4.10 Осы Стандарттың ережесі пәндер бойынша стандарттар мен оқу бағдарламаларының шеңберінде ашылады және нақтыланады.
4.11 Стандарт, Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген арнайы білім беру ұйымдарында немесе үйде іске асырылатын даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы жалпы білім беру оқу бағдарламаларын әзірлеуді көздейді.
4.12 Білім беру деңгейлері бойынша оқу пәндерінің жалпыға міндетті стандарттарының және сыныптар бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының (ЖОБ) мазмұны:
- оқу пәнінің жалпы сипаттамасын (оқытудың мақсаттары мен міндеттерін);
- оқу пәніне оқытудың жоспарланған нәтижелерін;
- оқу пәнінің базалық мазмұнын;
- оқу пәні бойынша оқу және тәрбие үдерісін ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қойылатын талаптарды;
- пән бойынша оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесін айқындайды.
4.13 Оқу-тәрбие үдерісінің міндетті компоненті түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруға ықпал ететін білім алушылардың жобалау, зерттеу қызметтері болып табылады. Оқу жылы бойы білім алушылар жеке-дара немесе топтың құрамында тұлғалық-мәні бар жобаны (пән аралық және пәндік мазмұн базасында) әзірлейді және іске асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |