Дістемелік кешені


Қазақстан Республикасының Үкіметі, ҚР Үкіметінің ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтық негізі



бет42/118
Дата20.02.2022
өлшемі180,82 Kb.
#25977
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   118
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, ҚР Үкіметінің ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтық негізі. ҚР-ның атқарушы билігін жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын орган болып ҚР-ның Үкіметі табылады. Оның құқықтық мәртебесінің негіздері ҚР Конституциясында бекітілген.Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібі Республика Конституциясына сәйкес «ҚР Үкіметі туралы» ҚР Конституциялық заңымен белгіленеді. Үкімет Республика Конституциясының, аталған Конституциялық заңның, Республиканың заңдары мен өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің негізінде және оларды орындау үшін іс-әрекеттер жасайды.Үкіметті Республика Президенті ҚР-ның Конституциясында көзделген тәртіппен құрады. Республиканың Премьер-министрін ҚР Президенті Парламенттің келісімімен қызметке тағайындайды.Үкіметтің басқа мүшелерін де Президент тағайындайды. Республиканың Премьер-министрі өзі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді. ҚР Үкіметі - алқалы орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері - республиканың Премьер-министрі, оның орынбасарлары, министрлер және республиканың өзге де лауазымды адамдары кіреді Орталық органдардың, әдетте, тәжірибеде тұрақтанған үш буынды құрылымдары бар: басшылар, функционалдық бөлімшелер, қызмет көрсететін бөлімшелер. 1.ҚР-ның министрлігі мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жасауды, сондай-ақ заңдарда көрсетілген шектерде - салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республиканың орталық атқарушы органдары болып табылады. Министрлікті Республика Премьер-министрінің ұсынысы бойынша Республика Президенті құрады, қайта құрады және таратады. министрлерді де Республика Премьер-министрінің ұсынуы бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 2.ҚР-ның агенттігі Үкімет құрамына енбейтін орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттікті Республика Премьер-министрінің ұсынысы бойынша. Республика Президенті құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Агенттік тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгіленген шектерде сааралық үйлестіруді және өзге де арнайы және рұқсат беру міндеттерін жүзеге асырады. 3.ҚР-ның Ұлттық қауіпсіздік комитеті, стратегиялық жоспарлау және реформалау жөніндегі, мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттіктер, Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия ҚР Президентіне тікелей бағынады. 4.Республиканың орталық атқарушы органдарының Комитеті тиісті орталық атқарушы органның ведомствосы болып табылады. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы орган басшысының ұсынуымен Республика Үкіметі құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет