Дістемелік материалдар кешені


Сабақтың негізгі элементтері



бет116/155
Дата07.04.2022
өлшемі5,97 Mb.
#30163
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   155
Байланысты:
УМКД БОӘ каз

Сабақтың негізгі элементтері:

1.Ұйымдастыру бөлімі;

2.Мұғалімнің жаңа сабақ материалын баяндауы;

3.Оқушылардың жаңа білімді ойша қорытындылауы;

4.Оқушылардың жаңа білмді пайдалануы;

5.Оқушылардың жаңа білімді меңгеруін мұғалімнің тексеруі;

6.Үйге тапсырма беру;

Осы құрылым элементтерінің сабақтағы барлығының өзара әрекеттесуі түрліше болады.




Л5


Оқытушы бақылауымен студенттің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар:





Л5.1

Сұрақ №1

Сабақты ең алғаш оқу процесіне енгізген кім?

Биология сабақтарының құрылымы қандай?




Л5.2

Сұрақ № 2




Л6


Студенттің өзіндік жұмысына сұрақтар :




Л6.1

Сұрақ №1

Сабақтың негізгі атқаратын қызметтері?

Л6.1.1

СӨЖ-ге тапсырма

СӨЖ орындау

Л6.1.2

Бақылау түрі

СӨЖ-ді қорғау

Л6.2

Сұрақ № 2

Биология сабақтары қанша типке бөлінеді?

Л6.2.1

СӨЖ-ге тапсырма

СӨЖ орындау

Л6.2.2

Бақылау түрі

СӨЖ-ді қорғау

Л6.3

Сұрақ № 2

Биологияны оқыту формаларының түрлері қандай?


Л6.3.1

СӨЖ-ге тапсырма

СӨЖ орындау

Л6.3.2

Бақылау түрі

СӨЖ-ді қорғау

Л7


Сабақты бақылау түрі:

Бақылау сұрақтарына жауап


Л7.1

1

Биология сабақтарының құрылымы қандай?

Сабақтың негізгі атқаратын қызметтері?

Биология сабақтары қанша типке бөлінеді?

Биологияны оқыту формаларының түрлері қандай?




Л8


Ұсынылатын әдебиеттер:




Л8.1

Негізгі әдебиеттер:




Л8.1.1

1

Қуанышова С. Е. „Биологияны оқыту әдістемесі” Шымкент, 2003 жылы, ОҚМУ.

Л8.1.2

2

Биология. Жалпы орта білім беретін мектептің 6-7- сыныптарына арналған бағдарламалар.- Алматы,2010.Қ.Ә.Жұмағұлова, К.Ж. Жүнісова, Р.С. Сәтімбеков, Ізбасарова Р.Ш.


Л8.1.3

3

Конюшко В.С., Павлюченко С.Е., Чубаро С.В. Методика обучения биологии.- Мн., 2004.

Л8.2

Қосымша әдебиеттер:




Л8.2.1

1

Мягкова А.Н., Комиссаров Б.Д. Жалпы биологияны оқыту методикасы.- Алматы, 2007.

Л8.2.2

2

Қисымова А.Қ., Обаев С.Н. Биологияны оқыту әдістемесі. Жалпы бөлім: дәріс курсы. Алматы,2010

Л8.2.3

3

Сонин Н.И., Захаров В.Б., Қисымова А.Қ. Биология пәні бойынша жалпы білім беретін мектептің 6-11 сыныптарына арналған бағдарламалар- Программы по биологии для 6-11- классов общеобразовательных школ. Алматы, 2010.


Л9


Қосымша (ТСО, қызметті танудың жандандыру әдістері, көрнекі жәрдемақы, тесттер, ситуациялық тапсырмалар және т.б.)




Л10

Тарау нөмірі

3

Л11

Тарау атауы

Сабақ- оқытудың негізгі формасы. Биологияны оқытудың материалдық- техникалық базасы, биологияны оқытудың технологиялық негіздері.


30-сабақ (Дәріс сабақ 22)


Л1


Тақырыбы №

30

Л1.1

(атауы)

Зертханалық сабақ оны ұйымдастыру және өткізуге қойылатын талаптар. Мектеп дәрісі түрлері, өткізуге қойылатын талаптар, семинар сабағының ерекшеліктері



Л1.2

___ сабақ

30

Л1.3

№____ дәріс сабағы

22

Л1.4

Сабақ пререквизиттерінің номерлері




Л2


Жоспар:(қаралатын сұрақтар тізімі)




Л2.1

Сұрақ № 1

Зертханалық жұмысқа сипаттама.

Л2.2

Сұрақ № 2

Мектеп дәріс түрлері.

Л2.3

Сұрақ № 3

Практикалық (сарамандық) жұмыс.

Л3

Дәріс өткізу түрі:

шолу дәрісі

Л4


Мазмұны :

(дәріс материалы)






Л4.1

(пункт материалы Л2.1)

Оқушыларға табиғи обьектілердің қасиеттерін, табиғи құбылыстардың мәнін таныстыру қажет болған жағдайларда тәжірибелер өткізудің үлкен міні бар. Биология сабақтарында өткізілетін сабақтар кейбір табиғи құбылыстарды, өсімдіктердің бойындағы өзгерістерді сынып жағдайларында қолдан жасап көрсетуге мүмкіндік береді. Мысалы бұлттың түзілуі, жаңбыр қар жауы, жапырақтардың суды буландыруы, пайдалы қазбалардың қасиеттерімен тұқымның өнуін бақылауымен танысу үшін тәжірибелер жасауға болады. Тәжірибелер көрсетуге арқылы немесе оқушылармен жаппай өткізіледі. Мұғалім тәжірибе өткізуге дайындала жүріп қажетті жабдықтарын болуын тексереді, оны өткізуге қажетті материалдарды реттеп алып сабаққа дейін өзі жасап көреді. Мұғалім сабақта балаларға тәжірибе кезінде өздерін қалай ұстауды, нені бақылау қажеттігін қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп тәжірибе өткізгеннен кейін оқушылар жауап беруге қажетті сұрақтарды тақтаға жазып қояды. Егер тәжірибе отпен, қышқылмен жүргізілетін болса немесе оқушылардың орындауы үшін қиын болса мұғалім демонстрациялық тәжірибелерді өзі өткізеді. Мұғалім мұндай жағдайда қажетті приборларда балалардың барлығы тәжірибенің барысын көре алатындай етіп, тәжірибе өткізуге арналған арнайы тұғырға жайғастырады. Жаппай тәжірибе өткізген кезде кезекшілер оқушыларға қажетті жабдықтарды таратып береді. Зертханалық сабақта негізінен көрнекіліктер, биологиялық обьектілер қолданылады. Оқушыларда зертханалық сабақта табиғи обьектілермен, олардың модельдерімен анализ, синтез жасап, қорытындылап, іскерлік және интеллектуальдық дағдылар қалыптастырады. Зертханалық сабақтарды өткізудің ерекшеліктері бар: жұмыстың тақырыбы, мақсаты, мазмұны әңгімеленеді, оқушыларға тапсырмалар бөлініп беріледі, мұғалім тәжірибенің жүйелі, қауіпсіз өтуіне, қорытындысын жазуға көмектеседі, әрі бақылап отырады, соңында сұрақтар қою арқылы жұмыс нәтижесі тексеріледі.

5-7 сыныптардағы зертханалық сабақтарда тәжірибелер қиын болған жағдайда фронтальды жұмыстар қолданылады. Зертханалық жұмыстар сабақтың білімділік және дамытушылық мақсатын қалыптастыруға көмектеседі.




Л4.2

(пункт материалы Л2.2)


Монологтардың басқа түрінен дәрістердің ерекшелігі, ұзақтығында. Композицияның қызметінде. Дәрістің баяндамадан айырмашылығы: баяндамада арнайы хабарлар, ғылыми, практикалық юолады. Дәрістің негізгі мақсаты тыңдаушылардың санасы мен жүрегіне әсер ету. Баяндаманы оқу арқылы аудиторияға жеткізіледі, ал дәрісте аудиторияға ауызша жеткізеді. Дәрістің ұзақтығы жоғары сынып оқушылары үшін 20-25 минутқа созылады.

Дәріске қойылатын негізгі талаптар:



        1. Ғылымилық.

        2. Идеялық

        3. Мазмұны

        4. Қарапайымдылығы

        5. Әсерлілігі

        6. Оқытудың басқа формаларымен байланыста болады .

Мектеп дәрістерінің мазмұнына байланысты 4- ке бөледі.



              1. Академиялық мамандарға немесе келешек мамандарға арналған.

              2. Оқу тәрбиелік мәні бар дәрістер әртүрлі мектеп оқушыларына арналған.

              3. Оқу методикалық курстарда оқытылатын мұғалімдерге арналған.

              4. Ғылыми- көпшілік әртүрлі ауқымдағы тыңдаушыларға арналған.

Мысалы: Оқу- тәрбиелілік мәні бар дәрістер. Мектеп оқушыларының жоғары сыныптарына арналған. Дәрістің қызметі –ғылыми білім қалыптастыру. Бұл дәрістің сабақтан айырмашылығы: барлық сұрақтарының проблемалық сипатта болуы. Мұғалім дәріс үстінде ғылымды дамыту, ғылымды танып- білуге мүмкіндік алады.

Дәріс әдісі барлық пәндер үшін қызығушылық танымдық іс- әрекеттерін арттырады. Генетика, экологиялық негіздері, тіршіліктің дамуы тақырыптарында дәріс кезеңінде мұғалім адамзаттың ең жоғарғы саналы ғалымдарының ойларын әлемдегі барлық ғалымдардың фактілері мен аргументтерін салыстырып, қалыптарын айқастыратын кезеңдерін көрсете алады. Келешекте мамандықты таңдап алуына ықпалын тигізеді.

Мұғалімнің факультативтік – І-ІІ тип үйірме сабақтарындағы лекциялары лекция-ойлану

Мұғалімнің экскурсия кезіндегі дәрістері бұл жерде (2-4 тип аралығы) экспонаттардың өзі дәрістің мазмұнын анықтайды.

Ғалымның, маманның профоретациялық, лекциялары.
Дәріске дайындық кезінде 4- этапын көрсетуге болады.


        1. Аналитикалық;

        2. Ориентациялық;

        3. Композициялық;

        4. Редакциялық.




              1. ( аналитикалық, консентуальдық). Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін биологияны оқып- білуге баулуы үшін тақырыпты актуальді сұрақтары бойынша талдап шығу керек. Жаңа категорияларымен түсініктерін анықтау қажет.

  1. Этап. Төмендегідей іс-әрекеттерден тұрады;

        1. Конструктивтік сұрақтарын анықтау.

        2. Оларды жүйелеу және өлшемдеу.

        3. Негізгі түсініктерді анықтау.

        4. Теориялық потенцияны тұжырымдау.

2 –этап. (стратегиялық- ориентациялық) аудиторияға қарап лекцияның бағытын анықтау.

Мысалы: (генетика- медицина, селекция және табиғатты қорғау үшін қызметте) – деген тақырып бойынша:

Лекцияның мақсаты тақырыптың негізгі мазмұнын баяндау әлі де болса шешілмеген мәселелерді анықтап, оны шешу жолдарына тоқталу дәрістің аса маңызды мақсаты- дамыта отырып тәрбиелеу. Бұл мақсаттар ғалымдардың генетика ғылымында жеткен табыстары арқылы оқушыларды таңдандыру- сүйсіндіру арқылы жүзеге асады.


3-Этап. (тактический, композиционный)

  1. Фактілер мен аргументтерді таңдап алу.

  2. Оларды орналастыру жоспарын жасау

  3. Ойлау әрекетін белсендіру әдістерін таңдап алу

  4. Қызығушылығы мен ықыласын арттыру үшін әдістерді табу.

  5. Лекцияның композициясы мен жалпы жоспарын түзу.

4- этап. Жоғарыдағы тоқталған мәселелердің барлығын қорытындылап жүйеге келтіру болып табылады.





Л4.3

(пункт материалы Л2.3)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет