Пәнді оқытудың міндеттері:
- болашақ мамандарға биологиялық білім беру жүйесін; биология пәнінің орта мектептерге арналған оқу бағдарламалары мен оқулықтарының мазмұны мен оларды құру принциптерін; оқытуға қойылатын осы заманғы талаптар мен оларды іске асыру технологияларын меңгерту;
- биологияны оқытуда оқу-тәрбие үдерісін жүзеге асыру және пән бойынша элективті курстар мен сыныптан тыс сабақтарды өткізу біліктерін қалыптастыру;
- оқыту үдерісінде техникалық құралдарды және ақпараттық, компьютерлік технологияларды қолдана білуге үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |