі



бет102/118
Дата20.02.2022
өлшемі180,82 Kb.
#25977
түріБағдарламасы
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   118
2.Мәдениетті басқарудың ұйымдастыру құқықтық жүйесі. Мәдениет саласындағы қызмет - мәдени құндылықтарды жасау, жаңғырту, сақтау, тарату жөніндегі қызмет. Мәдени құндылықтар - адамгершілік нормалары мен үлгілері, тарихи-мәдени тұрғыдағы бірегей аумақтар. ҚР мәдениет туралы заңдары ҚР Конституциясында және басқа да заң актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге негізделеді. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат, азаматтардың шығармашылық қызметінің еркіндігі, тарихи және мәдени мұраларды қорғау. Азаматтар ҚР-ның мәдениет саласындағы заңдарының талаптарын орындауға тарихи және мәдени мұраны сақтауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға, қазақ халқының Қазақстандағы басқа да халықтардың тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын құрметтеуге міндетті.

3.Азаматтардың әлеуметтік қорғау саласын басқарудың ұйымдастырушылық құқықтық нысандары. Еңбекті, әлеуметтік қамсыздандыруды басқару. Еңбек саласындағы мемлекеттік басқару органдарының мақсаты субъектілердің заңда көрсетілген шекте өз қызметтерін атқаруды қамтамасыз етеді. ҚР-ның Конституциясында еңбекпен, әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету жөнінде құқықтық жағынан реттеудің жалпы қағидалары бар: әрбір адамның еркін еңбек етуге, мамандық таңдауға құқығы бар. Сонымен қатар: мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің еңбек саласында, әлеуметтік қамсыздандыру ісі қағидаларын заңдылық деңгейінде бекіту; нормативті-құқықтық негіз қалыптастыру және оның орындалуын қамтамасыз ету; еңбекте келісімшарт жүйесін қалыптастыру; еңбекті әлеуметтік-құқықтық жағынан қорғауда әлеуметтік кепілдік жүйесін қалыптастыру сияқты міндеттер қойылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет