Дістемелік кешені


Әкімшілік өндірісті болдырмайтын мән-жайлар



бет79/118
Дата20.02.2022
өлшемі180,82 Kb.
#25977
түріБағдарламасы
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   118
Байланысты:
kr akimshilik kuk g 2021-2022 oku zh l -k (8)

4.Әкімшілік өндірісті болдырмайтын мән-жайлар. Мынандай мән-жайлардың ең болмағанда біреуі болған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді бастауға болмайды, ал басталған іс қысқартылуға жатады: әкімшілік құқық бұзушылық оқиғаларының болмауы; әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауы, соның ішінде әкімшілік жауапқа тарту үшін жеке адамның құқық бұзушылық жасаған кезде ӘҚБтК-те көзделген жасқа толмауы немесе құқыққа қарсы әрекет жасаған жеке адамның ақыл-есінің дұрыс болмауы; әкімшілік жауаптылықты белгілейтін заңның немесе оның жекелеген ережелерінің күші жойылуы; ҚР-ның Конституциялық Кеңесі әкімшілік жауаптылықты белгілейтін заңды немесе оның кейбір ережелерін ҚР-ның Конституциясына сәйкес келмейді деп тануы салдарынан олардың күші жойылуы; әкімшілік жауапқа тарту мерзімінің өтуі; әкімшілік жауапқа тартылатын адам жөнінде сол факт бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы судьяның, органның (лауазымды тұлғаның) қаулысының не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қысқартылуы туралы күші жойылмаған қаулының болуы, сондай-ақ нақ сол факт бойынша қылмыстық іс қозғау туралы қаулының болуы; іс жүргізіліп отырған жеке адамның қайтыс болуы. Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары: Әкімшілік юрисдикциялық өндірістің негізгі белгілері мен қағидалары қандай? Кімдер әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысады? Әкімшілік өндірістің негізгі сатылары қандай? Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға қандай фактілер негіздеме болады? Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, судья, орган (лауазымды адам) қандай қаулыларды шығарады? Әкімшілік өндірісті болдырмайтын мән-жайлар қандай?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет