Дістемелік материалдар кешені



бет24/155
Дата07.04.2022
өлшемі5,97 Mb.
#30163
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   155
Ұсынылатын әдебиеттер:




Л8.1

Негізгі әдебиеттер:




Л8.1.1

1

Верзилин Н. М., Корсунская В. М. „Общая методика преподования биологии” М. Просвещение 2004.

Л8.1.2

2

И. Д. Зверев, Е. М. Мягкова. „Общая методика преподования биологии” М. Просвещение 2004.

Л8.1.3

3

Қуанышова С. Е. „Биологияны оқыту әдістемесі” Шымкент, 2003 жылы, ОҚМУ.

Л8.2

Қосымша әдебиеттер:




Л8.2.1

1

Б. Д. Коммисаров. „Методологические проблемы школьного биологического образования” 1991.


Л8.2.2

2

Н. Т. Торманов, Л. Н. Абшенова „Биологияны оқыту әдістері” Алматы 1998 ж.


Л8.2.3

3

П. Широких. Г. Н. Нога „Лабораторно-практические занятия по методике преподования биологии” МГУ 1981 ж.


Л9


Қосымша (ТСО, қызметті танудың жандандыру әдістері, көрнекі жәрдемақы, тесттер, ситуациялық тапсырмалар және т.б.)




Л10

Тарау нөмірі

1

Л11

Тарау атауы

Биологиялық білім берудің негізгі үрдістері мен даму кезеңдері, әдіснамалық және теориялық негіздері


6-сабақ (Зертханалық сабақ 2)


Лаб1



Тақырыбы:


Биология курсының негізгі мектептегі пәндерінің мазмұндық сабақтастығын модельдеу мен оның қорытынды нәтижелерін жылдық (перспективалық) және тақырыптық жоспарларда ескеру.


Лаб1.1

___ сабақ

6

Лаб1.2

___ зертханалық сабағы

2

Лаб2

Оқу-зертханалық жабдықтар тізімі:

Сызғыш, қалам, күнтізбе, қайшы, өшіргіш, 7 сыныпқа арналған биология оқулығы, дәптер, орта мектепке арналған типтік бағдарламасы.


Лаб3

Мақсаты :

Студенттерге биология курсының негізгі мектептегі пәндерінің мазмұндық сабақтастығын модельдеуді және оның нәтижелерін жылдық және тақырыптық жоспарларда көрсетуді үйрету.


Лаб4

Сабақ пререквизиттері, постреквизиттерін көрсету керек




Лаб5

Қысқаша теориялық мәлімет:

Негізгі орта білім деңгейіндегі биология курсы «Өсімдіктер», «Жануарлар», «Адам және оның денсаулығы», «Жалпы биология негіздері» бөлімдерін оқытуға бағытталған. Бұл бөлімдердің мазмұны мен құрылымы биологиялық білімнің базалық деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік бере отырып, шығармашылық және жаратылыстанымдық іскерлікті, ғылыми көзқарасты, ізгілік пен экологиялық мәдениетті дамытуды сонымен қатар өзін-өзі билеуге, еңбексүйгіштік пен табиғатқа қамқорлық жасауға дағдыландыруды қамтамасыз етеді. Пәнді оқытудағы тақырыптардың жүйелілігі негізгі биологиялық түсініктер мен құбылыстарды биожүйенің организмдік деңгейінен бастап одан жоғары деңгейлерге дейін қарастыру мен эволюциялық және экологиялық ойлау қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар табиғаттағы

өзара байланыстылықты тірі жүйелердің тіршілік әрекеттерінің негізі ретінде қабылдауға және осы процестердегі адамның рөлін түсінуге бағыт береді.

3. Оқытудың мақсаты:

1) органикалық дүниенің құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің ерекшеліктері туралы алғашқы түсінік қалыптастыру;

2) органикалық дүниенің көптүрлілігін орта жағдайларына бейімделушіліктің нәтижесі деп түсіну;

3) эволюциялық теорияның негіздері туралы ұғым қалыптастыру;

4) экологиялық ойлауды қалыптастыру, тірі организмдердің өзара және тіршілік ортасымен қарым-қатынасын түсіну;

5) өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің және адамның табиғаттағы рөлін түсіну;

6) өсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдер патшалықтарының өзіндік ерекшеліктері және жалпы алғанда тіршіліктің аса жоғары мәні туралы білімнің құндылығын түсіну;

7) нәтижелі практикалық іс-әрекет жүргізу мүмкіндігіне қолжеткізу;

8) тірі организмдердің жасушалық құрылысы, туралы, сонымен қатар организм және биоценоз тіршілік құрылымының ерекше формалары ретінде және биологиялық алуантүрлілік Жер табиғатындағы тұрақты дамудың бейнесі екендігі туралы негізге алынатын түсінік қалыптастыру;

9) оқушыларда тірі организмдердің жасушаға дейінгі құрылысы,тіршіліктің құрылым деңгейлері және биологиялық әртүрлілігі. Жер табиғатындағы түрақты дамудың бейнесі екендігі туралы, негізге алынатын түсінік қалыптастыру;

10) тірі табиғаттағы көптүрлілік эволюцияның нәтижесі екендігін оқушылардың түсінуі;

11) оқушыларда эволюцияның негіздері:өсімдіктер мен жануарлардың Бөлімдері, Кластары, Тұқымдастары, түрлері туралы пікір қалыптастыру;

12) «Өсімдіктердің жіктелуі», «Жануарлардың жіктелуі» ұғымдарын қалыптастыру;

13) түрлі таксондық бірліктердің: түр, туыс, тағы басқа шығу тегін білу;

14) мәдени өсімдіктердің және үй жануарларының кейбір тұқымдастарының адам өміріндегі рөлін ашып көрсету;

15) мәдени өсімдіктердің және үй жануарларының кейбір тұқымдастары, түрлері мен іріктемелері, қол тұқымдары бойынша теориялық материалды оқыту барысында практикалық іс-әрекеттерге оқушылардың қатысуы.

4. Бағдарламада анатомиялық және морфологиялық материалдың біршама қысқартылуы есебінен экологиялық мәселелерге көбірек көңіл бөлінген.Өсімдіктер және жануарлар организмдерінің алуан түрлі ерекшеліктерімен, қасиеттерімен танысудың, өсімдіктер және жануарлар мен қоршаған ортаның өзара қарым қатынасын, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын оқып білудің бірінші сабағынан бастап экологиялық ұғымдар енгізіледі.

5. Оқытудың міндеттері:



  1. оқушыларда органикалық дүниені оқып білуге танымдық қызығушылықты дамыту;

  2. тірі табиғат туралы бастауыш мектептегі табиғаттану және басқа да жаратылыстану сабақтарында алған білімдерін одан әрі дамыту;

  3. оқушыларда география,химия, физика,математика және басқа да жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқып меңгеруге негіз болатын түсініктер мен тіректік білімдерді қалыптастыруға қажетті жағдай туғызу;

  4. оқушыларда дүниенің біртұтас табиғи бейнесі туралы көзқарас қалыптстыру,

  5. оқушыларда тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын оқып білуге танымдық қызығушылық қалыптастыру;

  6. тірі табиғат туралы жаратылыстану сабақтарында алған білімдерін одан әрі дамыту;

  7. оқушыларда география,химия, физика,математика және басқа да жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқып меңгеруге негіз болатын түсініктер мен тіректік білімдерді қалыптастыру;

  8. оқушыларда органикалық дүние бірлігінің біртұтас табиғи бейнесі туралы көзқарас қалыптстыру.

6. Биология курсының бағдарламасы блоктық принципке негізделген.Әр тақырыптың алғашқы жалпы бөлімінде қарастырылатын жүйелік топтың жалпы сипаттамасы беріледі; екінші бөлімінде оқылатын таксонның сан алуан түрлерінің тіршілік ерекшеліктері, таралуы мен экологиясы сипатталады.Тірі табиғаттың құрылым деңгейлерінің ретіне сай өсімдіктер әлемі бағдарламада мына ретпен орналастырып оқылады:

өсімдіктер Дүниесі (Төменгі сатыдағы өсімдіктер, Жоғары сатыдағы өсімдіктер дүние тармақтары), Вирустар Дүниесі. Прокариоттар Дүниесі; Саңырауқұлақтар және симбиоздық организмдер Дүниесі. Оқушылардың білімдерін тереңдету және ой-өрісін кеңейту үшін бағдарламаның «Тірі табиғаттың көптүрлілігі», «Жерде тіршіліктің дамуы» бөлімдері бойынша топсеруендер ұсынылған.

7. Биологияны оқыту мектептің түрлі пәндерінің және медицинаның интеграциясына негізделген. Олар: өсімдіктер мен жануарлардың анатомиясы, морфологиясы және физиологиясы, микробиология және вирусология. Биологияны оқыту барысында пәнаралық байланыс:


  1. «Қазақ тілімен», «Әдебиетпен» - сөздік қорларын биологиялық терминдерді байыту;оқулықтың мәтінін мәнерлеп оқып,айтып жеткізу үшін әдебиет пәнінен алған білімін пайдалану;

  2. «Математикамен» биологиялық эксперименттердің, тәжірибелердің, бақылаулар мен зертханалық жұмыстардың нәтижелерін қорытындылауда практикалық есептеу дағдвларын қолдану;

  3. «Физикалық географиямен» географиялық аймақтылықты ескере отырып Жер бетінде өсімдіктердің және жануарлардың таралу ерекшеліктерін оқыту барысында географиялық білімге сүйену;

  4. «Музыкамен» биологияның кейбір тақырыптарын оқытуда музыкалық үзінділер пайдалану;

  5. «Бейнелеу өнерімен» кепшөпті дайындау мен эстетикалық безендіруде;сурет түрінде бейнелеуде;

сарамандық және зертханалық жұмыстарды безендіруде пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

8. Биология пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 6 сынып – аптасына 2 сағат барлығы 68 сағат;

2) 7 сынып – аптасына 2 сағат барлығы 68 сағат;

3) 8 сынып – аптасына 2 сағат барлығы 68 сағат;

4) 9 сынып – аптасына 2 сағат барлығы 68 сағат.



Лаб6




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет