Дістемелік кешені



бет6/111
Дата19.05.2022
өлшемі278,18 Kb.
#35017
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111
Байланысты:
Лекциялар Практикалы бо ж б Ж 120 15 15 10 80 ызылорда,2019

Дауыс ырғағы (интонация)
Дауыс ырғағы (интонация) және кідіріс (пауза) туралы жалпы түсінік. Адам сөйлеп тұрғанда, айтылған пікірдің тыңдаушыға түсінікті болу үшін, мәнерлеп оқу үшін дауыс ырғағы мен кідірістің маңызы зор екендігі; дауыс ырғағы арқылы сөйлемдегі сөздердің жеке айтылмай, бір ғана мағыналық топқа жинақталып, үздіксіз ұласа айтылатындығы. Кідіріс арқылы жеке мағыналы сөздер немесе мағына жағынан жинақталып ұласқан сөз топтарының басқа сөздерден бөлініп үздік­үздік жіктеліп айтылатындығы. Ауа толқыны арқылы топталған фонетикалық бөліктер: сөйлеудің кідірістік, буындық жіктері (фраза, такт немесе синтагмалар). Паузадан кейінгі күшті бас буын, паузаның алдындағы күшті соңғы буын. Дауыс ырғағының грамматикалық мағыналарды білдірудегі суперсегменттік қызметі. Дауыс ырғағының түрлері: сөз тіркестері, бірыңғай мүшелер, айқындауыш мүшелер: төл сөз бен автор сөздері сияқты түрлі категориялардың немесе хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдердің әр түрлі (біркелкі, тұтас, санамалы, көтеріңкі, бәсең, кідірісті,т.б.с.с.) дауыс ырғақтары.


Екпін (акцентуация) Екпін, оның басты­басты түрлері: ой екпіні (логикалық екпін) және инверсия, көңіл күйі екпіні (эмфазалық екпін), сөз екпіні (словесное ударение) және олардың бір­бірінен айырмалары. Сөз екпіні, оның түрлері: үнді (музыкалық, тоникалық екпін); лебізді (динамикалық, экспираторлық) екпін. Лебізді екпіннің күшті лебізді, бәсең лебізді болып бөлінетіні: тіркес екпіні (фразалық немесе комплекстік); көмекші (квантитатив) екпін. Қазақтың төл сөздері мен халықаралық сөздердегі негізгі және квантитатив сөз екпіндері. Лебізді сөз екпінінің тиянақты, тичнақсыз: тұрақты түрлері. Қазақ тіліндегі сөздердің екпіні көбңнесе тиянақты (көбінесе соңғы буынға түсетін) және көбінесе тұрақты (омоним тұлғалы сөздерден басқалары) болып келетіні. Екпіні тұрақсыз сөздердегі сөз екпінінің атқаратын лексика­грамматикалық қызметтері. Қазақ тілі сөздерінің екпінді қабылдамайтын элементтері.
III. Аралық бақылаулар мен емтихандардың сұрақтары:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет