Сөйлеу оқушылардың жас ерекшеліктері тұрғысынан Бихевиористикалық көзқарастарға сәйкес, балалардың тілді үйренуі – күрделі үдеріс, ол арқылы бала үйренетін әрбір сөз және сөздің әр фрагменті бастапқыда елестету түрінде көрсетіліп, реттілік ретінде есте сақталады.
Метасана оқушылардың жас ерекшеліктері тұрғысынан Метасана деген терминді «тұлғаның өзін-өзі тануы және өз танымдық үдерістері мен стратегиясын қарастыру» сипаттамасы ретінде Флейвелл енгізді (Flavell, 1979). Метасана жай ойлап әрі біліп қана қоймай, адамдардың қалай ойлайтынын, не білетінін қарастыра отырып, өзіндік рефлексия жасау мүмкіндіктерін зерделеу қабілетіне жатады.
Флейвелл мен оның әріптестері (1995) метасана қабілеті жасқа байланысты өзгереді және жасы үлкенірек балалар метатанымдық ақпаратты көптеген мөлшерде игергендіктен олардың үлгерімі жоғарырақ деп тұжырымдаған. Бірақ, мұндай стратегияларды пайдалана алмау жасына емес, тәжірибесіне де байланысты деуге болады.
Мұғалімдер үшін маңызы Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу туралы ең маңызды ақпарат оқудың танымдық теориясына байланысты.
Заманауи ойлау біз оқушылардың оқу тәжірибесін болжаулы даму кезеңдері аясын- да шектемеуіміз керек деп санайды. Оның орнына біз барлық жастағы оқушыларды бай эксперименталдық және әлеуметтік ортамен қамтамасыз етуге тиістіміз.
Оқудың танымдық теориясы балаларды оқу үдерісінің белсенді қатысушылары деп санайды, сонымен қатар оқу мен дамытуға арналған іс-шаралардың негізгі бөлігіне кішкентай балалар бастама жасауға тиісті деген пікірді ұстанады. Осы теорияны ұстанатын мектептер тиісті орта құра отырып, ерте жасқа арналған оқу бағдарламаларын дайындайды. Мұғалімдер мен ересектер балалармен еркін сөйлеседі, ал оқу бағдарламасына балалар тәжірибесін енгізу арқылы сабақтардың маңызы артқан.
Выготский танымдық қабілетті дамытудағы әлеуметтік өзара әрекеттестіктің маңызын бәрінен бірінші етіп қояды. Зерттеуші Хоу мен Мерсер (2010) бірлескен іс-шаралар ақыл-ой дамуы мен оқуды, сондай-ақ, қарым-қатынас жасау дағдыларын арттыратынын көрсетті. Пиаженің танымдық өзгерістер балалар ересектердің емес, өздерінің құрбы-құдастарының идеяларымен және көзқарастарымен қарсы келіп қалған жағдайда орын алады деген болжамынан бұл құбылыстың бірнеше түсініктемесін көруге болады. Аралас жастағы топтар оқушыларға анағұрлым жақсы дамыған және нашарлау дамыған құрдастарымен өзара әрекет жасау үшін кең мүмкіндік береді, бұл олардың танымдық және әлеуметтік дағдыларын дамытуға көмектеседі. Хоу мен Мерсер сыныптағы қарым-қатынас сипаты мен онда болып жатқан әлеуметтік үдерістер жетістіктерге себепші болады деп есептейді: бұл ретте мұғалім сыныптағы жалғыз білім көзі емес, көмектесуші адам ретінде барлық оқушылардың дамуын қолдайды деп көзделеді.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқуға арналған зерттеулердің негізгі ерекшеліктері олардың оқу сабақтарын балалар үшін қызықты, тартымды және маңызды етуге бағытталуы болып табылады. Мұғалім оқушылардың не білетінін және қандай жаңа ақпарат қосу керектігін анықтаған жағдайда кіші жастағы балалардың назарын аударуға болатынын атап өткен жөн. Метасананы оқыту жолдарының бірі – өз ойын анық баяндауға үйрету, оны сабақты жоспарлау кезінде және сыныптағы пікірталастар кезінде ескеру болып табылады.