Оқытушы бақылауымен студенттің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар:
Л5.1
Сұрақ №1
Сабақты ең алғаш оқу процесіне енгізген кім?
Биология сабақтарының құрылымы қандай?
Л5.2
Сұрақ № 2
Л6
Студенттің өзіндік жұмысына сұрақтар :
Л6.1
Сұрақ №1
Сабақтың негізгі атқаратын қызметтері?
Л6.1.1
СӨЖ-ге тапсырма
СӨЖ орындау
Л6.1.2
Бақылау түрі
СӨЖ-ді қорғау
Л6.2
Сұрақ № 2
Биология сабақтары қанша типке бөлінеді?
Л6.2.1
СӨЖ-ге тапсырма
СӨЖ орындау
Л6.2.2
Бақылау түрі
СӨЖ-ді қорғау
Л6.3
Сұрақ № 2
Биологияны оқыту формаларының түрлері қандай?
Л6.3.1
СӨЖ-ге тапсырма
СӨЖ орындау
Л6.3.2
Бақылау түрі
СӨЖ-ді қорғау
Л7
Сабақты бақылау түрі:
Бақылау сұрақтарына жауап
Л7.1
1
Биология сабақтарының құрылымы қандай?
Сабақтың негізгі атқаратын қызметтері?
Биология сабақтары қанша типке бөлінеді?
Биологияны оқыту формаларының түрлері қандай?
Л8
Ұсынылатын әдебиеттер:
Л8.1
Негізгі әдебиеттер:
Л8.1.1
1
Қуанышова С. Е. „Биологияны оқыту әдістемесі” Шымкент, 2003 жылы, ОҚМУ.
Л8.1.2
2
Биология. Жалпы орта білім беретін мектептің 6-7- сыныптарына арналған бағдарламалар.- Алматы,2010.Қ.Ә.Жұмағұлова, К.Ж. Жүнісова, Р.С. Сәтімбеков, Ізбасарова Р.Ш.
Мягкова А.Н., Комиссаров Б.Д. Жалпы биологияны оқыту методикасы.- Алматы, 2007.
Л8.2.2
2
Қисымова А.Қ., Обаев С.Н. Биологияны оқыту әдістемесі. Жалпы бөлім: дәріс курсы. Алматы,2010
Л8.2.3
3
Сонин Н.И., Захаров В.Б., Қисымова А.Қ. Биология пәні бойынша жалпы білім беретін мектептің 6-11 сыныптарына арналған бағдарламалар- Программы по биологии для 6-11- классов общеобразовательных школ. Алматы, 2010.
Л9
Қосымша (ТСО, қызметті танудың жандандыру әдістері, көрнекі жәрдемақы, тесттер, ситуациялық тапсырмалар және т.б.)
Л10
Тарау нөмірі
3
Л11
Тарау атауы
Сабақ- оқытудың негізгі формасы. Биологияны оқытудың материалдық- техникалық базасы, биологияны оқытудың технологиялық негіздері.
33 - сабақ (Дәріс 24)
Л1
Тақырыбы №
11
Л1.1
(атауы)
Биология пәніне арналған сыныптан тыс мектептен тыс жұмыс, оның түрлері. Сыныптан тыс мектептен тыс өтізілетін жұмыстардың түрлері
Л1.2
№___ сабақ
33
Л1.3
№____ дәріс сабағы
24
Л1.4
Сабақ пререквизиттерінің номерлері
Л2
Жоспар:
(қаралатын сұрақтар тізімі)
Л2.1
1
Биология пәніне арналған сыныптан тыс мектептен тыс жұмыстар.
Л2.2
2
Сыныптан тыс мектептен тыс өтізілетін жұмыстардың түрлері
Л2.3
3
Оқушылардың үй жұмыстарының түрлері
Л3
Дәріс өткізу түрі:
дәріс сабағы
Л4
Мазмұны :
(дәріс материалы)
Л4.1
(пункт материалы Л2.1)
Оқушылар өздерінің оқитын оқулықтарымен жұмыс істеуді білмейді : біреулері сыныпта жазған тапсырманы ғана оқыс , екіншісі текістті жаттап алады , басқа біреуі жай ғана қарап шығады . Баяндама дайындағанда әртүрлі әдебиеттердің беттерін көшіріп алады , ал мұғалім оны білмей оқушыны мақтайды . Үй жұмысы оқушының ойын дамытып оны өз бетінше жұмыс істеуге итермелегенде ғана мақсатына жетеді .
Оқушылар тексттерді қатарынан оқып сыныпта мазмұндауы керек демей , керісінше тапсырма сұрақ түрінде дайындалып , оқушылар оған тиісті материалды кітаптан тауып жауаптарын көрсетуі тиіс .
Ең бастысы оқушының кітапты оқығанда оны түсініп оқуы керек .
Оқушыны тақырыптың , тараудың соңындағы сұрақтары қызықтырады .Мұғалім ол сұрақтарды оқушыларға өзі қояды . Кітаптағы сұрақтардың ішінде , мұғалім қойған сұрақтардың ең маңыздылары ол салыстыруды қажет ететін сұрақтар . Ол жылдан жылға күрделеніледі . 8-10 сыныптарда кең көлемде қажет етіледі .
Үй тапсырмасы ретінде салыстыруды , тиісті – тиісті емес тігін көрсететін тапсырмалар оқушының тақырыпты түсінуін жақсартады . Ол үшін оқушыға кестені толтыру ұсынылады . Мысалы , 5-сынып оқушысына:
Гүлдің белгілері
Гүлдің бөлімдері
Желмен тозаңданатын
өсімдіктер
Бунақденелілермен тозаңданатын өсімдіктер
Үй жұмысы сабақты бекіту үшін ғана емес сонымен қатар фронтальды және индивидуальды болады .
Тақырыпты аяқтайтын сабақтарда фронтальды тапсырмалар беріледі . Кейде мұғалім дайын тапсырмалар жазылған дәптерді толтыруға береді . Егер ондай дәптер мұғалімде ғана болса онда тапсырмаларды тақтаға жазуына болады .
Мұғалім сабақта оқушыға кітапты үйде дұрыс пайдаланудың бірнеше тәсілдерін үйретеді . Ол тәсілдер :
Кітаптағы материалды көз жүгірту арқылы қарап шығу ;
Тексттің қиын жерлерін ,терминдерді , ескертулерді ,ссылоктарды талдап оқу ;
Жоғарғы сынып оқушыларына оқулықтан жаңа өз бетінше орындау үшін әртүрлі тапсырмалар берілуі мүмкін .Сөйтіп мұғалім тапсырманы қиындата береді .Алғашқыда мұғалім сабақта орындайтын тапсырманы жалғастыру үшін үйге әртүрлі сұрақтар береді . Одан кейін сабаққа байланысты өздік жұмыстар беріледі , сосын сыныпта басқа материалмен аналогиялық талданған сұрақтар , соңынан сабақтың біраз бөлігі үйдегі өздік жұмысына арналады . Бұл болашақта өздігінен орындауына қажет .
Білімді бекіту үшін суреттің маңызы зор . Оқушылар ауызша ғана жауап бермей схема бойынша гүлдің құрлысын , жануарлардың сыртқы және ішкі құрлысын , ұлпаның түрлерін , сүйектердің әртүрлі түрлерін ажырата білуі тиіс .
Сонымен қатар олар схема құруды : қанайналым , тынысалу ,асқорту , зат алмасу клетканың құрылысы , фотосинтез , моно және дигибридті будандастыруға .
Л4.2
(пункт материалы Л2.2)
Мысалы , үй жұмысы ботаникадан морфологиялық және физиологиялық тұрғыдан болады . Морфологиялық тапсырма ( гербарийлеу , сабақтын , гүлдің бөлімдерін бөлімдеу ) осы материалды бекіту үшін сабақта жүргізіледі . Физиологиялық тапсырманы біртіндеп , яғни оның қорытындысын , байқалуын сол сабақта қолдана алатындай (тұқымның өнуі , жапырақтағы судың булануы және т.б.)
Тәжірибе жұмыстарын белгілі бір сабақта орындау үшін олардың уақытын белгілеу қажет . Мұндай тәжірибе жұмыстары көбінесе ботаника курсында көп болады . Оларды орындау үшін мынандай уақыт керек :
Гербарийді кептіру - 7 күн .
Тұқымның ісінуін анықтау – 2 күн .
Әртүрлі жағдайда тұымның өсуі – 7 күн .
Тамырдың өсуін қадағалау – 10 күн .
Жапырақтың қаңқасын дайындау – 7 күн .
Сабақтың топырақтан өсіп шығуы – 20 күн .
Мұғалімнің тапсырмасымен оқушылар өздерінің тәжірибелерінің қорытындыларын бір сабаққа алып келеді . Мұғалімнің көрсетуімен оқушылар өздерінің тәжірибелерінің қорытындыларын баяндайды . Бұл сабақтағы үй жұмысын баяндау сияқты .
Практикалық жұмыстар зоология сабағынанда беріледі . Ботаника пәніндегі сияқты мұнда да тәжірибенің өтетін жері , байқалуы болады . Зоологияда байқау: ауылшаруашылық зиянкестеріне , құстарды қорғау , ауылшаруашылық жануарларына қарау .
Зоология курсында бөлшектеуге көп көңіл бөлінеді .Мысалы , уйге өзен шаянының денесін картонға орналастыру , балықтың скелетін құрастыру сияқты . Адам анатомиясы физиологиясы мен гигиенасынан да үй жұмыстары ретінде практикалық және эксперименттік жұмыстар жүргізуге болады . «Тірек-қимыл жүйесі» тақырыбын бекіткенде практикалық жұмыс ретінде сүйекті өртеу , оны қышқылға салу , сүйектердің түрлері картонға жапсыру ( ұзын сүйек , формасы әртүрлі сүйек , жалпақ сүйек ) . Оған жануарлардың сүйектері қолданылады .
7-10 сыныптарда биологияны оқыту кезінде басты орынды жануарлардың рефлексін анықта болып табылады . Мұғалім кімде балықтар , құстар сияқты т.б. үй жауарлары бар екенін анықтайды . Оқушылардың қалауымен оларға рефлекстерді анықтап күнделік жүргізуге тапсырма береді . Келесі сабақтарда оқушылар өздерінің жүргізген тәжірибелері мен күнделіктерін баяндайды .
Табиғи объектілермен жұмыс істеу жалпы биология курсында да жүргізіледі . Оқушыларға табиғаттан немесе мектеп ауласынан материал жинау тапсырылады . Жұмыс қысқа мәліметпен ( қайда , қашан , не жиналды және не байқалды ) және гербарий , коллекция , кестемен керсетіледі . Ол кезде оқушылар әртүрлі әдебиеттерді , анықтауыштарды , жиналған өсімдік немесе насеком туралы жазылған әдебиеттерді пайдаланады .
Оқушылар тәжірибе жасап , байқау күнделігін жүргізіп , суреттер салады . Оқушылардың үйде жүргізген экспериментті жұмыстарының қорытындысы , мұғалімнің тапсырмасы бойынша мектеп ауласынан жиналған гербарийлер мен коллекциялары сабақта қолданылады . Бұл материалдар практикалық жұмыстарда да қолданылады .
Л4.3
(пункт материалы Л2.3)
Оқушыларды үй жұмыстары әртүрлі болуы мүмкін :
1 . Кітаппен жұмыс :
Сұраққа жауап ;
Кесте түрінде .
2 . Әртүрлі журналдар мен кітаптарды оқу ;
Конспект , баяндама дайындау .
3 . Тақырыпқа байланысты суреттер дайындау .
4 . Табиғи объекттермен жұмыс ;
Бөлме өсімдіктерінің мүшелерінің формасын анықтау ;
Тәжірибелер қою ;
Жануарларды байқау ;
Оқушылардың үйде өз беттерінше орындайтын оқу жұмыстары сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады. Сондықтан да оны кей жағдайда оқыту процесінің бір компоненті ретінде қарастырады.
Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оның маңызы оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше. Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні де зор. Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады . Олар өзінің оқу жұмысын жоспарлауға, қажетті оқу материалын жинақтауға дағдыланады, сабақта алған білімдері мен біліктіліктерін өзіндік еңбекте қолдана білуге жаттығады, өзін өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін меңгереді, оқудың әртүрлі амал-тәсілдерін қолдана отырып, өз бетінше баяндама жасауға дайындалады. Соның негізінде білім мен біліктілік өте берік меңгеріледі, оқушының ақыл-ой әрекетінің жеке дара дәстүрі қалыптасады.
Оқушының үйдегі оқу жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мынандай шарттары бар:
1. Үй тапсырмаларын бергенде мұғалім оларды орындаудың қандай тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануға болатыны туралы жақсылап нұсқау беруі қажет. 2 . Үйге берілетін тапсырмалар оқушыларды қызық-тыратындай болуы және өмірмен, олардың іс-тәжірибе-лерімен байланысты болғаны жөн.
3.Үй тапсырмасы оқушының бәріне бірдей бірыңғай мазмұнда емес, мүмкін болған жағдайда бірнеше нұсқада (вариант) болғаны пайдалы.
4.Үй тапсырмасының мазмұны шығармашылық сипатта болғаны жөн.
5 .Үйдегі оқу жұмысының табысты болуы, көбінесе сабақта мұғалімнің үй тапсырмасын орындау тәсілін оқушыларға тыңғылықты етіп түсіндіруіне байланысты.
6.Үй тапсырмасының көлемін белгілеуде мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерін ескергені жөн.
7 .Үй тапсырмасын тексеру және бағалау барысында мұғалім , оның орындалу сапасына айрықша мән беріп, жетістігі мен кемшілігіне оқушылар- дың назарын аударып отырғаны жөн.
Үй тапсырмасына даярлық – 2-3 мин.
Мұғалімнің берген бағасы әділетті болса онда ол оқушының ынтасын артырып, үй тапсырмасын тыңғылықты орындап отыруға септігін тигізеді.
Мұғалімнің бағалауы оқушылардың өзін-өзі бағалауымен ұштасып отырса ғана ол жемісті болмақ .Жоғарыда аталған шарттардың тиянақты орын-далуын ескеру мұғалімдер үшін аса қажет болмақ .Мұғалімдер тарапынан оқушыларға шамадан тыс үй тапсырмасын тапсыруды болдырмау және олардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерінің мүмкіншілігін ескеру мақсатын көздей отыра, оқу министрлігінің нұсқауы бойынша әр сыныпта үй тапсырмаларын орындауға берілген уақыт мөлшері мынандай болып белгіленген: