1. Қазақ КСР-нің жалпы білім беретін мектептерінде биологияны оқытуға арналған алғашқы оқу құралдары.
Соңғы жылдардағы биологиядан білім беру проблемалары: білімнің сапасын арттыру, теориялық білімді тәжірибемен байланыстыру, оқу проблемаларын шешу үшін оқытудың активті жаңа формаларын енгізу болып табылады.
Халел Досмұхамедұлы Досмұхамедов (1883-1939)
түңғыш рет ана тілінде жаратылыстану ғылымы
бойынша оқу құралдарын жазды. Солардың бірі-
«Жануарлар» 1922 жылы Ташкентте басылып шықты.
Жұмақан Маусымбайұлы Күдерин (1891-1938) Қазақтан
шыққан тұңғыш биолог-ғалымдардың бірі, ботаника жөнінде
«Өсімдіктану» атты оқу құралын 1927, 1930-жылдары басып
шығарды. Ол жиырма жасында ауылшаруашылық мектебін
бітіріп, егіс және мал шаруашылығының маманы атанды.
Қазақ Республикасында жаратылыстану әдістемесінің дамуына үлес қосқан ғалымдардың бірі Күдерин Жұмахан Маусымбайұлы. Методисттің «Өсімдіктану»- оқу құралы-Алматы «Рауан» баспасынан 1992 жылы жарық көрді. 265 беттен тұрады.
Бұл кітап 1927 жылы және 1930 жылдары араб және латын әріптерімен тұңғыш рет қазақ тілінде басылып шыққан, өсімдіктер тіршілігін тартымды баяндайтын оқу құралы болды.
Бұл оқу құралы биологияны зерттейтін ғалым әдіскерлерге және студенттерге, сондай-ақ биология мәселелері қызықтыратын оқырман қауымына арналған
Күдерин Ж.М. «Қуғын-сүргінде аман қалған еңбектері»-Алматы «Демеу» баспасы 1995 жылы жарық көрді. 352 беттен құралған.
Күдерин Ж.М. тұңғыш қазақ тілінде жарияланған, жазылған және құрастырып, аударылып жасаған бірнеше еңбегі бір кітап етіп топтастырылған. Бұл кітаптар 1937 жылдың нәубетіне тап болған абзал азаматтың Қазақстандағы ауыл шаруашылығына қосқан нәтижелі үлесі ретінде кейінгі ұрпаққа ұсыныльш отыр. Ауыл шаруашылығын зерттейтін ғалым-әдіскерлерге, студенттерге, оқырман қауымға арналған.
Қабділрашид Қайым. 1932 жылы туылған Семей облысы, Ақсаут ауданы, Көкжара ауылында.
1970-92 жылдары «Мектеп»-»Рауан» баспасында еңбек етті. Осы жылдары мұғалімдерге арналған әртүрлі әдістемелік және дидактикалық оқу құралдарын жазып шығарды. Мысалы:
1. Қызықты зоология. 2. Аяулы хайуанаттар. 3. Биология және техника 4. Балықтар әлемі. 5. Жануартанудан танымдық ойындар. 6. Зоология сабақтары т.б.б ҚР энциклопедиясының 3-томынан 12-томына дейін ҚР түрлі арнадағы мақалалары жарық көрді.
«Жануартану» пәнінің авторлар құрамына енді. Ұлтжанды, өнегелік сезімі жоғары азамат.
Бұл күнде «Қазақстан мектебі» журналы редакциясында еңбек етуде.
Қаз ССР Халық ағарту ісінің озаты, «Баспасөз озаты»-белгілеріне ие. Педагог-журналист, биолог маман, сазгер, журналисттер одағының мүшесі. «Өркенде, шалқы, химия!»-өлеңі мен әнін жазған Қабділрашид Қайым.
|