Дәріс №3.
Оқытуды басқару және көшбасшылық
Аталған тақырып «мұғалімдердің пайдаға асырылмаған зор әлеуеті бар, оны олардың кәсіби өсуіне, бірлескен кәсіби білім құруына көмектесетін қолдау көрсетілген жағдайда ғана көруге болады» деген пікірге негізделеді.
Бұл пікір бойынша «педагогикалық жүйе сәтті болу үшін, оқыту барлық деңгейде қатар жүру керек, яғни оқыту оқушыларды, студенттерді, мұғалімдерді және де мектеп жүйесінде жұмыс істейтін қосымша қызметкерлерді түгел қамту керек».
Оқытуды басқаруды және көшбасшылықты қамтамасыз ету мұғалімнің терең кәсіби біліктілігіне және оның жүргізетін дамыту жұмыстарына байланысты.
Терең кәсіби біліктілік
Бүгінгі күні педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсібилікті түсінудің нақты әдісі талап етілуде. Біз жеке тұлғаға немесе сыныпқа бағытталған әдістерден арылуымыз керек. Себебі бұл кезде белгілі бір бекітілген стандартқа сәйкес әрекет етеміз. Оның орнына мұғалім оқу қоғамдастығының бір бөлігі болып табылатын, кәсібилікке бағытталған «ұжымдық» және кешенді әдіс қажет. Бұл әдістің аясында көшбасшы-мұғалімдердің ұсынған зерттеулері мен инновацияларына негізделе отырып, мұғалімнің тәжірибесі жетілдіріледі. Мұндай жағдайда кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. Адамгершілік мақсатты көздейтін мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін, көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді. Олардың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады.
Оқу сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуға жетелейтін негізгі қабілеті болып табылады. Көшбасшылыққа жету мақсатында өзіне өзгеріс енгізу үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушіліктер тудыруы ықтимал. Мұндай кезде өзгеріс үдерісін басқару оңай емес. Мұғалім ретінде, біз кейде өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш-қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сеземіз. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, жоғары лауазымы жоқ жақсы мұғалімдер де кәсіби шеберліктері мен адамгершілік ұстанымдарын қолданып, ортаға әсер ете алады. Көшбасшылықты қалыптастыру жағдайында тактикалық дағдылар жетілдіріліп, стратегиялық тұрғыдан ойлау меңгеріле бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |