Дістемелік кешені


Дыбыс туралы жалпы түсінік



бет4/111
Дата19.05.2022
өлшемі278,18 Kb.
#35017
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111
Дыбыс туралы жалпы түсінік
Артикуляциялық дағды (артикуляционнная база). Дыбыс жасауға қатысатын сөйлеу мүшелері (артикуляциялық мүшелер); олардың актив, пассив түрлері және атқаратын қызметтері. Тіл дыбыстарының жасалуы. Тіл дыбыстарын жасаудағы қозғалтқыш күш, оның ырғағы; ауаның жолы, қарқыны, күші, созылыңқылығы. Жаңғырық жасайтын (резонаторлық) қуыс орындары (көмек қуысы, тамақ қуысы, ауыз қуысы). Ауаның түрлері: үнге айналған (фонациялық) ауа, тон, обертон, тембр. Артикуляциялық дағдының бір тілде сөйлейтін адамдардың сөздерін не дұрыс, не ұзып айтуына (орпоэпияға) тигізетін әсері; орпографиямен қарым­қатынасы. Қазақ тілі дыбыс жүйесінің зерттелуі туралы.
Сөйлеу дыбыстарын қарастыру аспектісі.
Дыбыстардың акустикалық (физикалық) сипаттамасы. Дыбыстардың артикуляциялық (физиологиялық) сипаттамасы. Дыбыстардың лингвистикалық (функционалдық) сипаттамасы (фонология). Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әр түрлі әдістер (эксперимент, акустикалық, соматикалық т.б). Дыбыстардың физикалық, анатомия ­ физиологиялық аспектілермен байланысы, Дыбыстардың артикуляция­акустикалық жақтан құралатын өзіндік қасиеттері, табиғаты.
Дыбыс, әріп, фонема.
Олардың ортақ жақтары мен айырмасы. Фонеманың мәні, қызметі және аллофондар. Вариант пен вариация туралы. әріп және әліпби. Фонетикалық және фонематикалық транцкрипция. Олардың арақатынасы. Фонеманың мәні, қызметі және аллофондар. Вариант пен вариация туралы. Әріп және әліпби. Әріптің нақтылы фонемаларды таңбалау кезінде негізделетін принциптері.
Фонемаларды топтастыру принциптері.
Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Қазақ тілі фонемаларының құрамы мен түрлері. Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың артикуляция­акустикалық ерекшеліктері мен өзара айырмашылығы. Дауысты (вокализм) дыбыстар мен дауыссыз (консонантизм) дыбыстар. Дауысты дыбыстардың дауыссыз дыбыстардан айырмашылығы..


Дауысты фонемалар (вокализм).
Дауысты фонемалар құрамы, олардың жасалу ерекшеліктері. Олардың әр түрлі артикуляция­акустикалық тұрғыда топтастырылуы (классификациясы): а) жасалу орнына (тілдің қатысына) қарай – жіңішке (тіл алды), жуан (тіл арты) болып бөлінетін түрлері: қазақтың төл сөздеріндегі дауыстылардың тіл алды – жіңішке, тіл арты – жуан болып бөлінуінің жаңа мағыналы сөз жасауының негізгі қызметі «боз­бөз, тұз­түз, ал­әл, т.б.). ә) жасалу жолына (жақтың қатысына) қарай ашық, қысаң болып бөлінуі; б) жасалу тәсіліне (ерін мен езудің қатысына) қарай еріндік, езулік болып бөлінуі (бірақ ашық­қысаң, еріндік­езулік болып жұптаса бөліну әрқашан тұрақты емес шартты екендігі: олардың кейде мейлінше ашық немесе қысаң кейде орташа ашық немесе қысаң болатындығы). Акустикасына қарай дауыстылардың мейлінше айқын, көтеріңкі және бәсең, көмескі әрі аралық дыбыстар болып естілу ерекшеліктері; в) үнінің ішкі сапасына қарай қазақ тілінің төл дауыстыларының жалаң және дифтонг болып бөлінетін түрлері. Дифтонг дауыстылардың өзіндік ерекше сапа белгілері. Кейбір дифтонгоид дауыстылар: сөз басында «о,ө,е» дыбыстарының сапада айтылуы: «у,и» дауыстыларының (дифтонгоид сапада айтылуы) да екй жағдайда дифтонгоидқа айналуы. Орыс тілінен енген ссөздердегі дауыстылар. Олардың ерекшеліктері. Қазақтың төл сөздеріндегі және халықаралық сөздердің жазылуындағы «я,ю,е(е)» әріптерінің қызметі: г) дауыстылардың сөз ішінде қолданылатын орындары (сөз ішінде орын талғамайтын және талғампаз дауыстылар).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет