4.15 Жаңа типті оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер білім алушылардың оқу материалдарын интерактивті режимде өз бетінше игеруіне бағытталуы тиіс.
4.16 Осы Стандарттың және оқу пәндері стандарттарының сақталуын бақылауды өз құзыреттіліктерінің шеңберінде білім беру саласындағы уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар кезекті аттестаттау мен тексеру нысанында жүзеге асырады.
4.17 Бақылау және бағалау объектісі осы МЖБС-да берілген білім алушылардың білім алудағы нәтижелерінің жетістіктері: пәндік оқыту нәтижелері, метапәндік нәтижелер, білім алушыларды әлеуметтендіру - тұлғалық нәтижелер болып табылады.
4.18 Бақылау-бағалау қызметін жүргізу үшін білім берудің сапасын арттыруға және бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын игеру деңгейі мен сапасы туралы объективті ақпаратты алуға бағытталған білім алушылардың оқу жетістігін бағалайтын жүйе қолданылады.
4.19 МЖБС-да берілген білім беру бағдарламаларының игерілуіне қойылатын талаптардың жетістіктерін бағалау өлшемді тұрғы негізінде жүзеге асырылады. Бағалау үшін өлшем ретінде білім беру нәтижелеріне қойылатын талаптар алынады.