Дістемелік кешені


Басқару әдістері дегеніміз



бет41/118
Дата20.02.2022
өлшемі180,82 Kb.
#25977
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   118
Басқару әдістері дегеніміз: 1.әкімшілік құқығы субъектісінің қызметін ұйымдастыру.

2.басқару процессінде туындайтын нақты мәселелерді шешу. Басқару субъектілерінің қызметін ұйымдастыру процесі құрылымдық бөлімшілерді құру және олардың қызметін белгілеу және оларды атқарушы билік органдарының жүйесіне кіргізу, басқарушылық процестерді рәсімдеу. Атқарушы билік органдарының өзіне тән белгілері бар: Атқарушы билік органы заң шығарушы және сот билігі органдарымен қатар мемлекеттік аппараттың жеке буыны болып табылады. Яғни, ол мемлекеттік орган ретінде мемлекеттік басқару мен бақылауды атқаруға уәкілдік ппберілген,заңнамалармен белгіленген тәртіппен құрылатын мемлекеттік мекеме. Мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері болуы; Яғни, Атқарушы билік органдарына берілетін мемлекеттік - биліктік сипаты бар өкілеттіктердің мәні - олардың мынандай құқықтарына байланысты: а) мемлекеттің атынан заңды түрде міндетті болатын құқықтық актілерді шығару құқығы бар. Мыс. жол жүру ережелері, өрт қауіпсіздігі туралы ережелер, санитарлық- гигиена туралы ережелер. ә) құқықтық актілермен белгіленетін талаптар мен ережелердің сақталуын мемлекет атынан байқауды (қадағалауды) жүзеге асырады. б )заңды түрде міндетті болатын актілердің талаптарын орындауды қамтамасыз ету мақсатында иландыру, түсіндіру, шараларын қолданады. 2.Атқарушы билік органдарының түрлері: Атқарушы билік органдары өзінің қызметінің мазмұны меннақты бағыты бойыншамынандай түрлерге бөліп қарастыруға болады. 1.Қызметінің аумақтық көлемі бойынша Республикалық және Жергілікті атқарушы билік органдарына бөлуге болады; Республикалық атқарушы органдарының жергілікті жерлерде-ірі әкімшілік - аумақтық бөліністерде құратын органдары аумақтық болып есептелінеді.мыс. басқармалар, департаменттер Олар, жергілікті атқарушы билік органдарының жүйесіне кірмейді. Жергілікті атқарушы билік органдарына республиканың әкімшілік-аумақтық бөліністерінде құрылатын: облыстардағы, аудандардағы және қалалардағы әкімдіктер мен әкімдер.2.Құзіретінің көлемі мен сипатына қарай атқарушы билік органдары бөлінеді: Жалпы құзіретті яғни мемлекеттік басқарушылық қызметтің барлығына өкілеттіктерді жүзеге асыратын органдар. Олар Үкімет пен әкімдіктер. Салалық құзіретті органдар, яғни олар өздеріне тапсырылған функцияларды басқару салаларының шегінде жүзеге асырады. Олар Министрліктер, комитеттер. Мыс. Ішкі істер комитеті.Салааралық құзіретті органдар. Яғни, барлық немесе бірнеше салалық жүйелер үшін ортақ болатын мәселелер бойынша, функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын органдар. Мыс. Стандартизациялау, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша үйлестіру. Бұлар министрлік те, агенттік те болуы мүмкін. Аралас құзіретті органдар, яғни, олар өзінің функциялары мен өкілеттіктерін әрі салалық, әрі салааралық көлемде жүзеге асыратын органдар. Мұндай құқықтық нысан республикалық атқарушы билік органдарына тән құзірет.3.Құрылу тәртібі мен тәсілі атқарушы билік органдары бөлінеді:Мемлекет басшысы құратын органдар. Мыс. ҚР ның Президенті ҚР сы Үкіметін, министрліктерін және басқа к органдарын құрады. Атқарушы билік органдарының өздері құратындары. Мыс. «ҚРсы Үкіметі туралы» Конституциялық заңмен Үкіметтің министрліктердің комитеттерін құру мүмкіндігі қаралған және Республикалық атқарушы билік органдары өздерінің ішкі салалық аумақтық органдарын құра алады.Кейбір жағдайларда сайлау тәсілі арқылы құрылады. Мыс жекелеген аудандарда және ауылдарда халықтың сайлауы арқылы эксперимент ретінде әкімдер сайланды. 4. Ведомстволық мәселелерді шешу тәртібі бойынша атқарушы билік органдары бөлінеді: Алқалы органдар деп яғни, негізгі мәселелрді шешу кезінде көпшілік дауыспен шешеді. Үкімет, әкімдік. Жеке дара басшылық органдар деп, яғни, негізгі мәселелерді басшылары шешеді. Мыс. Министрліктер. 5. Ұйымдастыру - құқықтық нысандары бойынша атқарушы билік органдары бөлінеді: Үкімет, министрліктер, агенттіктер, комиттеттер, комиссиялар, ведомстволар, қадағалайтындар, инспекциялар, басбасқармалар, басқармалар, департаменттер, акимат, бөлімдер болып. Атқарушы билік органдарының шешімі құқықтық болуы үшін, белгілі бір процедуралық талаптардың сақталуы тиіс; 5.Сенат келісімімен ҚРсының Ұлттық Банк Төрағасын қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады; 6.Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы мен екі мүшесін, ОАК нің Төрағасы мен екі мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;

Билік заңнамалығы саласында:

1.Республика Парламентінің сайлауын тағайындайды;

2.Депутаттардың Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды.

3.Заңның жекелеген баптарына қол қояды,немесе қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін кері қайтарады;

4.Республикалық референдум өткізу жөнінде шешім қабылдайды;

5.Келіссөздер жүргізеді және республиканың халықаралық шарттарына қол қояды;

6.ҚР-сының барлық аумағында міндетті түрде күшіне енетін жарлықтар мен қаулылар шығарады.

Сот билігі саласында:

1.Жоғарғы Сот Кеңесін құрады, оның Төрағасын тағайындайды;

2.Облыстық соттардың және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын қызметке тағайындайды, оларды қызметінен босатады.

Қорғаныс пен Қауіпсіздік саласында:

1.Республиканың Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын, Қарулы Күштердің Жоғары Қолбасшылығын қызметке тағайындайды, оларды қызметтен босатады.

2.Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады; 3.Республика Президентінің Күзет қызметін және Республикалық Ұланды жасақтайды. 4.Қауіпсіздік кеңесін құрады, оны басқарады;

5.Айрықша жағдайларда ҚРның барлық аумағына және жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізеді.

Сыртқы қатынастар саласында:

1.Президент шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардағы Республика дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын тағайындайды және кері шақырып алады;

2. Бекіту грамоталарына қол қояды; шет мемлкеттердің дипломатиялық және өзге де өкілдерінің сенім грамоталары мен кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды; 3.Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қауіп төнген жағдайда Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді. Азаматтарға қатысты: 1.Мемлекеттік қызметкерлерге арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің бәрыңғай жүйесін бекітеді. 2.Мелекеттік наградалармен марапаттайды,құрметтейді, жоғары әскери және өзге де атақтарды, сыныптық шендерді, дипломатиялық дәрежелерді, біліктілік санаттарын береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет