Дістемелік кешені


Дәріс №7. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту



бет14/45
Дата29.10.2022
өлшемі0,81 Mb.
#46191
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45
Дәріс №7.
Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту

Танымдық даму – баланың оқу және мәселелерді шешу қабілеті. Дәлірек айтқанда, танымдық даму – оқуға, сондай-ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға деген қабілеттілік. Аталған зияткерлік қабілеттер ойлау үдерістерінің сипатына және жас ерекшеліктеріне қарай танымдық даму теориясы шеңберінде сипатталады.


Жас ерекшеліктері тұрғысынан оқу үдерісінің тарихына шолу және заманауи түсінік
Оқудағы бихевиористикалық (әс-әрекеттік) тәсіл
Психологиядағы бихевиористикалық бағыт ортамен өзара байланыстағы мінез-құлықты зерделеу үшін эксперименттік рәсімдерді пайдалануды қарастырады. Бихевиоризмнің негізін салушы Джон Уотсон психология саласы зерттейтін ішкі тәжірибені бақылауға болмайтындықтан, оны тиісті түрде зерттеу мүмкін емес деп есептеген. Оның орнына ол зертханалық эксперименттерге сүйенген. Нәтижесінде «түрткі –реакция» моделі әзірленген, онда адамның ортасы тұлғаға әсер ететін түрткілерді өндіруші ретінде қарастырылады. Зерттеуші Эдвард Торндайк осы идеяны негізге ала отырып Т-Р (түрткі-реакция) оқу теориясын әзірледі. Ол мінез-құлық нәтижесінде реакция күшейетінін немесе әлсірейтінін атап өткен. Скиннер осы көзқарасты бұдан әрі дамытты.
Бихевиоризм (ағылш. behaviour - іс-әрекет) – іс-әрекет дағдысының мәні мен оның адам психологиясындағы кызметін түсіндіру.
Оқудағы танымдық тәсіл
Жан Пиаже, Мария Монтессори және Лев Выготский сияқты теоретиктер оқу және даму мазмұнының ұқсастығын анықтай отырып, танымдық тәсілді дамытуды зерттеген. Жан Пиаже ортаның балаға әсерін, ішкі танымдық құрылымдағы өзгерістерді зерттеді. Ол психикалық дамудың төрт сатысын (сенсорлы-моторлық, оперативтіліктен бұрынғы, оперативтілік кезіндегі және оперативтіліктен кейінгі) айқындады.
Оқудағы гуманистік тәсіл
Бұл тәсілде адамның өсуіне ерекше назар аударылған. Бұл тәсілдің негізін қалаушылар – Маслоу мен Роджерс. 1970 және 1980 жылдары жазылған ересектерге білім беру жөніндегі көптеген теориялық еңбектер гуманистік психологияға негізделген. Бұл тәсілде адамның өсудегі әлеуетіне ерекше назар аударылады. Өзіне деген қарым-қатынас – «гуманистік психологияның негізгі белгісі». Бұл әдіс адамдарға оқу объектілері ретінде қарауға қарсы шығалы, сол арқылы бостандық, таңдау, уәж және сезімдерді қамтитын эмоционалдық және субъективті әлем бар екенін растайды. Бұл ретте ең белгілі мысал – Абрахам Маслоудың қажеттіліктер пирамидасы болуы мүмкін. Оның ең төменгі деңгейінде физиологиялық қажеттіліктер, ең жоғарысында өзін іс жүзінде таныту орналасқан. Зерттеушінің тұжырымына сәйкес, жоғарырақ деңгейге өту тек төмен орналасқан қажеттіліктер орындалған жағдайда ғана мүмкін болады.
Оқудағы гуманистік тәсілді толығырақ зерттеген Карл Роджерс. Оның зерттеуі логикасы мен интуитивтілігі, зияткерлігі пен сезімі, білімі мен тәжірибесі үйлесім тапқан жеке тұлғаны толық қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет